Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы



бет17/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Өлшеу құралдары
Зертханалық жұмыстың мақсаты

Механикалық және оптикалық өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу тәжірибелік дағдыларын үйрену.


Негізгі теориялық ережелер

Өлшеу құралдары – өлшеу барысында қолданылатын және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдар.


Өлшем – берілген өлшемнің физикалық шамасын көрсету үшін қолданылатын өлшеу құралы. Мысалы: гирь – салмақ өлшемі.
Өлшеу аспаптары – бақылаушыға өлшеу ақпаратын ыңғайлы түрде беретін өлшеу құралдары.
Қолдану аймағына қарай өлшеу аспаптары универсалды және мамандандырылған болып екіге бөлінеді. Универсалды өлшеу аспаптары түрлі бұйымның біртекті физикалық шамаларын өлшеу үшін арналған, ал мамандандырылған өлшеу аспаптары бұйымның жеке түрлерін ( мысалы тісті дөңгелектер өлшемі) немесе бұйымның жеке параметрлерін (мысалы кедір-бұдырлығы, беткі пішіннің ауытқуы ) өлшеу үшін қолданылады.

Құрылысы бойынша сызықтық өлшеулер үшін универсалды аспаптардың келесі түрлері бар:


1) штангенаспаптар – нониуспен жабдықталған штрихты аспаптар.
2) микрометрлік аспаптар - микрометрлік/винттік жұптардың (микрометрлер, микрометрлік тереңдік-өлшеуіш және нутромерлер) қолданылуына негізделген аспаптар.
3) рычагты-механикалық аспаптар, олар механизм типіне байланысты рычагты (миниметрлер); тісті (сағат типті индикаторлар); рычагты-тісті (индикаторлар немесе микрометрлер); серіппелі (микрокаторлар мен микаторлар); рычагты-серіппелі (миникаторлар)
4) оптикалық-механикалық – геометриялық оптиканы немесе жарық шоқтарының когерентті интерференция құбылысын қолдануға негізделген құралдар (аспаптық және универсалды микроскоптар , оптиметрлер, проекторлар, байланыс интерферометрлері )
Сонымен қатар машина жасау саласында сызықтық және бұрыштық өлшеулер үшін жұмыстың басқа принциптеріне негізделген – жарықтың лазерлік көздері қолданылатын пневматикалық, электрлік және оптикалық-механикалық өлшеу аспаптары кең қолданылады.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырма


Тапсырма 1. Жұмыстық ұзындық пен диаметр өлшеу құралдары (штангенциркуль, микрометр)


Тапсырма 2. Жұмыстық массалық өндіріс кезіндегі сыртқы және ішкі диаметрлерді өлшеу құралдары (калибр-қапсырма, калибр-тығын)
Тапсырма 3. Жұмыстық арнайы қолданыстағы өлшеу құралдары (штангентісөлшеуіш ).
Тапсырма 4. Үлгілік ұзындық пен диаметр өлшеу құралдарын тексеруге арналған өлшеу құралдары (жазықпараллель ақырғы ұзындық өлшемдері).
Тапсырма 5. Аспаптарды өлшеу және тексеруге арналған оптикалық өлшеу құралдары
( тік оптиметр мен аспаптық микроскоп).
Тапсырма 6. Амперметр щитті Э378 №849391, амперметр Э378 № 614418
Қажет:
а) Оқулықтар мен ГОСТ 8.009-72, ГОСТ 8.382-80 және ГОСТ 8.401-80 материалдарымен танысу;
б) болу керек:
ГОСТ 166-80 бойынша штангенциркуль;
ГОСТ 6507-78 бойынша микрометр;
ГОСТ 16776 -71 бойынша калибр-қапсырма;
ГОСТ 16780-71 бойынша калибр-тығын;
ГОСТ 9038- 83 бойынша жазықпараллель ақырғы ұзындық өлшемдері (жинағы);
ГОСТ 5368-81 бойынша Ш3-18 типті штангентісөлшеуіш;
ГОСТ 5405-75 бойынша тік оптиметр;
ГОСТ 8074-82 бойынша аспаптық микроскоп.
Жұмыс тапсырмасы келесі ретте орындалады:
өлшеу құралдары мен олардың құрамдық элементтерінің құрылысымен танысу;
нормативті-техникалық құжатты зерттейді, бұл НТҚ бойынша берілген аспап жасалады;
өлшеу құралдарының маркіленуі қарастырылады және нақтылық дәрежесі мен шектері, сонымен қатар дайындаушы-зауыт белгіленеді;
қолдану аймағы және өлшеу құралдары жұмысқа даярлау әдістемесі анықталады.
Жоғарыда келтірілген жұмыстар орындалған соң әрбір өлшеу құралына келесі түрдегі есеп беріледі.



  1. Аты, техникалық деректер мен қолдану аймағы

№№
р.с.

ӨҚ атауы

Үлгілік немесе жұмыстық

ӨҚ жасалатын НТҚ

Дайындаушы-зауыт

Қолдану аймағы






















  1. ӨҚ эскиздері

  2. ӨҚ метрологиялық сипаттамалары

№№ р.с.

Атауы

Өлшеу бірлігі

Шектері

Бөлім бағасы

Дәлдік класы

Шартты белгілер

нб

нм




























  1. ӨҚ жұмысқа даярлау әдістері

№№
р.с.

ӨҚ атауы

Даярлау әдістері














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет