Білім беру бағдарламасы курс. Кредит саны 2023 жыл №1 ДӘріс тақырыбы: кіріспе. Биогеография ғылымының МӘНІ, мазмұНЫ, зерттеу бағыттары



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата12.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#185102
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер 1-7.Биогеография.3курс.География

ТРОПИКТІК 
 
1.Тұтас 
ормандар тараған облыс 
2.Саванналы 
ормандар 
облысы 
және 
саваналар 
3.Шөл облысы 

ҚОҢЫРЖАЙ 1.Дала облысы 
2.Шөл облысы 

СУЫҚ 
1.Тұтас ормандар тараған облыс 
2.Тундра облысы 
3.Суық шөл облысы 
Жер шарындағы фауналар мен флоралар белгілі биогеографиялық облыстарға бөлінген. Әр облыстың 
өзіне тән түр құрамы, эндемикалық тұқымдасы мен түрлері болады. 
Тірі организмдердің таксономиялық категориялары мен жүйесі 


 Таксономия - әдетте иерархиялық құрылысы бар болмыстың күрделі ұйымдастырылған алаңдарын 
топтастыру және жүйеге келтіру теориясы (үрдісі). 
Иерархия — таксондар жүйесінің және жалпы күрделі геожүйенің ішіндегі құрылымдық қатынастар 
мен бағыныстар. 
Таксон дегеніміз белгілі бір рангтағы нақты систематикалық топ (мысалы түр, туыс, тұқымдас және 
т.б.) 
Систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік 
ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының 
туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін 
биологияның бір саласы. Жүйеленім организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялық, 
физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, т.б.) өз алдына бөлек-бөлек, сондай-ақ, оларды 
біріктіріп, организмдердің барлық жиынтығының жіктелімін жасау үшін қолданады. Организмнің әр 
түрлі ерекшеліктері неғұрлым көбірек ескерілсе, Жүйеленімдік жіктеудегі сол немесе басқа таксонға 
(жануарлар мен өсімдіктерде жүйелеудің жіктеу бірлігі) бірігетін организмдердің жақын туыстығы 
соғұрлым айқындала түседі. Мысалы, жарқанат пен құстардың кейбір сыртқы белгілері (ұшатын) 
ұқсас болғанымен, жарғанат – сүтқоректілерге, яғни басқа класқа жатады. Сондай-ақ, өсімдіктерде де 
кактус пен сүттіген сыртқы белгілеріне қарағанда бір-бірімен ұқсас болғанымен, екеуі 2 тұқымдасқа 
жатады. Бірақ екеуі де қос жарнақтылар класына бірігеді. Жүйеленімнің негізгі мақсаты – Жер бетінде 
кездесетін жануарлар (1,6 миллиондай түрі) мен өсетін өсімдіктер (350 мыңдай түрі) және 
микроорганизмдер түрлерін жан-жақты сипаттап, топтастыру. Биологияда көп жағдайда 
жүйеленімнің орнына таксономия – өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелеу топтарын жіктеу 
принципі туралы ілім қолданылады. 
Өсімдіктер номенклатурасында Халықаралық ботаникалық конгрестің шешіміне сәйкес мынадай 
таксондар жүйесі бекітілген: өсімдіктер дүниесі 
– бөлім тармағы – класс – класс тармағы – қатар-қатар тармағы – тұқымдас 
– тұқымдас тармағы – туыс – туыс тармағы – секция – секция тармағы – серия – серия тармағы – түр 
– түр тармағы – форма – форма тармағы. Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, 
туыс, түр. Көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер тұрғыдан осы таксондардың 
әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мысалы, қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан 
жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі 
қарағай түріне жатады. Организмдердің жіктелімін түзуге ежелгі дәуірлерден-ақ (Аристотель, 
Теофраст, т.б. ғалымдардың еңбегінде) талпыныс жасалды. Ж-нің ғылыми негізінің қалыптасуына 
ағылшын ғалымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ғалымы К.Линнейдің жаратылыстану саласындағы 
ашқан жаңалықтарының әсері көп болды. Алғашқы кезде өсімдіктер мен жануарларды ғыл. тұрғыда 
жіктеу жасанды түрде қалыптасты. Яғни организмдер тек сыртқы белгілеріне қарап топтастырылды 
да, олардың жақын туыстық байланысы ескерілмеді. 19 ғ-да Ч.Дарвиннің эволюция ілімінің 
қалыптасуы – эволюциялық салыстырмалы анатомия, эволюциялық эмбриология, эволюциялық 
палеонтология сияқты жаңа бағыттардың пайда болуына жол ашып, организмдер эволюциялық сипат 
алды. Организмдердің эволюциялық дамуының негізгі бағыты олардың табиғаттағы генеалогиялық 
(жақын туыстық) қарым - қатынасын филогенетикалық (тарихи) дамуы бойынша дәл және толықтай 
сипаттауға мүмкіндік берді. 20 ғасырдың басында эволюциялық сипатынан басқа филогенетикалық 
(кладистикалық) және фенетикалық (сандық) бағыттары қалыптасты. Филогенетикалық – қандай да 
бір топтың эволюциялық дамуының өзгеру ауқымын ескермей, әр түрлі организм топтарының тарихи 
даму заңдылығына сүйене отырып, олардың қандай таксономиялық категорияға жататынын анықтау. 
Фенетикалық – генетикалық тұрғыдан зерттеуге қиындық келтіретін немесе зерттеуге мүмкіндік жоқ 
түрлер мен формаларға бірдей мән беріп, организмнің көптеген өз бетімен алынған белгілерін 
математикалық өңдеуден өткізу.
«Табиғи жүйелердiң» құрылуы өзiнiң дамуында бiрнеше кезеңнен өттi. XVIII ғасыр – тiрi 
организмдердi классификациялаудың аса жетiлген әдiстерiн iздеу. Бiрақ, сол дәуiрдiң ғылым деңгейi 
мен систематиканың критерийлерiнiң жеткiлiксiздiгi, әсiресе салыстырмалы-морфологиялық 
критерий бұл жүйелерге «жасандылықтан» асуға мүмкiндiк бермедi. Француз ботанигi М.Адамсон 
табиғи жүйенi құру ұмтылысында тек бiр ғана қандайда болсын белгiнi емес, олардың жиынтығын 
организмдердi классификациялауда пайдалануды көздедi. 


Жан Батист Ламарктың ботаникалық еңбектерi систематика принциптерiне түпкiлiктi 
реформа жасауға үлкен қадам болды. Ол өзiнiң «Францияның флорасы» (1778) еңбегiнде К. Линней, 
Б. Жюссье және тағы басқалардың өсiмдiк әлемiнiң жүйелерiн сынай қарастырып, дихотомды 
принциптерiне негiзделген анықтауыш кестелердi ұсынды. Ол өсiмдiктер дүниесiн 6 класқа және 94 
туысқа бөлiп табиғи жүйеге жақындады (Өсiмдiктер класы 1786). Ламарктың негiзгi еңбегi оның 
эволюциялық позицияларын сипаттайтын барлық формаларды қарапайымнан күрделiге дейiн 
орналастыру болды. 
Ол өсiмдiктер дүниесiнiң негiзiне саңырауқұлақтарды, балдырларды, мүктердi, ал оның 
шыңына – көпжапырақты гүлдi өсiмдiктердi орналастырды. Сол себептен, Ламарк эволюциялық 
мағынада өсiмдiктердiң түрлi топтарының арасындағы байланыстарына мағына берiп, өзiнiң 
бастапқы түрлерiнен әлдеқайда алға басты. 
XIX ғасырдың екiншi жартысы систематиканың қарқынды дамуымен ерекшелендi. Бұл 
кезеңнiң басты ерекшелiгi, филогенетикалық әдiс және табиғи жүйенi органикалық дүниенiң шежiре 
ағашы түрiнде құрастырудың мүмкiншiлiгiнде болды. Организмдер байланысын тарамдалған 
схемалар көмегiмен сипаттау әдiстерi ертеректе-ақ қолданған едi, мысалы ең қарапайым түрде болса 
да П.С.Паллас, Ж.Б.Ламарк, Э.И.Эйхвальд, Ч.Дарвин систематиканың дамуына үлкен үлес қосты, ол 
жануарлардың 
туыстығын 
анықтау 
үшiн 
салыстырмалы-анатомиялық, 
эмбриологиялық, 
палеонтологиялық көрсеткiштер мәнiн және параллелизм ұғымын енгiздi. Э.Геккель үштiк 
параллелизм әдiсiне сүйене отырып табиғи сұрыптауды шежiре ағашы түрiнде құрастырудың 
мүмкiншiлiгiн ұсынды. Ол бiрiншi болып органикалық дүниенiң «жинақталған филогенетикалық 
ағашын» жасады. Филогенетикалық зерттеудiн мақсатын Э.Геккель, формалар арасындағы туыстық 
байланыстарды бақылауда және органикалық шежiре ағашын жасауда көрдi. Сол себептен ол 
эволюцияның жалпы бейнесiн жаңадан жасауға тырысты. Бiр түрге жататын формалардың туыстығын 
Э. Геккель «құрылысы жағынан» емес, ортақ ата-тектен шығуы жағынан қарастырған. Ол 
органикалық дүниенi үш дүниеге бөлдi – протисттер, жануарлар және өсiмдiктер. Жануарларды 
классификациялауда Э. Геккель 7 типке бөлiп шығарды (қазiргi уақытта зоологтар жануарлардың 23 
және одан да көп типтерiн қарастырады). XIX ғасырдың аяғында филогенетикалық бағыттың 
прогресiне байланысты жануарлар систематикасында, генетикалық белгiлерде немесе топтардың 
шығу тегiне және олардың туыстығында негiзделген жануарлардың табиғи классификациясын құруға 
алғы шарт жасалды. Жануарларды классификациялаудың негiзiне көптеген белгiлер қойылды: 
ауыздың түзiлуi, ұрық жапырақшаларының түзiлуi, дененiң екiншi қуысының қалыптасуы, дененiң 
негiзгi осi мен гаструла осiнiң қатынасы, организмнiң симметриялығы. XX ғасыр ең iрi таксондар 
деңгейiнде (мегасистематика) және дүниелердi классификациялау негiзiнде тiрi организмдердiң 
табиғи жүйелерiн құрастыру мен систематиканың гүлдену уақыты болып табылады. Бұл кезеңде түрлi 
биологиялық ғылымдардың жетiстiктерi түрлi таксондар деңгейiнде систематиканы жетiлдiруге 
мүмкiндiк беретiн көптеген белгiлердi есептеуге негiз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет