Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы



бет75/166
Дата20.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#181670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   166
Байланысты:
11-Химиялық-инжиниринг-технологиясы-

2. Курс мазмұны


Модуль 1. Газ абсорбциясы


Оқыту нәтижелері:
Таратқыш бақылау жүйесін (ТБЖ) пайдаланып, газды қосылыстардан тазарту бойынша аспапты қосу, тоқтату және басқару. Түрлі технологиялық параметрлердің газ тазарту процесіне әсерін сипаттау және абсорбциялық және десорбциялық бағандар бойынша материалдық балансты есептеу қажет.


Модуль тапсырмалары:
1.1. Таратқыш бақылау жүйесін (ТБЖ) пайдаланып, газды қосылыстардан
тазарту бойынша аспапты қосу.
1.2. Технологиялық параметрлерді орнату және аспапты орнатылған жұмыс
режимінде басқару.
1.3. Абсорбциялық бағанның материалдық балансын орындау және аминнің
қаныққан ерітіндісіне CO2 десорбцияның массалық жылдамдығын
есептеу.
1.4. Десорбциялық бағанның материалдық балансын орындау және амин
ерітіндісінде CO2 абсорбцияның массалық жылдамдығын есептеу.
1.5. CO2ағыны жылдамдығының газ абсорбциясы жылдамдығына әсерін
сипаттау.
1.6. Газ тазарту бойынша құрылғыны тоқтату.


Модуль 2. Бинарлық қоспалар ректификациясы I


Оқыту нәтижелері:
Ректификациялық бағанды қосу, басқару және тоқтату. Берілген баған үшін материалдық және энергетикалық балансты есептеу.


Модуль тапсырмалары:
2.1. Ректификациялық бағанды қол режимінде басқару панеліне қосу және
оны белгіленген жұмыс режиміне жеткеннен кейін автоматты режимге
қосу.
2.2. Жұмыс параметрлерін орнату, мыслы, температура, қысым, берілу
жылдамдығы, бу шығыны және салыстырмалы таза метил және су
өнімдерін метанол және су қоспасынан алу үшін конденсат жылдамдығы.
2.3. Бағанда толтыру жағдайын жасау, жұмыс параметрлерін орнату арқылы
бақылау және байқау.
2.4. Жоғарғы және кубтық өнімдер мен шикізат үлгілерін іріктеу және
әрқайсысында метанолдың пайыздық қатынасын анықтау.
2.5. Бағанның толық және компоненттік материалдық балансын есептеу.
2.6. Бағанның толық энергетикалық (жылулық) балансын есептеу.
2.7. Ректификациялық бағанды тоқтату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет