Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы



бет71/166
Дата20.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#181670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   166
Байланысты:
11-Химиялық-инжиниринг-технологиясы-

Модуль тапсырмалары:
3.1. Идеал газ заңын пайдаланып, есептер шығару (PV = nrt).
3.2. Идел газ заңының келісілген мәнін және тұрақты бірлігін таңдау.
3.3. Ван-дер-Ваальс теңдеуіне ерекше назар аударып, газ қысымын, көлемін
және температурасын алдын ала есептеу үшін күй теңдеуін пайдалану.
3.4. Ауыспалы күйді және сәйкес жағдайлар заңын анықтау.
3.5. Газдың келтірілген қасиеттері мен сығылғыштық факторын есептеу.
3.6. Идеал емес газ заңын пайдаланып, есептер шығару (PV = Z nrt).
3.7. Күй теңдеуін қажет жерде қолдану.
3.8. Дальтонның парциалдық қысымдар заңын пайдаланып, есептер шығару
және парциалдық қысымдардың қатынасын газ қоспаларының молярлық
қатынасына теңестіру.
3.9. Газ заңы бойынша, жалпы күй теңдеуін пайдаланып, есептер шығару
үшін жиынтық кестені әзірлеу.


Модуль 4. Бу-ауа қоспалары


Оқыту нәтижелері:
Терминологияны талқылау және су-ауа қоспаларына ерекше назар аудара отырып, бу-ауа қоспаларындағы бу концентрациясына байланысты есептерді жүзеге асыру.


Модуль тапсырмалары:
4.1. Газ бен бу арасындағы айырманы көрсету.
4.2. Бу компоненттерінің парциалдық қысымын, қаныққан бу-ауа қоспасы
кезінде будың өзінің қысымымен теңестіру.
4.3. Қысым деректері және будың газға молярлық қатынасы кезінде будың
газдағы конденсация температурасын (шық нүктесі) анықтау.
4.4. Бір түрде берілген концентрацияны басқа түрде берілген концентрацияға
конвертерлеп, келесі күйдің кез келгенінде бу концентрациясын өрнектеу
үшін формула беру (молярлық қатынастағы парциалдық қысым
жағдайында).
a) Салыстырмалы сумен қаныққандық
b) Молярлық қаныққандық
c) Абсолютті ылғалдылық
d) Ылғалдылық
4.5. Бу-ауа қоспасының берілген шық нүктесі кезінде алдыңғы есепте
көрсетілген кез келген жағдайда бу концентрациясын есептеп шығару.
Конденсация мен бу түзілу енетін есепті талдау және шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет