|
Байланысты: Емханалық хирургия Оқыту әдістері
Дәрістер – қарастырылмаған.
Тәжірибелік сабақтар:
Тақырыптық және клиникалық талқылау.
Тәжірбиелік дағдыларды оқытушының бақылауымен орындау.
Оқытушының бақылауымен медициналық құжаттарды, электронды құжаттарды базаға енгізу.
Семинарлық сабақ.
- білімгер науқасты курациялауы және ауру тарихына эксперттік баға беру.
Дәрігер тәжірибесінде кездесетін әр түрлі клиникалық және психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған іскерлік ойын өткізу.
Таңертеңгілік дәрігерлік конференцияда стационардағы кезекшілік бойынша есеп беру (айына 4 реттен көп емес).
Оқытушы бақылауымен білімгердің өзіндік жұмысы (ОБРӨЖ):
Дәрігерлік, ғылыми-практикалық, патолого-анатомиялық конференция, клиникалық талдауларына қатысу;
Стационардың бөлімшесінің және қабылдау бөлімінің жұмысы (науқас курациясы, медициналық құжаттар, емдеу процедурасы, диагностикасы);
Диагностикалық кабинет пен бөлімшенің жұмысы (УЗИ лаборатория, рентген кабинет, процедура т.б.);
Мамандандырылған кабинеттің жұмысы (рентген кабинет, компьютерлі томография, ЭФГДС, УДЗ т.б. бөлімшедегі функционалық диагностикасы т.б.);
Медициналық құжаттарды жүргізу (науқасты ауруханадан шығару және қайтыс болу эпикризін, сырқатнама толтыру);
Науқастарды клиникалық талдауға, профессор, доцент, бөлімше меңгерушісімен қарауға дайындау;
Дәрігерлік конференцияда тақырыптық хабарландыруларды оқу, кафедрада ИҒЖ қатысу;
Жалпы хирургия қоғамының жұмысына қатысу;
Ғылыми конференцияға белсенді қатысу;
Тәжірибелік дәрігердің міндетіне кіретін санитарлық ағарту жұмыстарын орындау.
Білімгердің өзіндік жұмысы (РӨЖ)
Санитарлық- ағарту жұмыстарына қатысу;
Ғылыми әдебиеттерді оқу және әріптестерін таныстыру;
Өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар және реферат дайындау, оқу;
Медициналық статистиканың математика негіздерін меңгеру;
Персональды компьютермен жұмыс жасау;
Кітапханада және интернет- бөлмеде жұмыс жасау.
Ескертпе:
Емдік жұмысы: дәрігер-резидент дәрігер-ординатордың көмекшісі ретінде науқастарды жүргізуі керек.
Резидент кафедрада ұйымдастыруы тиіс:
1-2 семинар
1-2 тақырыптық және клиникалық талдау
ғылыми-практикалық конференцияға 1баяндама жасау
1 ауру тарихына эксперттік баға беру
бөлім меңгерушісі мен оқытушы дәрігер-резиденттің курациялаған науқастың ауру тарихына эксперттік баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|