Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Мақал-мәтелдердің өзара айырмашылықтары



бет14/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)
6 топ КАСИМОВ
Мақал-мәтелдердің өзара айырмашылықтары.
Қазақ мақалдарының өзіне тән негізгі бір ерекшелігі-аз сөзбен, көп мағына беретіндігінде. «Аз сөз –алтын, көп сөз - көмір» деп отырып, халық өз мақалдарында мазмұнды әңгіменің «тобықтай түйінін» береді, ой-пікірін, көзқарасын әрі терең, әрі ашық айтады. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптауы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ өзара айырмашылығы – олардың мазмұнында.
Мақал – халық поэзиясының жанрлық түрі, түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз. Мақалдың тікелей мағынасы нақтылы өмір жағдайынан туған байлам, қорытынды-түйін болады да, ал сол жағдайға ұқсас басқа өмір құбылыстарына да қаратып айтылу мүмкіндігі оның астарлы, ауыспалы мәнін кеңейте түседі. Мысалы, «Соқыр тауыққа бәрі бидай» немесе «Шабан үйрек бұрын ұшар» деген мақалдар адам өміріне жанастырылып айтылады. Ал нақыл сөз түріндегі «Өнер алды-қызыл тіл», «Өз елің – алтын бесігің», «Ақыл – тозбас тон, білім – таусылмас кен» деген секілді мақалдарды алсақ, ойды ұтымды, ұтқыр, тілге орамды, жарасымды етіп жеткізуімен құнды.Кейде мақал ғибратты мағыналы нақыл сөз түрінде келеді. Мысалы: «Күлме досқа, келер басқа», «Ойнап сөйлесең де, ойлар сөйле».
Мақал қоғамдық өмірдің сан алуан құбылыстарын кеңінен қамтиды, тақырыбы мейлінше бай, жан-жақты келеді. Адамгершілік, әділдік, еркіндік, еңбексүйгіштік, өнерді, білімді, ана тілін жоғары бағалау секілді аса маңызды әлеуметтік идеялар, халықтың мүддесі, тілек-талаптары мақалдарда айқын көрініс тапқан.
Мақалдың танымдық, тәрбиелік мәні зор. Мақал ықшамды, мағыналы, тілі көркем, бейнелі және мейлінше қарапайым, көңілге қонымды болғандықтан, есте сақтауға, айтуға жеңіл келеді.Мақалда сөздің ырғағы келісті, көбінесе өлеңдік өрнектерге сәйкес келеді. Орнын тауып айтылса, мақал сөздің мәнін күшейтіп, айтылатын ойға ажар береді. «Сөздің көркі – мақал» деген тегін айтылмаған.
Мақалдарға тән ерекшеліктің бірі — оның құрылысында. Мақалдар көбінесе, бір сөйлемнен құрылады “Кеңесті ел— кемімес”, “Тіл — қылыштан өткір”, “Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады” т.б.). Осындай бір сөйлем арқылы-ақ мағынасы терең, мазмұнды әңгімелерді жеткізе алады.
Мақалдардың құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір сөзді қайталаушылық, сөз ұйқасымы айрықша орын алады. Мақалды бұлай етіп құру, оның мазмұнын тереңдете түсумен қатар, айтылатын негізгі ойды көркемдеп жеткізуге себепкер болады, соған көңіл аударады. “Болған іске болаттай берік бол”, “Үміт — үзілмес”, “Ерлік — елдің сыны”, “Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емес” дегендерден дыбыс қайталаушылықтың, дыбыс үндестігінің үлгілерін көреміз.
Мақалдың сөз саптауы олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинақы, ықшам келеді. Айтылатын пікір, жасалатын қорытынды, берілетін баға толық дәлелденген, шыңдалып шынайыланған, жанылып өткірленген болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет