Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет13/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төменгі өту балы



0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Бұрғылау технологиясына кіріспе



Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____хаттама2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны

бет











1.

Түсіндірме жазба

164

2.

Курстың мазмұны

165

3.

Оқыту әдістері

169

4.

Оқыту ресурстары

169

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

169

6.

Курсты бағалау жүйесі

170



  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)

«Бұрғылау технологиясына кіріспе» пәні мұнайды барлау мен өндіру жайлы жалпы мағлұматтар береді және мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудың дәстүрлі тәсілімен таныстырады.

Модульдердің жалпы саны: 13

Сағат саны: 30

Кредиттер саны: 1.5

«Бұрғылау технологиясына кіріспе» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде сыныпта талқылауын, бағалауын, лекциясын, демонстрациясын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқаулары тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

«Гидравликалық қысымы мен бұрғылау ертінділері», «Бұрғылау технологиясының тереңдетілген курсы I», «Бұрғылау бағдарламасы» пәндерімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Қазақстандағы мұнай мен газ жайлы жалпы мәліметтер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Көмірсутектерінің пайда болу, орын ауыстыруы және қармалуы жайлы негізгі теориялар. Қазақстандағы мұнай газ компанияларының құрылымы (барлау, бұрғылау және өндіру бөлімдері), олардың негізгі мақсаттары (көмірсутек қорының табылуы, жасалуы, меншіктік құқы, жер асты байлығын қолдану құқығы, негізгі функцияларды басқаратын нормативтік құжаттар мен топографиялық өлшеулер).


Модуль тапсырмалары:

1.1 Мұнай газ өндірісінде геологияның маңызды рөлін түсіндіру; көмірсутектерінің пайда болуының заманауи теориясы; мұнай мен газдың жыныстардағы саңылаулар арқылы қозғалысы және оларды ұстайтын көмекші құралдар.

1.2 Қазақстандағы мұнай мен газ өндіретін көпшілік мұнай газ компанияларының құрылымдары.

1.3 Жер қойнауын иелену құқы; жер қойнауын иеленуге құқық алудың процессуалдық нормалары; жерді иемденуге құқығы бар, жер қойнауын иемденуге құқығы жоқ адамдардың құқықтарын келістіру процедуралары; энергетикалық компанияның директорлар кеңесінің мұндай құқықтарды алуы және т.б. операциялардағы ролі.

1.4 Қазақстандағы қолданылатын топографиялық өлшеулер. Доминионның топографиялық түсірілімдер жүйесі бойынша ұңғыманың орынын анықтай білу.
Модуль 2. Топографиялық түсірілімдер жүйесі
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Доминионның (СТСД) топографиялық түсірілімдер жүйесін көрсетілген орынды картадан табуға қолдану.


Модуль тапсырмалары:

2.1 Қазақстанда қабылданған топографиялық түсірілімдер жүйесі жайлы айту.

2.2 СТСД көмегімен ұңғыманың орынын табу.
Модуль 3. Бұрғылау қондырғылары: құрылыс принципі мен қолданылуы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Құрылықтағы және судағы бұрғылау қондырғыларының құрылыс принципін және қолданылуын түсіндіру.



Модуль тапсырмалары:

3.1 Дәстүрлі құрылықтағы роторлық бұрғылау қондырғысы мен шельфтағы бұрғылау қондырғысының функцияларын түсіндіру.

3.2 Ұсынылған облыстар үшін сәйкес келетін бұрғылау қондырғысының түрін таңдап алу.

3.3 Теңіздегі бұрғылауды қолданылатын негізгі жүк көтергіш қондырғылар жайлы айту.


Модуль 4. Бұрғылау қондырғылары: құрамдас бөліктері мен жұмыс принципі
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Бұрғылау ерітіндісін жіберетін жүйе, айналмалы көтеру құралы, қозғалтқыштың құрамды бөліктері және олардың жұмыс принциптері мен қызметтерін анықтау.


Модуль тапсырмалары:

4.1 Бұрғылау қондырғысын энергиямен қамтамасыз ететін дизельдік жүйе жұмысы

4.2 Бұрғылау қондырғысының компоненттеріне электрэнергиясының қалай жеткізілетінін түсіндіру.

4.3 Бұрғылау қондырғысындағы осы қондырғының энергиясын қолданатын компоненттерді атау.

4.4 Көтеруші жүйенің жұмыс принципін, құрамдас бөліктерін және қызметін анықтау.

4.5 Айналмалы жүйенің жұмыс принципін, құрамдас бөліктерін және қызметін анықтау.

4.6 Циркуляциялық жүйенің жұмыс принципін, құрамдас бөліктерін және қызметін анықтау.
Модуль 5. Бұрғылау қаптамалары
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Бұрғылау қаптамаларының бар түрлерінің қолданылулары.


Модуль тапсырмалары:

5.1 Үшшарлы конус тәріздес қашаудың орындалатын жұмыс сапасына әсері.

5.2 Әр түрлі жыныстарды бұрғылауда ең тиімді қашаудың түрін анықтау.

5.3 Әр түрлі жыныстарды бұрғылауға қажетті қашаудың бастапқы жүктемесін (ННД) бір минут ішіндегі айналым санын (ВвМ) анықтау.

5.4 ИСМ қашауының жалпы конструкциясы (поликристалдық жасанды алмазбен бекемдетілген қаптама).
Модуль 6. Ұңғыма құбырларының жүйесi және бұрғы бағананың төменгi жағының құрастырылымы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Талапқа сай бұрғы бағанның төменгі жағының қарапайым құрастырылымын құрастыру.


Модуль тапсырмалары:

6.1 Қашауға берілген жүктемені қамтамасыз ету үшін қажетті ауырлатылған құбырдың өлшемдерін көрсету және ауырлатылған бұрғылау құбырларының белгілі бағандарына қолданылатын қашауға түсіруге болатын салмақты анықтау.

6.2 Беріктілік коэффициентіне сай жұмыс істеу үшін барынша мүмкін көлбеу ұзындығы мен бұрғылау құбырының салмағын есептеу.
Модуль 7. Бұрғылау агенттері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Қазақстанда белгілі ұңғыманы бұрғылау үшін тиімді реагентті таңдап алу.


Модуль тапсырмалары:

7.1 Бұрғылау ерітінділерінің жұмыс принципі

7.2 Бұрғылау ерітінділерінің барлық параметрлері және оларды өлшеу тәсілдері.

7.3 Зерделенген бұрғылау ерітінділерінің қолданылу болыстарын атау.


Модуль 8. Қатты фазадағы бұрғылау агенттерінің шамасын бақылау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Қатты фазадағы бұрғылау агенттерінің шамасын бақылау жүйесін таңдау және осы процесті оптимизациялау.


Модуль тапсырмалары:

8.1 Бұрғылау ерітіндісін құм бөлшектерінен тазарту себептерін түсіндіру.

8.2 Бұрғылау ерітіндісін құм бөлшектерінен тазарту кезінде қатты күйдің әр бақылау компонентінің тазалаған құм түйіршіктерінің санын анықтау.
Модуль 9. Ұңғыманы (скважинаны ) бақылау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Ұңғыманы бақылаудың қажеттілігін түсіндіру.



Ашық лақтырылымдар себептерін ашу және лақтырылымдарды бақылаудың әдiстерiн қысқаша баяндау.
Модуль тапсырмалары:

9.1 Шапшудың зардаптарын атап шығу.

9.2 Ұңғыма мен жыныс оқпанындағы қысымды есептеу.

9.3 Гидростатикалық қысымның қабаттық қысымнан аз болу мүмкіндігін түсіндіру.

9.4 Бұрғылау кезінде пайда болатын артық гидростатикалық қысымды (көтерілу кезіндегі жылдамдықты көбейту қорын) анықтау.

9.5 Ұңғымадағы кертпештердің пайда болуы және оларды қалай табуға болатынын баяндау

9.6 Лақтырылымды болдырмайтын жүйе компоненттерімен таныстыру.

9.7 Лақтырылымды табу әдістерін қандай кезеңде қолдануға болатынын баяндау.

9.8 Лақтырылымдардан қауіп-қатерсіз болу үшін ұңғыманы бақылаудың белгілі әдістерін атап шығу.
Модуль 10. Ұңғыманы шеген құбырлармен бекіту және бағанның есептеулері (шолу)
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Ұңғыманы шеген құбырлармен бекітудің қажеттілігі және бекіту параметрлірен таңдап алуды түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

10.1 Баған (колонна) ұғымына анықтама беру және оның жұмыс принципімен таныстыру.

10.2 Эксплуатацияда қолданылып жүрген әр түрлі шеген құбырлардың аттарын атау.

10.3 Қажетті жүктеме мен көлбеулікті анықтау үшін АНИ стандартын қолдану .

10.4 Энергияны өндіру және коммуналдық қызмет көрсету мәселелері бойынша Кеңестің құрған техникалық шарттарына 8, 10 нұсқауларына сілтеме жасау.
Модуль 11. Цементтеу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Цементтеу операцияларында цементтің ерекше түрін қолдану керектігін дәлелдеу.

Цементтеуге қажетті цементтік қоспаның беріктігін есептеу.
Модуль тапсырмалары:

11.1 Цементтеу жұмыстарының орындалу себептерін атау

11.2 Цементтеуге қажетті материалдар, олардың өндірілуі және қолданылулары.

11.3 Энергияны өндіру және коммуналдық қызмет көрсету мәселелері бойынша Кеңестің құрған техникалық шарттарының 9 нұсқауына сілтеме жасау.

11.4 Энергияны өндіру және коммуналдық қызмет көрсету мәселелері бойынша Кеңестің құрған техникалық шарттарының 9 нұсқауына сілтеме жасау.

11.5 Шеген құбырлардың қажетті түрін дайындау үшін қажетті цементтік қамырдың беріктігін есептеу.



Модуль 12. Ұңғыманы бағалау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Ұңғыманы бағалауға қажетті мәліметтерді тапсырыс берушіге ұсыну үшін бұрғылау қондырғысында қолданылатын әдістерді баяндау.


Модуль тапсырмалары:

12.1 Ұңғыманың қазіргі күйін анықтау үшін клиенттер қолданатын ұңғыманы бағалау әдістерін баяндау.

12.2 Ұңғыманы бағалау үшін мәліметтердің бұрғылау қондырғысынан қалай алынатындығын түсіндіру.
Модуль 13. Тұтқыштық жұмыстар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Тұтқыштық жұмыстар ұғымын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Тұтқыштық жұмысты қажет ететін қиыншылықтардың себептерін талқылау.

13.2. Нақты туындайтын қиыншылықтармен тұтқыштық жұмысқа арналған құралдар арасындағы байланысты орнату.


  1. Оқыту әдістері:

  • Көрсетулер

  • Бағалау

  • Басшылық етушi нұсқау

  • Өзіндік жұмыс

  • Лекция

  • Зертханалық жұмыс




  1. Оқытудың қорлары:

- Бурғылау зертханасы (Ф216)

  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Мұнайдың геологиясы, барлау, бұрғылау және өндіру. Практикалық оқу құралы. 2-і басылым, Норман, Дж.Хайн, 2001 (ISBN-0-87814-823-X)

5.2. Мұнай газ өндірісіндегі біздің перспективаларымыз, 7-і басылым, ISBN 1-894348-15-x



  1. Курстың бағалау жүйесі

Сыныптағы тапсырмалар

10 %

Ауызша және жазбаша сұрауы

20 %

Аралық бақылау

30 %

Қорытынды емтихан

40%

Барлығы

100 %


Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төменгі өту балы



0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Бұрғылау ерітінділері және гидравликалық қысым



Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____хаттама2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны

бет











1.

Түсіндірме жазба

174

2.

Курстың мазмұны

175

3.

Оқыту әдістері

178

4.

Оқыту ресурстары

178

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

178

6.

Курсты бағалау жүйесі

179



  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)

«Бұрғылау ерітінділері және гидравликалық қысым» пәні сұйықтардың динамикасы мен термодинамика негіздері жайлы. Сұйықтардың физикалық қасиеттері, аққыштық принципі, кері итеруші күш, қысым, энергияларды есептеу, сорғылар (насостар) мен компрессорлар, қыздырулар мен температура, фазалық ауысулар, идеал газ заңдары мен процестерін қарастырады.

Модульдердің жалпы саны:12

Сағат саны: 45

Кредиттер саны: 1.5

«Бұрғылау ерітінділері және гидравликалық қысым» пәнінің бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды..

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, талқылауын, жиындарын, кеңестерін, студенттік топтарын, үлестірме материалын, курстың веб-сайтын (ағылшын тілінде) тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

«Бұрғылау ерітінділері және гидравликалық қысым» және «Мұнай өндіру технологиясы І», пәндер арасындағы пәнаралық байланыстардың мысалы арқасында студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.


2. Курстың мазмұны


Модуль 1. Бұрғылау флюиді ( балшықты ерітінді)
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Бұрғылау флюидінің түрлері және олардың қолданылулары.


Модуль тапсырмалары:

    1. Бұрғылау флюидінің жұмыс істеу принціп.

    2. Бұрғылау флюидінің түрлерін сипаттау.

    3. Оның балшық химиясымен байланысы.



Модуль 2. Бұрғылау флюидінің құрамы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті)):

Бұрғылау флюидінің құрамын түзету үшін әр түрлі реагенттерді қалай қолдануға болатындығын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

2.1 Бұрғылау флюидінің компоненттерін сипаттау.

2.2 Бұрғылау сұйығына әсер ететін химиялық қоспалардың жұмыс принципін түсіндіру.

2.3 Қоспаларды сипаттау.

2.4 Бұрғылау кезінде ұңғымада пайда болатын қиыншылықтарды сипаттау.
Модуль 3. Бұрғылау флюидінің қасиеттері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті)):

Бұрғылау флюидінің жұмысына әсер ететін олардың қасиеттерін сипаттау. Бұрғылау флюидінің қасиеті мен бұрғылауды орындаудың арасындағы өзара байланысты табу.


Модуль тапсырмалары:

3.1 Балшықты ерітіндінің физикалық қасиеттері.

3.2 Балшықты ерітіндінің химиялық қасиеттері.

3.3 Бұрғылау флюидінің қасиеттері бұрғылау процесіне қалай әсер ететіндігін баяндау.

3.4 Бұрғылау флюидінің қасиеттерін түзету арқасында қажетті нәтижеге жетуге болатындығын талқылау.
Модуль 4. Бұрғылау флюидінің қасиеттерін тексеру
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Бұрғылау флюидінің қасиеттерін зертханалық және өндірістік жағдайларда сынау жолдарымен таныстыру.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет