№
|
Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі
|
Жүргізу тәсілі:
|
1
|
Аллергеннің организмге түсуін тоқтату
|
Дәрілік препараттарды енгізуді тоқтату, жәндіктен қалған қалдықтарды алып тастау. Дәрілер енгізген немесе жәндік шаққан орыннан жоғары мүмкіндігінше бұрау (жгут) салу.
|
2
|
ABCDЕ жүйесі бойынша науқастың жағдайын бағалау
D-disability (сананың болмауы).
C-circulation (қан айналымы).
|
Сана деңгейін бағалаңыз. Егер науқастың санасы сақталған болса, "Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?" – деп сұраңыз, егер жауап болмаса, тыныс алу проблемалары болуы мүмкін;
Пульстің жиілігін, симметриялылығын, ырғағын, толымдылығын, кернеуін және пульстік толқын пішінін есептеңіз
АҚҚ өлшеу. Мүмкіндігінше мониторға қосыңыз немесе әр 2-5 минут сайын қолмен бақылаңыз.
|
3
|
А-airway (тыныс алу жолдары).
В – breathing (тыныс алу).
E-exposure (экспозиция).
|
Тыныс алу жолдарын кедергіге тексеріңіз (қажет болған жағдайда ауыз қуысын шырыштан, құсу массасынан, протезден тазартыңыз).
ТАЖ есептеу. Тыныс алудың тереңдігі мен ырғағын, екі жағынан да тыныс алудың біркелкілігін бағалаңыз.
Науқастың денесінің барлық қол жетімді жерлерін тексеріңіз, өйткені тері мен шырышты қабаттардағы өзгерістер анық болмауы мүмкін.
|
4
|
Венаішілік қолымжетімділікті қамтамасыз ету
|
Перифериялық веналарға катетеризация
|
|