Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы



бет12/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Индикаторлы нутромермен өлшеу
1. Номиналды өлшемге арналған индикаторлы нутромердің қондырғысы өлшеу алдында нутромерді жинайды: түтікті корпустың 4 (4.3 а сурет) жоғарғы бөлігіне индикатор 7 қойылады және индикатордың үлкен тілшесі 1 айналым жасағаннан кейін жібереді, содан кейін индикаторды сол бағытта бұранда 8 арқылы бекітеді.
Өлшеу бастарының саңылауына өлшеу саңылауының номиналды өлшемге сай келетін алмалы-салмалы өлшеу өзек ұштық 10 бұралады. Содан кейін ұзындық өлшемінің шеткі жазық параллельді табақшаларынан өлшеу саңылауының номиналды өлшеміне жинайды, өлшеу кезінде индикаторлы нутромерге ауытқулары жазылып отырылады.
2. Ұзындық өлшемі.
Ұзындық өлшемі – бұл тұрақты ұзындығы бар жоғары дәлдікпен жасалған өлшеу құралы.
Ұзындық өлшемі машина бөлшектерін және құралдардың өлшенетін өлшемдерімен салыстыратын бастапқы өлшем болып табылады.
Ұзындық өлшемінің құрылымы бойынша шекті және штрихты болып бөлінеді. Штрихты ұзындық өлшемі – интервалдары жоғарғы дәлдікті шкалаға белгіленген көпмәнді өлшем.
Шекті ұзындық өлшемі (ШҰӨ) – бұл өлшемі қарама-қарсы өлшенетін беттері болып табылатын бірмәнді өлшем.
Олардың өлшем беттері жақсы жазықтықты, өзара параллельді және кедір-бұдырлығы аз болуы оның ШҰӨ ерекшелігі болып табылады. Бұл қасиеттер кез-келген жерде берілген өлшем үшін өлшеу беттері арасындағы бірдей ара қашықтықпен қамтамасыз етеді, яғни 1 нүктеден бір өлшеу бетінен екіншісіне түсірілген перпендикулярлар ұзындықтары бірдей.
Бұл ШҰӨ қасиеттері бір өлшемнің екінші өлшемге берік тіркесуін қамтамасыз етеді және жеке өлшемдерден ШҰӨ блогын құруға көмектеседі. Өлшемдер арасындағы тіркесу күші сондай берік, 100 мм-ге дейінгі жалпы ұзындықты блокты қосымша бекітпесіз қолданады.
Ұзындығы 0,1-ден 100 мм-ге дейінгі ШҰӨ үшін тұтас қалып дайындайды. Ал, 100 мм-ден жоғары болса, 2 саңылаумен. Барлық ШҰӨ құрылымы жалпы бірдей – бұл 2 жазық параллельді өлшеу беттері бар табақша.
Жазық параллельді ШҰӨ цилиндрлік өзек немесе тікбұрышты параллелепипед – плитка сияқты болады.
ШҰӨ жасау үшін қолданылатын материал хромды шыныққан болат және де ВК6М қатты қоспа. Жазық параллельді шеткі өлшем тегістеуге және қосындыға ұшырайды. Минималды кедір-бұдырлығына байланысты плитка бір-біріне үйкес қасиетіне ие. Үйкелу плитка жазықтығы мен өте жұқа (0,02 мкм дейін) майлы қабықша арасындағы молекулярды тіркеумен түсіндіріледі және бұл таза бензинмен жуғаннан кейін, сонымен қатар таза құрғақ металлмен сүрткеннен кейін де сақталады. Бір-біріне үйкелген плиткалар тұтас блокты құрады.
Шекті өлшемдер үлгілі және жұмыстық болып бөлінеді. Үлгілік ұзындық өлшемі жарық толқын ұзындығынан бұйымға дейін өлшемдерді беру үшін қызмет атқарады. Өндірісте ең көп тараған шекті өлшем – болатты тікбұрышты плитка немесе 2 параллельді беттері бар цилиндрлік өзек. Әрбір плитка тек бір ғана өлшемді көрсетеді, мысалы, 20; 3,5; 1,27 немесе 1,007 мм.
Жазық параллельді шеткі ұзындық өлшем көмегімен тексеруді градуировка немесе басқа аспап және құралдар орнатуды жүргізеді. Үлгілік плитка арқылы басқа өлшеу құралдың тексеруімен градуировкасын іске асырады, ал бұйымды өлшеуді, оларды бақылауды – жұмыс плиткалары арқылы ұзындық өлшеу құралдың нақтылығын тексергенде тексерілетін аспаппен шеткі ұзындық өлшемін өлшейді. Тексерілетін өлшем құралдың көрсеткіштерін санағаннан кейін тексеруші оны оның аттестаттауы бойынша ұзындық өлшемімен салыстырады және олардың арасындағы айырмашылықты санайды, бұл тексерілетін өлшем құрылының қателігі болып табылады.
ШҰӨ- нің жасау дәлдігіне байланысты оны 4 дәлдік кластарына бөледі: 0; 1; 2; 3.
Ұзындық пен жазық параллельдінің жіберілетін шеткі ауытқулары 4.4 кестеде берілген.
4.4 кесте - ұзындық пен жазық параллельдінің жіберілетін шеткі ауытқулары



Дәлдік кластары

Ауытқудың жіберілетін шектері, мкм

ұзындықтан

жазықпараллельдіктен

0

± (0,1 + 2 L)

± (0,09 + 0,25 L)

1

± (0,2 + 3,5 L)

± (0,16 + 0,40 L)

2

± (0,5 + 5 L)

± (0,30 + 0,70 L)

3

± (1,0 + 10 L)

± (0,30 + 70 L)

Ескерту. L – ұзындықтың номинальді өлшемі, м

Жұқа шеткі өлшем жасаған кезде сәл қисық болып шығады. Сол себептен бұл өлшемдер үшін жазықтықтан еркін жағдайда жіберілетін ауытқулары анықталған. Ұзындық өлшемі 0,4-тен 3 мм-ге дейінгі жазықтықтан ауытқулар үшін 0,3-3 мкм аралығында.


Шеткі өлшем блогын 5 өлшемнен көп жинауға болмайды, әйткенде ол өте үлкен қателікке ие болады. Шеткі өлшеммен жұмыс істегенде абай болу керек, жұмыс беттерін бүлдіріп алмау үшін плиткаларды маталы салфеткалармен алуды ұсынады. Шеткі өлшемдерді 5,5 мм көп жұмыс беттерімен үстелге қоюға және жұмыс беттерін жұмыс еместерге үйкелеуге болмайды. Шеткі өлшемдерді өлшегеннен кейін оны таза бензинмен жуу керек, қышқылсыз вазелинді жағу керек және өз орындарына футлярға қою керек.
ШҰӨ қолданғанда бұл өлшемге арналған саймандарды пайдалану керек. Саймандар бұндай атаулармен шығарылады: өлшейтін ауытқулары бар шеткі өлшем жинағы және белгілейтін. Атауларына байланысты жинақтарды жинақтайды: ұстағыштармен; плиткаға өлшемді орнықтыратын негізділермен; боковиктілермен; саңылаулары бар шеткі өлшемдер блогындағы байланыс үшін түйіліш (стяжка).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет