11. Арқан тарту ойынының шартын, ережесін сипаттап беріңіз
Орын мен жабдық: алаң, зал, дәліз. Ойын үшін 8-10 м арқан керек. Жерге әрқайсысының аралығы 2-3 м үш параллель сызық сызылады. 8-10 м арқанның ортасына қызыл, көк немесе т. б. түсті шүберек байланады. Ол орталык сызыққа дәл келтіріп қойылады. Ойнаушылар екі командаға бөлініп, арканның ортасынан 1 м қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Ойынның түсініктемесі. Белгі бойынша әрбір команда арқанды өз жағына қарай тартады. Үш рет тартқаннан кейін екі немесе үш ретінде де арқанды өз жағына тартып шығарған команда жеңеді.
Ойынның ережесі. 1. Арқанды жұлқып тартуға болмайды. 2. Тартысу кезінде бір команданың арканды жіберіл қалмауын бақылау қажет. Жіберіп қалған жағдайда қарсы команданың оқушылары зақымданып қалуы мүмкін. 3. Әрбір тартыстың ұзақтығы - 30-40 секунд. Тартыс аралығында 1-1,5 минут үзіліс жасалады.
12. Бастауыш сынып жасындағы оқушыларға арналған қандай қозғалыс ойындарын білесіз?
13. Қазақтың ұлттық ойындары неше түрге бөлінеді, оларды атап беріңіз, мысал келтіріңіз
Қазақтың ұлттық ойындары: Көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтың қабақ ату, жамбы т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болады. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басқасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, ат бегілері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатын қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл бір жағынан, халықтық тәлім-тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқанын пікірімен санаса білуді үйретеді, үшіншіден, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде, ұлт ойындары халық педпгогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда.
Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып келетін бір тұсы ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі кездеседі. Әсіресе, ақындар айтысында ойын туралы пікірлер, оның адам өмірінен алатын орыны туралы пікірлер көп болса, ақындар айтысы мен балалар айтысы халық арасында көп болған. Бұл-ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте араластыру, ақыл-ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі-өнегесін олардың бойына ерте сіңіру ниетінен тұған. Мысалы, «Айтыс ойыны», «Қыз бала мен ұл баланың айтыс ойыны», «Сән айтысы» т.б. секілді неше алуан ойын өлеңдері де кездеседі. Басқа халықтарда кездесе бермейтін, қазақ халқының өзіндік ерекшелігін көрсететін, жас баланың зердесін шыңдап, шығармашылық қабілетін еселеп арттыратын осы өнер түрін халқымыз әлі де үмыт қалдырмай жастарға үлгі ретінде ұсынуда. Содан болар, қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды, тіпті кездестіре алмайсың.
Қазақтың ұлттық ойындары араласпайтын бірде-бір өмір саласы жоқ. Ойын жас адамның денесін шыңдап, күш-қуатын мойлатып қана қоймай, оны шапшандыққа, дәлділікке, қиындықтан жол тауып шығу секілді, ақыл-ойының толысып жетілуіне әсер етіп, пайдасын тигізеді.
Тәрбие адам ғұмырын тұтас қамтығанымен, сәбилік, алғашқы балалық, жастық шағында алған тәрбиесі оған туған ортасының психикалық ерекшілігін сіңіруде шешуші рөль атқарады. Сондықтан баланың отбасында алған тәлім-тәрбиесі оның қай ұлтқа жататынын анықтап қана қоймай, бүкіл өмір жолының анықтауышы бағдарына айналады. Оны анықтаушы дейтініміз, адамның әлеуметтік ортадағы әрекеттері арқылы келер ұрпаққа беріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |