Білім беру бағдарламасы Бакалавриат, жоғары мамандандырылған арнайы білім, интернатура Шифр мен мамандықтың атауы



бет9/17
Дата21.12.2022
өлшемі113,6 Kb.
#163847
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
7 - Симуляциялық курс «Шұғыл жағдайлар» на 2022-23 (1)

Сафар үштігін жасау:
Басын шалқайту, төменгі жақты жоғары көтеру, аузын ашу

Сол қолыңызбен маңдай-төбе аймағын бекітіп, оң қолыңызбен мойнынан ұстап басын шалқайту, маңдай-төбе аймағын бекіте отырып төменгі жағын жоғары көтеріп, аузын ашу

Өкпеге жасанды желдендіру жүргізу

8.

Пациенттің мұрнын (аузын) жабу;
Тыныс жолдарына ауа жіберу;
Компрессия мен ауа беру қатынасы 30:2

Сол қолды маңдай-төбе аймағынан алмай, оң қолмен бір реттік дәкені аузына орналастырып, сол қолдың бірінші және екінші саусағымен мұрнын қысу;
Кеуде қуысы көтерілетіндей етіп бірден ауа жіберу;
Екінші рет ауа беру кеуде қуысында экскурсия байқағаннан кейін жасалады;
Компрессия мен ауа берудің арақатынасы 30:2
(техника бұзылған жағдайда бұл қадам орындалмаған деп есептеледі)

9.

Жүрек-өкпе реанимациясының 1 периодын жасау

ЖӨР 1 периодын жасау – ЖӨР 5 циклын 2 мин ішінде жүргізу

10.

ЖӨР нәтижесін анықтау

Ұйқы артериясынан пульсті анықтау



"Жедел коронарлық синдром кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету"






Қадамдар

Әрекеттер алгоритмі

1

Науқаспен байланыс орнатыңыз.
Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас жасау

Пациентпен амандасып, өзін таныстырды. Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас көрсетті



2

Науқастың шағымдарын сұраңыз:

  • Ауырсынудың локализациясын;

  • иррадиацияны;

  • ауырсынудың ұзақтығын;

  • ауырсынудың себебін;

  • Ауырсынуды немен басқанын

Стандартты пациенттен (бұдан әрі – СП )шағымдарды сұрады:
СП тән қимылдарды көрсетуі мүмкін - Левин симптомы: галстукты қысқандай кеуденің тұсында жұдырығын қысып ұстап көрсетуі
Ауырсынудың сипаты туралы сұраңыз-басып,қысып,шаншып, күйдіріп ауру және т. б
Ауырсыну қай жерде таралады - сол қол, жауырын астына, төменгі жаққа және т. б
Қанша уақытқа созылады және ұқсас жағдайлар бұрын болған ба? (минутпен, сағатпен);
Ауырсынудың пайда болуын немен байланыстырады? Себебі (физикалық күш түсу, стресстік жағдай);
Ауру сезімін басу мақсатында препараттар қабылдады ма? Қабылдаса қандай препарат? Неше рет қабылдады?Сонғысын қашан қабылдады?

3

Қосымша шағымдарды нақтылау

Ауырсынудан бөлек тағы қандай шағымдары бар? (суық жабысқақ тер, өлім қорқынышы, ауаның жетіспеушілігі, жүрек соғысының жиілеуі, әлсіздіктің және т. б. болуы миокард инфарктісінің ауырсынусыз түрінде сұрау өте маңызды

4

Аурудың анамнезін нақтылау

Осындай жағдай бірінші рет болып тұр ма әлде жиі қайталанып тұра ма
Ауру қашан және қалай басталды, қалай емделді, ауруханада жатып ем қабылдайды ма және т. б

5

Өмір анамнезін нақтылау

Басқа созылмалы аурулар,зиянды әдеттер; Аллергоанамнез; тұқым қуалаушылық аурулары; жұмыс сипаты және т. б.

6

Жедел ауырсыну синдромын басу

Егер пациент бұрын нитраттарды қабылдамаған болса, пациентке АҚ бақылауымен әрбір 10-15 минут сайын тіл астына 0,5 мг нитроглицерин таблеткасын немесе 0,4 мг (1 доза) изокет спрейін тіластына беруге болады, жанама әсердің дамуына байланысты 3 реттен артық бермеген дұрыс.

7

Қарап-тексеруге келісімін алып, артериалды қан қысымын өлшеу*



Келісім алғаннан кейін қолын антисептикпен өңдеп , бір реттік қолғап киді
Науқасқа қан қысымын өлшеу барысында сөйлемеуін өтініп, өлшегеннен кейін барлық сұрақтарға жауап беретіндігін айтып түсіндірді . Қысымды екі қолдан да өлшеу керек.
Коротков әдісі бойынша қан қысымын қалай өлшеу керектігін түсіндірді: манжет иықтың 2/3 бөлігіне, арасынан 1-2 саусақ өтетіндей , шынтақ ойысынан 2 см жоғары, жүрек деңгейінде орналасуы керек.
Радиалды артериядан пульсті пальпаторлы тауып, пульс жоғалғанша манжетті үрлейді. Сенімділік үшін манжетке қосымша 10-15 мм рт ст ауа толтырса болады. Фонендоскоптың мембранасын шынтақ ойысына орналастырып Коротков тондарын тыңдау керек. Коротковтың алғашқы тонының пайда болуы – систолалық қан қысымы , соңғы тон-диастолалық қан қысымын білдіреді
Тапсырма бойынша науқаста қан қысымы деңгейін айтты.

8

Артериялық пульсті өлшеу*

Артериялық пульсті екі қолдан өлшеу керек.
Емтихан тапсырушы интерн пульсті өлшеу процесін көрсетеді және сипаттайды: пульс бастапқыда екі қолмен өлшенеді. Егер пульс симметриялы болса, онда одан әрі өлшеу бір қолдан жалғасады. Пульстің сипаттын айту: ырғағы, жиілігі, толымдылығы, кернеуі, биіктігі. Егер пульс ырғақты болса, онда 30 секунд өлшенеді және 2-ге көбейтіледі. Егер аритмиялық болса, онда 1 минут толық өлшенеді.

9

Жүрек аускультациясын жүргізу*



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет