Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет38/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
369720 2

Бақылау сұрақтары:

  1. ОК қойылатын негізгі талаптар қандай?

  2. ОК инверттеуші және инверттемейтін кірістері бойынша беріліс сипаттамасынде қандай айырмашылықтары бар?

  3. ОК кіру кедергісінің арту жолдары қандай?

  4. ОК минималды шығатын кедергісінің алуына қалай қол жеткізуге болады?

  5. Дәріс тақырыбы бойынша түрлі пішіндегі 5 тестілі тапсырма құру.


Дәріс №13 Тақырыбы: Шала өткізгішті кедергілер.
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Варистор

  2. Терморезистор

  3. Тензорезистор

  4. Фоторезистор

Әдебиеттер

  1. Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.

  2. Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.

  3. Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.

  4. Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004

Шала өткізгіш кедергілер де электрондық сұлба элементтерінің бірі, бірақ көбіне белгілі бір шағын аймақтарда қолданылады. Шалаөткізгіш кедергілержұмысы шалаөткізгіштің электрлік кедергісінің кернеуге тәуелділігіне негізделген, екі қысқышы бар прибор. Шалаөткізгіш резисторларда қоспалармен біртегіс легірленген шалаөткізгіштер қолданылады. Қоспа түрлеріне байланысты құрамындағы материалдың электрлік кедергісі кернеу, температура, жарыққа және т.б. басқарылатын параметрлерге тәуелді өзгеретін приборлар алынды.


Шала өткізгіш резисторлар арзан, берік және сенімділігі жоғары құрылғылар.
Варисторлар. Кернеуі өскен сайын кедергісі азаятын шалаөткізгіштен жасалған резисторды варистор деп атайды. Варисторларды ұнтақ силиций карбидін байланыстырушы ретінде саз қосып, жоғары температурада күйдіру арқылы жасайды. Олардын конструкциясы негізінен шыбық не диск түрінде болады.


24 сурет - Варистордың вольт-амперлік сипаттамасы (1) мен


графикалык шартты белгісі (2)
Варисторлар электр тізбектерін немесе әртүрлі элементтерді асқын кер-неуден сақтау үшін қолданылады. Кернеуге байланысты кедергісі өзгеріп отыратындықтан варистордын вольт-амперлік сипаттамасы қисық сызықты болады (24-сурет).
Кедергінің өзгеруі силиций карбидінің кристалдарының арасындағы нүктелік түйістердегі электр өрісінің әсерінен оның өткізгіштігінің өзгеруі-нен келіп туады. Мысалы, силиций карбидінің беттік потенциалдық тосқауылы аз да, ал тотық қабықшалары өте жұқа болатындықтан азғана кернеудің өзінде кристалдардың арасында күшті электр өрісі пайда болады. Осы орістің әсерінен заряд тасушылар беттік потенциалдық тосқауылдан немесе тотық қабықшаларынан өтіп электр өткізгіштігін түзеді. Үлкен кернеулерде токтың шамасы да үлкен болатындықтан кристалдар арасындағы нүктелік түйістер қызып, нәтижесінде шалаөткізгіштің кедергісі азаяды.
Варисторлардың негізгі параметрлерінің бірі - бейсызықтық коэффи-циенті. Варистордың бейсызықтық коэффициенті деп оның статикалық кедергісінің (R) динамикалық кедергісіне ( Rд) қатынасын айтады
,
мұндағы варистордың кернеуі мен тогы.
Варисторлардың бейсызықтық коэффициенті шамамен 2...6 аралығында жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет