Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»


Аңға байланысты ойындарды атап беріңіз және мысал келтіріңіз



бет2/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
РК

2. Аңға байланысты ойындарды атап беріңіз және мысал келтіріңіз
Бүркітпен аңға шығу.
Қазақ халқында кеңінен тараған аңшылықтың бір түрі – бүктпен саятшылық құру. Атабабасынан келе жатқан аңшы – бүркітшілер шеберлік құпиясын, бүркітті өсіру және үйретудің ғасырлық бойғы дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады. Бүркіт – қаһарлы әрі ірі құс, ол қиын жекпе-жекте – түлкіні тіпті, қасықырды да жеңетін құс. Бүркіттің жемтігіне шабуыл жасайтын шағы, қанатты жартқыш пен оның құрбандығының арасындағы мейірімсіз күрес аңшы бойында шынайы толқу мен жасампаз мақтаныш сезімін тудырады.
3. Ақсүйек ойынын сипаттап беріңіз
Ойын қатысушылары қатарға тұрады. Жүргізуші ақ сүйекті (орнына резина доп, ағаш кілт, сырмалар және т.б. пайдалануға болады) алып: Ақ сүйек – бақыттың белгісі, кілті, Айға жет, Ақ қарлы шыңдарға жет! Сені бір сәтте тауып алған адам тапқыр және бақытты! – деп әндетеді. Содан кейін жүргізуші ойыншылар қатарынан асырып лақтырады. Сол сәтте ешкім артына бұрылып қарап, сүйектің қай жаққа ұшқанын көрмеуі тиіс. Сүйек құлаған кезде жүргізуші: Ақ сүйекті табыңдар – Тапқан адам бақытты! Ал, оны кім жылдам, алғыр болса сол табады! – деп құлақтандырады. Іс-әрекеттің мақсаты – сүйекті тез тауып, оны басқаларға білдірмей жүргізушіге әкеліп беру. Егер балалар оны біліп қойса, сол ойыншыны аңдып жүріп, иығынан ұрады да, сүйекті жүргізушіге әкеліп береді. Сүйекті байқаусыз әрі кедергісіз жүргізушіге әкеліп беру үшін қулық пен тапқырлық керек. Кей ойыншы сүйекті таба алмағанын сылтауратып, қарсыластарының назарын басқа жаққа аударудың түрлі жолдарын ойластырып (мысалы, біреуге қарап қатты сөйледі, сүйекті сол алды деп айтады және т.б.) жүргізушіге қарай адымдай береді. Сүйекті тапқан яғни, бақытты ойыншының тілегін бүкіл топ болып, немесе бір адам орындайды: ән айтады, өлен оқиды, аңдардың даусын салады.ойын тәртібі. Ізіне ойыншы түскен адам бірден сүйекті беруі керек. Сүйекті лақтырған кезде бұрылып қарауға болмайды. Оны бұйрық бергеннен кейін ғана іздеуге болады. Ойын тәртібін бұзғандарға жеңімпаздың шешімімен шара қолданылады.

4. 1-4 сынып оқушыларына арналған қозғалыс ойындарын атап беріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет