Серебрякова Т.И., Воронин Н.С., Еленевкий А.Г. Ботаника с основами фитоценологи. Анатомия и морфология растений.- М., 2007.
Васильев А.Е. и др. Анатомия и морфология растений. М., 1988.
Рейвн П. и др. Современная ботаника. Т.1,2. М., 2001.
Эзау К. Анатомия семенных растений. Кн. 1,2. М., 1997.
Дәріс № 2 Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер, таралуы және оларды тиімді пайдалану
Дәріс жоспары:
Дәрілік өсімдіктердің шығу тарихы.
Халықтық және официальдық медицина.
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы.
Дәрі-дәрмектік өсімдіктердің фармакологиялық-терапиялық әсерлері бойынша жіктелуі.
Кіріспе.
Дәрі-дәрмектік өсімдіктер адамға өте ертеден белгілі болған. Адам жер бетінде пайда болғанға дейін, хайуандар кейбір өсімдіктердің емдік қасиеттерін «пайдаланған». Мысалы, мысықтар мен иттер ауырған жағдайда осы күнге шейін дәрі-дәрмектік қасиеттері белгісіз кейбір астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарын жейтіні белгілі.
Толық тексерілмеген мәліметтер бойынша хайуандардың кейбір организміндегі физиологиялық процестерге әсер ететін өсімдіктерді жейтіні белгілі. Кейінгі кезде кең тараған дәрі-дәрмектік өсімдік-левзея немесе марал тамырының (Маралий корень) аты оны Сібір бұғысы жейтіндіктен шыққан. Көктемде ол өсімдіктің тамырын қыстан әлсіреп шыққан бұғылар тұяқтарымен қазып жеп, әл жинайтын көрінеді.
Сол сияқты жараланған бұғылар қызыл қалампырды (красная гвоздика) жейтіндігін бурят аңшылары әңгіме қылып айтады. Ал қызыл қалампырды жергілікті бурят халықтары қан тоқтатқыш дәрі ретінде пайдаланады. Кофе ағашының дәндерін жеп, ешкілердің қозғанын байқап, демек кофе дәндерінің сергітетін және емдік қасиеті бар екендігін бірінші рет бақташы байқап, ашьы деген арабтарда аңыз бар.
Осы айтылғандарды ғылыми түрде тексерудің іс жүзінде маңызы зор. Шын мәнісінде хайуандар бізге осы күнге шейін белгісіз дәрі-дәрмектік өсімдіктер туралы мәліметтер беруі ықтимал. Осы мәліметтер ғылыми түрде дәлелденсе, олардың хайуандардың мінез-құлқын зерттеуде маңызы зор болар еді.
Ертедегі гректердің аңыздарында да дәрі-дәрмектік өсімдіктер туралы ескертіледі.
Өсімдіктер дүниесін классификациялаудағы алғашқы қадам.
Тірі организмдерді белгілі бір жүйеге келтіруді классификациялау дейді. Көне заманның, яғни алғашқы ботаниктерге немесе ең бірінші өсімдіктерді зерттеген ғалымдарға:
«Ризотомдар» (тамыр қазушылар)-дәрі-дәрмектік қажетке әртүрлі өсімдіктердің шикізатын (яғни тамырын) жинаушылар жатады.
«Геопониктер» (георгиктер)-қажетті өсімдіктер түрлерін өсіруге маманданушылар болды.
Аристотель (384-322) мен Платонның (427-347) шәкірті Теофраст (Феофаст Тиртам) біздің заманымыздан 371-286 жылдар бұрын өз отанының және басқа жерлердің 500-ден астам өсімдік түрлерін жинап, оларды зерттейді, яғни тұңғыш рет өсімдіктер классификациясын жасай бастайды. Ол барлық өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер деп жіктеді. Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктерді жапырақ түсіретін және мәңгі жасыл өсімдіктер, ал суда өсетін өсімдіктерді а) тұщы су өсімдіктері ; б) теңіз өсімдіктері деп бөлді.
Дәрі-дәрмектік өсімдіктермен таныстығын Гректер Кавказбен байланыстырады. Олар Кавказда «Артемида» құдайдың қамқорлығымен улы және дәрі-дәрмектік өсімдіктердің сиқыры бау-бақшасы болған деп жорамалдаған. Осы бау-бақшадан дәрі-дәрмектік өсімдіктер Грецияға әкелінген деп есептеген.
Бұл аңыз шын мәнісінде Кавказдан (Колхидадан) Грецияға әкелінген кейбір өсімдіктердің негізінде туған. Ертедегі гректер көптеген басқа халықтар сияқты, кейбір өсімдіктердің емдік қасиеттерін әртүрлі қиялдан туған түсініктермен байланыстырған.
Сондықтан да гректің «фармакон» деген сөзі тек қана дәрі деген мағынаны емес, сондай-ақ «дуалау» деген мағынаны береді. Басқа фармация, фармацевт, фармакогнозия, фармакопея және т.б. терминдер осы сөзден шыққан. Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді зерттеуде гректер көршілерінен және өздерінен бұрынғыларынан үлгі алды. Грек дәрігерлері Египет медицинасының дәрі-дәрмектермен мұқиятты түрде танысып, бірқатар дәрі-дәрмектік өсімдіктерді солардың үлгісімен пайдаланды.
Грек медицинасының негізін салушы болып Гиппократ есептеледі. Сол уақытағы бүкіл қолданылған ботаника,ұлы гректің философы аристотельдің оқушысы ботаника негізін қалаушы, Теофрастың «Өсімдік туралы зерттеулер» деген түпкілікті ғылыми еңбегінде тұжырымдалған.
Ол еңбек осы күнге дейін көптеген тілдерге аударылып жүр. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері сол уақыттағы гректерге белгілі болған. Олар өсімдіктерді соншалықты дәл сипаттап, суреттеген. Солардың сипаттамасы бойынша көпшілік өсімдіктерді қазіргі уақытта танып, ажыратуға болады. (Яғни сол сипаттамаларға сүйене отырып, қазіргі өсімдіктерді анықтауға болады).
Европа фамакогнозиясының негізін салушы деп, гректің дәрігенрі-Диоскорида саналады. Ол біздің дәуірдің бірінші ғасырында өмір сүрген. Ол өз дәуірінде қолданылған дәрі-дәрмектік өсімдіктердің сипаттамасын берді. Ал, оның «Materia medica» деп аталған шығармасы көптеген суреттермен жабдықталып, сол уақытта латын тіліне аударылды да, жүздеген жылдар бойы дәрігерлер мен фармацевтердің қолдан түсірмейтін кітабы болды.
Рим дәрігерлерінің ішінде үлкен атаққа Гален ие болды. Ол әрі дәрігер, әрі ғалым ретінде белгілі болды. Ол бірінші болып медицинада өсімдіктер тосабы мен тұнбасын (отвар, настой) пайдаланды. Галеннің шығармалары 7 ғасыр бойы Европа медицинасында беделді түрде пайдаланылды.
Шығыс медицинасының көрнекті өкілдерінің ішінде Абу-Али-Ибн-Синаны (Авиценнаны) атап өту керек. Мұның ұлты-тәжік. Оның «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» деген шығармасы тек араб дәрігерлері ғана емес, сондай-ақ Европа дәрігерлерінің ғасыр бойы қолдан түсірмейтін кітабы болды. Бұл кітапта Авиценна 900- ден аса дәрілерді және оны қолдану жолдарын сипаттады. Бұл кітап орыс тіліне де аударылған.
Адам физиологиясының мәліметтерімен адам организмінің мүшелерінің нақтылы анатомиясына және организмде жүретін биохимиялық процестердің негізінде 18 ғасырда ғылыми медицина пайда болды да, қазіргі уақытта әрі қарай дамуын жалғастырды.
Бұрын медицина деп аталғанның бәрі жәй тәжірибеден шыққан эмпирикалық (сезімдік тәжірибе) әдістерінің жиынтығы болды, бірақ организмдегі қарапайым физиологиялық процестерге сүйенбеді. Ресми эмпирикалық медицина жүйесінен басқа (грек-египет дәстүрінен басталатын) индиялық, тибеттік және қытай медицинасы да бар.
Қытай медицинасы-өзіндік ерекшелігі бар екінші эмпирикалық медицина жүйесі. Қытай медицинасының өзіндік ерекшелігі көп. Басқа елдердің медицинасына белгісіз дәрілермен емдеу тәсілдері Қытай медицинасында өте көп қолданылады.
Сонымен халықтық-эмпирикалық медицина дегеніміз- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәжірибеге сүйенген медицина. Бұл ғылыми эксперименттерге, физиологияға, фармакологияға және терапияға сүйенбейді. Эмпирикалық медицинаның өкілдері аурудың қайдан шыққанын, дәрілердің аурудың организміне қалай әсер ететінін білмейді.
Сондықтан да олар организмді емес, аурудың кейбір белгілерін (симптомдарын) емдейді. Мысалы, бас ауыру, жөтел, қызу т.б. емдейді. Бұдан басқа традициялық (традиционная) немесе әдет-ғұрыптық медицина бар. Бұған индиялық, қытайдың, тибеттің т.б. медициналары жатады.Бұл медицина халық медицинасынан жоғары тұрады. Себебі бұл медицина тек жергілікті мәліметтерді ғана емес, сондай-ақ, басқа елдерде жиналған мәліметтерді де пайдаланып, оларды талдап, қорытындылауға талпынады.
Эмпирикалық немесе адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген халық медицинасының емшілері дәрі-дәрмектік өсімдіктердің түсіне, дәміне, иісіне аса көп көңіл аударған. Мысалы, егер өсімдіктің гүлі мен тамыры сары түсті болып келсе, ондай өсімдіктерді бауырдың сары ауруын емдеуге қолданған. Мұндай өсімдіктерге сүйел шө (мұның шырыны сары түсті), қырмызы гүл, құмдық салаубас т.б. жатады, бұл өсімдіктер өт қабының қабынған ауруларын емдеуге қолданылады.
Қытайдың халық медицинасында қышқыл дәмдә өсімдіктерді сынықты емдеуге қолданған, яғни сүйекті, бұлшық етті нығайту, бекітуге көмектеседі деп есептейді, ал өсімдіктердің дәмі тәтті болса, ондай өсімдіктер адамды әлдендіруге, күш-қуатын жинауға көмектеседі деп есептейді.
Бұған мысалы жень-шень өсімдігі жатады, ал ащы дәмді өсімдіктер адамның қызуын төмендетеді, жалпы организмнің тонусын көтереді, өттің жақсы бөлінуіне көмектеседі, ал егерде өсімдікті жай шайнап көргенде тұзды дәм (ащылау) білінсе, онда бұндай дәрілік өсімдіктер адамның тәбетін ашу үшін, асқазанның жұмысын жақсарту, нығайту үшін қолданылады; егерде дәрілік өсімдіктің дәмі ауызды қуыратын (терпкий) болса, онда бұндай өсімдіктер адамның тәбетін арттырады, тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседіғ т.б. осындай қасиеттеріне қарап та дәрілік өсімдіктерді тек тәуіптер ғана емес, аурулардың өздері де қолданған.
Әдеби деректерге қарағанда қытайдың халықтық медицинасында дәрілік өсімдіктермен емдеу кең таралған, оны қытайдың «Бэн-цяо-ган-му» деген фармакопеядағы жазылған 1094 түрлі өсімдіктерден алынған дәрілік препараттардың халық арасында әлдеқашаннан бері ертеден бері пайдалатындығы осының айғағы болып есептеледі. Демек, қытай халқы дәрілік қсімдіктерді ертеден-ақ танып, олардың емдік қасиеттерін танып, қолдана білген.