Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»


Ат спортының түрлерін атап беріңіз, аттарға қойылатын талаптар



бет9/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
РК

17. Ат спортының түрлерін атап беріңіз, аттарға қойылатын талаптар
Бәйге - Бәйге аты бес жаста және одан да асқан болуы керек. Қашықтықтың қандай болатындығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды, ол 7 және 16 мың метр аралығында болады.
Аламан бәйге - Жарысқа әбден жаратылған төзімді аттар таңдалып алынады. Кез келген тұқымның аттарын бәйгеге қосуға рұқсат етіледі. Қашықтықты әрбір жарыста оны өткізетін ұйым белгілейді. Ондайда жарыстың мақсаты мен сипаты ескеріледі, соған орай аттардың шабатын қашықтығы 20 километрден 100 километрге дейін болуы мүмкін, қазіргі уақытта жарыс айнала шабатын, сондай-ақ жұмсақ тура жолы бар ипподромда өткізіледі.
18. Қыз қуу ойынының ережесін сипаттап беріңіз
Қыз қуу" ойыны үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, жүйрік тұлпарларға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қолданылады. Жарыстың екі түрі болады. Жарыс жекелей өтеді. Егер жастар екі топқа бөлінсе, онда ойын ережесіне сәйкес, қыздар мен жігіттердің саны тең болуы керек. Ойын төрешісінің бірінші белгісі бойынша, қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалып тұрады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан мәреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі. Жарысқа қатысушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей мәреге оралуға рұқсат етілмейді. 
Бұл жарыстан ер жігіт пен әйел баласы арасындағы "Кім мықты?!" деген мәңгілік сұрақтың жауабы табылуы мүмкін. Кейде бұл жауап жігітке ұнамайтын жағдайлар туғызады. Бірақ, ойынның аты ойын. Бәйгеде жеңгендер мен жеңілгендер болады.


Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізу ерекшеліктері, қойылатын талаптар
Қимыл-қозғалыс ойындары – үнемі қимыл-қозғалыстак талап ететін ойындар. Олар дене тәрбиесі сабақтарында немесе сабақтан тыс кездері ойналады. Ойындар дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, ойындар оқушылардың әрқандай спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуына тікелей қажет болатын денеге тән сапаларды дамытуға көмектеседі. Мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс ойындары екігебөлінеді: таза қимыл-қозғалыс ойындары және спорттық сипаттар бар қимыл-қозғалыс ойындары. Барынша кең тарағаны – таза қимыл-қозғалыс ойындары.
Ұлттық ойындары оқу-тәрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынды. Педагогикалық жүйенің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шындай түседі. Сондықтан, ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оы жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді қажет жасайды.
Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан бері, әр кезенде әр түрлі пікір айтып, оны өз ұрпақтарын тәрбиелеп, білім беруде іске қосу мәселесін үзбей айтып келеді. Біз ол тұралы бастапқы параграфта айтып, жазғандықтан, тек еске салатыруды жөн көрдік. Бірақ, атап айтатын бір мәселе, күні бүгінгі дейін, әр дәуірде өмір сүрген ғылымның алуан саласындағы аңшыларды, оның ішінде көне, антикалық дәуірдің – Платон, Аристотель секілді үздік ойдың санлақтары, ойындарды адам саласының тәрбиесінде пайдалану туралы әр түрлі пікір айтқандарымен, оны пайдаланудың жолдарын нақты көрсете алмады. Біз оны көрсетпеді деп кінә тағудан аулақпыз. өйткені, ұлт ойындары оның ішінде, ойын аталуының өзі былайғы көзге қарапайым болып көрінгенмен, шын мәнінде өте күрделі дүние болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет