Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ПӘннің ОҚУ-Әдiстемелiк кешені нұр-Сұлтан 2022 Құрастырушы


*Келісілді: Кафедра меңгерушісі



бет2/27
Дата19.05.2022
өлшемі9,05 Mb.
#143938
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Метрология каз

*Келісілді:


Кафедра меңгерушісі______________ ____ Байхожаева Б.У., т.ғ.д., профессор___
(қолы) (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні, әкесінің аты)
* ПОӘК мазмұны бітіруші кафедрамен келісіледі.

Мазмұны



апта

модуль

Зертханалық сабақтар тақырыптарының атауы

Сағат саны

1

1

Штангенинструментпен сызықтық мөлшерлерді өлшеу және бақылау

3

2

1

Штангенинструментпен сызықтық мөлшерлерді өлшеу және бақылау

3

3

1

Орта температурасын өлшеу

3

4

1

Индикаторлық нутромермен сызықтық мөлшерлерді өлшеу және бақылау

3

5

1

Газ қысымын және тартқышты бақылауға арналған аспаптар

3

6

1

Оптикалық өлшеу аспаптары.

3

7

1

Өлшеу құралдары

3

8

2

Өлшеу құралдарының дәлдік сыныбы

3

9

2

Жұмыс өлшеу құралдарын тексеру. Штангенциркуль

3

10

2

МЛИ -2 температураны қалыптастыру және өлшеу

3

11

2

Температураны байланыссыз өлшеу. Пирометр

3

12

2

Сыну көрсеткішін анықтау (рефрактометрия) гигрометр

3

13

2

Мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометриялық тәсілмен анықтау

3

14

2

Мұнайдың тығыздығын пикнометриялық әдіспен анықтау микрометр

3

15

2

Сыну көрсеткішін анықтау (рефрактометрия)




Барлығы

45

1,2 зертханалық жұмыс


Штангенинструментпен сызықтық мөлшерлерді өлшеу және бақылау


Зертханалық жұмыс мақсаты: Штангенқұралдың жабдықтары мен жұмыс істеу ұстанымымен танысу; штангенциркульмен өлшеу техникасын меңгеру; өлшеу нәтижелері негізінде бұйымның өлшемдеріне байланысты жарамдылығы және пішінінің ауытқуы жөнінде құрастырылған қорытындыны жетік меңгеру.

Өлшеу құралдары мен жабдықтар тізімі.



  1. Санау шамасы 0,1 ШЦ-1; 0,05 ШЦ -3 типті штангенциркульдер.

  2. Штангентереңдік өлшеуіш.

  3. Штангенрейсмасс.



Өлшеу құралдарын бейнелеу және олардың қолданылуы.
Жалпы мағлұматтар.
Штагенқұралар деп, шкаласы бар штанга мен нониус (көрсетілуді анықтау үшін қосымша шкала) негізіде сызықтық өлшемдерді өлшеу құралдарын атайды.
Нониус – негізгі шкаланың бөліну қолданылатын қосымша шкала.
Штангенқұралдар массалық және кең қолданылатын өлшем құралдары болып табылады.
Штангенқұрал негізгі шкала салынған штанга мен конусты қолдануға негізделген санау жабдығынан тұрады.
Негізгі штангенқұралдарға штангенциркуль, штангентереңдік өлшеуіш және штангенрейсмасс жатады.
Штангентереңдік өлшеуіш жазықтықтар арсындағы интервалды, саңылау тереңдігін және т.б өлшеуге арналған.
Штангенциркуль бұйымның сыртқы және ішкі өлшемдерін, ал кейбір жағдайларда белгі қойып шығу үшін арналған. Штангенрейсмасс белгілеу жұмыстары мен бұйымның биіктік өлшемдерін өлшеуге арналған.
Штангенқұралдар – штрихты шкала көрсеткіші немесе нониуспен саналған. Бір немесе бірнеше жылжымалы рамкасы бар көрсететін өлшеу құралдары. Жалпы жағдайда олар 2 губкадан тұрады. Біреуі шкала салынған бағдарлаушымен байланысқан, екіншісі жылжымалы рамкамен байланысқан.
Жазықтықтары бір-біріне қаралған губкалар ішкі өлшеуге,ал сатылы губкалар сыртқы өлшеуге арналған. Бұл губкалар белгілі бір бағалық өлшемдерге ие, мысалы, 10 мм ішкі өлшеу кезінде губкалар қалыңдығы а +а (1.1-сурет) саналған өлшемге қосылу керек.


Cурет 1.1 – Штангенциркуль


Губкалардың өткір аяғы қосымша белгілеу құралы негізінде қолданылады.


Штангенқұралдарды өлшеміне губкалар пішіні мен жылжымалы рамкасы және нақтылығына байланысты жіктейді.
Штангенқұралдарды нониус бойынша 0,1; 0, 05 және кейде 0,02 мм санау шамасымен жасайды. Негізгі шкалаларда штрихтар арасында интервал 1 немесе 0,5 мм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет