Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


Индикаторлық нутромермен өлшеу. Жалпы мағлұматтар



бет10/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

Индикаторлық нутромермен өлшеу. Жалпы мағлұматтар
Индикаторлық нутромерлер ішкі өлшемдерді және диаметрлерінің шегі 3-1000 мм дейінгі саңылаулардың 500 мм-ге дейінгі тереңдіктерін өлшеу үшін арналған. Олардың құрылмасы алуан түрлі. Алмалы-салмалы санаулы қондырғысы бар индикаторлық нутромерлер – сағаттық типті индикаторлар кең қолдану тапты. Олар машина жасау, құрал жасау және өндірістің басқа салаларында қолданылады.
50-100 мм өлшеу диапазоны бар 1 дәлдік класқа жататын нутромерлер белгіленуінің үлгісі: нутромер НИ 50-100- 1 ГОСТ 868-82 бөлу құны 0,01 мм индикаторлық нутромерлер. Техникалық шарттар.


Сағаттық типті индикатордың жұмыс істеу тәртібі және қондырғысы
Сағаттық типті индикатор (4.1 сурет) абсолютті және салыстырмалы тәсіл арқылы сызықты өлшемдерді және де берілген геометриялық пішіннен – сопақ, огранка, түзу сызықты, бөлшек бетінің өзара орналасуыжәне т.б. өлшемінің ауытқуын өлшеу үшін қолданылады. Оларды өлшеммен салыстыру тәсілі арқылы өлшеуге қолданады.
Сағат типті индикатор 0,01 мм бөлу құнымен келесі негізгі түрлері бар: ИЧ 02, ИЧ 05, ИЧ 10, ИЧ 25, олардың өлшеу диапазоны сәйкесінше 0-2, 0-5, 0-10, 0-25 мм. Сағат типті индикатордың жұмыс істеу принципі өлшеу өзегінің 1 түсетін жылжуын тілшенің 8 айналмалы қозғалысына берілу механизмі арқылы орындалатын түрлендіруге негізделген (4.1 б сурет).
Сағат типті индикатордың құрылмасы (4.1 сурет) көлденең жылжитын ұштығы бар өлшеу басынан тұрады.
Ішінде түрлендіруші механизм – речно-тісті беріліс орнатылған корпус 13 индикатордың негізі болып табылатын корпус 13 арқылы ұштығы 4 бар өлшеу өзегі 1 өтеді.


а) жалпы түрі, б) тісті беріліс сұлбасы


4.1 сурет – сағат типті индикаторлық қондырғы


Өзекте рейка кесілген. Өлшеу өзегі – рейка 1 қозғалысы тісті дөңгелектермен - реечті 5, берілісті 7 және қозғалмалы 9 негізгі тілшеге 8 беріледі, бұрылыс өлшемі айналмалы шкала – циферблат арқылы саналады, айналым тілшесінің 8 сандық көрсеткіші 6.
"0" келтіру үшін дөңгелек шкаланы ободокпен 2 бұрады.
Тісті механизмінің берілісті қатынасы балай орындалады: өлшеу өзегі l= 1 мм ара қашықтықта жылжығанда тілше толық айналым жасайды, ал көрсеткіш 1 бөліндіге (1 мм) бұралады. Сағат типті индикатордың (4.1 а сурет) циферблаттың дөңгелек шкаласы 100 бөліндіден n= 100 тұрады, әр бөліндінің құны – 0,01 мм. Бұл өлшеу ұштығы 0,01 мм жылжығанда индикатор тілшесі бір бөлінді шкаласына орын ауысумен түсіндіріледі. Циферблат шкаласының бөлу құнын келесі формула арқылы анықтайды:
с=1/n
мұндағы: 1 - өлшеу өзегінің орын ауысытру өлшемі;
n – сағат типті индикатор шкаласындағы бөлінді саны.
Циферблатта 2 дөңгелек шкала бар: бірі бөлінділерді оңға қарай 0-ден 100-ге дейін санайды, келесісі бөлінділерді солға қарай 0-ден 100-ге дейін санайды, индикатордың теріс және оң көрсеткіштерін алуға арналған.
Индикатор көрсеткіштерінің негізгі қателігі және көрсеткіш пәрмені 4.1 кестеде көрсетілген мәндерден жоғары болмауы керек.
Сағат типті индикатордың негізгі метрологиялық сипаттамалары 4.2 кестеде көрсетілген.

4.1 кесте – сағат типті индикатордың негізгі қателіктерінің шектері, мкм





Дәлдік кластары

Жіберілетін негізгі қателіктер (мкм) шектері

Кері жүріс қателігі, мкм

Көрсеткіштер пәрмені,
мкм

0,1 мм кез-келген шкала аймағында

1 мм шкала аймағында

өлшеудің толық шегі

0

4

8

10

2

3


1

6

10

12

3

Индикатордың берліген аймақ шегіндегі негізгі қателігі ретінде өлшеу өзегінің тура және кері жүрісі кезіндегі ең жоғарғы абсолюттік қателік (оң және теріс) соммасы қабылданады.


Кері жүріс қателігі ретінде өлшеу өзегінің қозғалыс бағытын өлшегендегі қателікті түсінеді.
Сағат типті индикатордың жұмысы алдында нөлдік қондырғыны тексеру керек. Бұл үшін өлшеу өзегіне хабарлаймыз. Тарту 15-20 бөлінді және ободок бұрылысымен шкаланың нөлдік штрихын тілшемен теңестіреміз.
Көрсеткіштердің тұрақтылығын тексеру үшін өлшеу өзегін 2-3 рет 1-2 мм биіктікке көтереміз және оны түсіреміз. Егер тілше нөлдік жағдаймен сай келмесе, онда оны қайта шкаланың нөлдік штрихымен қиыстырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет