Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Модуль 3.Мұнай кен орындарын игерудің негіздері және ұңғымаларды пайдалану



бет9/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Модуль 3.Мұнай кен орындарын игерудің негіздері және ұңғымаларды пайдалану
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Кен орындарын іздеу мен барлаудың әртүрлі тәсілдерін түсіну және қолдану, іздеу-барлау жұмыстарының негізгі кезеңдерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Ұңғыма, ұңғыманы бұрғылау ұғымдарын танып білу

3.2. Бұрғылау ұңғымаларының мақсаттары мен тағайындалулары бойынша жіктеу

3.3. Кен орындарын іздеу мен барлау тәсілдерін танып білу

3.4. Іздеу кезеңі туралы білу және тану

3.5. Барлау кезеңі туралы білу және тану

3.6. Кен орынның өнеркәсіптік құндылығы туралы білу және тану

3.7. Кен орындарының тау-кен геологиялық параметрлері туралы білу және тану

3.8. Мұнай кендерін жіктеу
Модуль 4. Мұнай мен газды өңдеу негіздері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай мен газды өңдеу негіздерін танып білу, өңделетін өнімдерін және олардың айырмашылықтарын түсіну, мұнай өңдіру және газ өңдіру зауыттарының түрлерін жіктеу, сондай-ақ мұнай мен газ өңдірудің қазіргі жағдайын бағалау.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Өңделген мұнай өнімдері (отын, мұнай майлары, басқа мұнай өнімдері) туралы білу

4.2. Мұнай өңдеу кезеңдерін жіктеу

4.3. Өңделетін мұнайды дайындау процесін сипаттау

4.4. Мұнайдың алғашқы өңдеу процесін сипаттау

4.5. Мұнайдың екінші өңдеу процесін сипаттау

4.6. Мұнай өнімдерін тазалау процестерін сипаттау

4.7. Мұнай өңдеу зауыттарының түрлерін жіктеу

4.8. Өңделген газ өнімдері туралы білу

4.9. Газ өңдеу зауыттарының негізгі нысандары туралы білу

4.10.Компрессорлық әдісті сипаттау

4.11.Абсорбциялық әдісті сипаттау

4.12.Конденсациялық әдісті сипаттау

4.13.Газфракциялау қондырғылары туралы білу


Модуль 5. Мұнай және газ өңдірудегі ақпараттық технологиялар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай және газ өңдеу саласындағы шешімдер үшін пайдаланылатын қазіргі бағдарламалық жасақтаманы таңдау және қолдану.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Бағдарламалық жасақтаманы және аппараттық бөлімнің талаптарын анықтау

5.2. Бағдарламалық жасақтаманы анықтау үшін Интернетті қолдану

5.3. Бағдарламалық жасақтаманы орнату, мәліметтерді енгізу, мәліметтерді өңдеу, есептер мен графиктерді құру

5.4. Белгіленген уақытта мұнай және газ өңдіруде берілген кейстің шешімін табу үшін, таңдалған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану

5.5. Түскен мәліметтерді талдау


Модуль 6. Мұнайдың дүниежүзілік нарығы
Оқудың нәтижесі:

Дүниежүзілік нарықтағы мұнай мен газдың жағдайын, халықаралық сауданың ерекшеліктерін, мұнай бағаларын белгілеуде ОПЕК-тің рөлін түсіну.


Модуль тапсырмалары:

6.1. «Дүниежүзілік мұнай және газ нарығы» ұғымын түсіну

6.2. «Халықаралық сауда» ұғымын түсіну

6.3. «ОПЕК» ұғымын және оның халықаралық саудадағы рөлін анықтау

6.4. «Мұнай бағаларын белгілеу» және «газ бағаларын белгілеу» ұғымдарын түсіну
3. Оқыту әдістері:


  • Дәрісханада талдау

  • Студенттің өзіндік жұмысы

  • Дәріс

  • Практикалық жұмыс


4. Оқыту ресурстары:


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. SamuelA.VanVactor. Introduction to the Global Oil&Gas Business, Penn Well Corporation, Tulsa, Oklahoma, АҚШ. 2010.

5.2. Martin S.Raymond, William Leffler. Oil and Gas Production in Non-Technical Language. Penn Well Corporation, Tulsa, Oklahoma, АҚШ. 2006.

5.3.А.А.Коршак, А.М. Шаммазов. Мұнай-газ ісінің негіздері, Дизайн Полиграф Сервис. Уфа. 2005.


6. Курсты бағалау жүйесі


Бақылау тапсырмалары

10 %

Семестрлік тесттер

60 %

Қорытынды емтихан

30 %

Барлығы

100 %


Бағалар шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төмен өту балы



0-49

F

0.0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Мұнай химиясына кіріспе
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.

Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____хаттама2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны

бет








114

1.

Түсіндірме жазба

115

2.

Курстың мазмұны

124

3.

Оқыту әдістері

124

4.

Оқыту ресурстары

124

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

124

6.

Курсты бағалау жүйесі

124




  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)

«Мұнай химиясына кіріспе» пәні органикалық химисяның, қоррозияға қарсы қорғауының, кәсіпшілік сулардың химиялық құрамының, газ заңдардың, фазалық тепе-теңдiктiң диаграммаларының, материалдық теңгерімінің, жану және дала сынаулардың әдiстерінің ұғымдарымен таныстыру пәні болып табылады.

Модульдердің жалпы саны: 19.

Сағат саны: 45.

Кредиттер саны: 1.5

«Мұнай химиясына кіріспе» пәнінің бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде оқытудың жаңа техногияларын, электрондық оқулықтарды, аудио және видео материалдарды, көрнекілік құралдарын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

Өндірістік практика оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар нақты өндіріске сәйкес жабдықталған оқу орнының шеберханаларында жүргізіледі.

«Химия» мен «Қолданбалы мұнай химиясы» пәндер арасындағы пәнаралық байланыстардың мысалы арқасында студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.



2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Химиялық таза заттардың фазалық қасиеттері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Қарапайым фазалық диаграммаларды түсіндіру және оларды техникалық сипаттамалар кестелермен салыстыру


Модуль тапсырмалары:

    1. Таза заттың фазалық диаграммасындағы температураға қарама-қарсы қысымды анықтау.

    2. Таза заттың фазалық диаграммасын жұмсару және қайнау, үштік нүктені кризистік температура мен қысымды анықтау үшін қолдану.

    3. Фазалық диаграмманы таза заттың салқындау графигімен салыстыру.


Модуль 2. Қоспалардың фазалық қасиеттері. Фазалық тепе-теңдік диаграмма.
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Көп компонентті қоспалардың, мысалы, мұнай өңдеуші зауыттардың өнімдерінің дистилляциясының графигі мен екі компонентті диаграмманы қолдану және түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

    1. Қайнау температурасының жоғарлауы мен фазалық диаграмманы немесе ерітіндінің қатаю температурасының төмендеуі мен фазалық диаграмманы салыстыру.

    2. Стандартты бинарлық сұйық қоспа үшін температура/құрылым диаграммасы бойынша қанығу қысымы мен будың құрылымы мен конденсациялану температурасын сәйкестендіру.

    3. Гемпель бойынша шикі мұнайды айдау сияқты көп компонентті қоспалардың дистилляциялық қисығын түсіндіру және баяндау.

    4. Бір компоненттік және көп компоненттік коллекторлар жүйесі үшін бастапқы қысымның температураға қарама-қарсы фазалық диаграммасын жобалау, коллекторлардың түрін анықтау, алғашқы фазалық диаграмманы қолданып, коллектор флюидінің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіру және олардың қойнаулық қысымның қысымның азаюына әсерін түсіндіру.

    5. «Бір элементтік» жүйе үшін бастапқы қысымның температураға қарама-қарсы фазалық диаграммасын сұйықтық және газдық фазаларын көрсете отырып жобалау. Диаграммадан маңызды нүктелерді, жіптерді және зоналарды анықтау.

    6. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың жалпы айырмашылықтарын тұжырымдау. «Көп компоненттік» көмір сутектік коллекторлар жүйесі үшін бастапқы қысымның температураға қарама-қарсы фазалық диаграммасын сұйықтық және газдық фазаларын көрсете отырып жобалау. Диаграммадан маңызды нүктелерді, жіптерді және зоналарды анықтау.

    7. Фазалық диаграмманы қолдана отырып, табиғатта кездесетін мұнай коллекторларының түрлерін анықтау. Коллектор флюидтарының қасиеттерінің оның температурасы мен қысымына байланыстылығын баяндау.

    8. Коллектордың фазалық қасиетінің қысым мен температураға тәуелділігі коллектор флюидінің негізгі қасиеттеріне әсер етеді. Мысалғы, кең орнының көлемді коэффициенті мен газдық фактор.


Модуль 3. Органикалық химияға кіріспе

Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Электроэнергетикалық және қайта өңдеу өндірістерінде қолданылатын органикалық қосылыстардың маңызын және олардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін баяндау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Органикалық химияға анықтама беру.

    2. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың арасындағы айырмашылықтарды тұжырымдау.

    3. Көмірсутекті қосылыстардың атауларына IUPAC (теориялық және қолданбалы химияның халықаралық бірлестігі) жүйесін қолдану.

    4. Көмірсутектің құрылымын, қасиеттерін және реакцияларын түсіндіру.

    5. Негізгі функционалдық топтарды анықтау және олардың әрқайсысына мысалдар келтіру.

    6. Негізгі функционалдық топтардағы атаулардың төменгі индекстерін анықтау.

    7. Органикалық қосылыстардың молекулалық формулаларын жазу.

    8. Органикалық қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрастыру.


Модуль 4. Көмірсутектің қолданбалы химиясы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Сұйық мұнайды қайта өңдеудің стандартты процестерінде қолданылатын химиялық процестерді баяндау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Жанармайлық және химиялық бағыттағы МҚӨЗ арасындағы айырмашылықты көрсету.

    2. МҚӨЗ-дағы қайта өңдеу мен бөлу процестерінің арасындағы айырмашылықты ашып көрсету.

    3. Стандартты қондырғыларды баяндап, олардағы химиялық реакцияларды көрсету.

    4. Электрохимиялық кемірілу процесін сызба арқылы түсіндіру.


Модуль 5. Фракциялаумен танысу
Оқудың нәтижесі:

Мұнай өндіруші өндіріс орындарында қазіргі заманда қолданылатын фракциялану жүйесінің негізгі принциптерімен таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

5.1 Бірсатылық мұнай айдау процесінің негізгі принциптерін баяндау.



    1. Көпсатылы фракциялық мұнай айдау процесін баяндау.

    2. Фракциялық мұнай айдау процесінің пәрменділігіне әсер ететін факторларды анықтау.


Модуль 6. Фракция жүйелері. Мұнайдың АНИ градусымен берілген тығыздығы
Оқудың нәтижесі:

Бір немесе одан да көп ректификациялық бағандардан тұратын барлық фракциялау жүйесін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

    1. Фракциялаудың толық жүйесінің құрамды бөліктерін сипаттау.

    2. Өндірістік шығынды азайту үшін көмірсутекті фракциялаудың ең тиімді әдістерін көрсету.

    3. Пропанды бөліп алу, дистилляциялық қондырғыдан бутанды шығару, этансыздандыру бағанын қолдануда бұл қондырғылардың жалпы температурасы мен қысымын ескеру және осы қондырғыларға қойылатын өндірістік талаптарды айқындау.

    4. Аса ауыр мұнайдың тығыздығын анықтау әдістері.

    5. Тығыздықты анықтау әдістерін қолдануға жүргізілетін сынақтарды түсіндіру.

    6. Температураның 15.5 °С шамасына дейінгі ауырлық күшіне енгізілетін түзетулерді нақты көрсетулерде ескеру.

    7. Шикі мұнайдың АНИ градусымен берілген тығыздығы мен салыстырмалы тығыздық арасындағы ауыстырылымдарды жүргізу.

    8. Тығыздықтың азаюына байланысты көлемнің азаюларын есептеу.


Модуль 7. Материалдық балансты қарапайым есептеу
Оқудың нәтижесі:

Химиялық реакциялар ескерілмейтін процестер үшін материалдық балансты анықтауға есептер шығару.


Модуль тапсырмалары:

    1. Материалдық баланстың теорилық негізін анықтау.

    2. Жүйелі түрдегі процедураларды қолдана отырып, материалдық баланс бойынша стандарттық есептерді шығару. Процестің берілген жазбаша баяндауы бойынша осы процесті көрсететін технологиялық блок-сызбаны (блок-схема) салу.

    3. Жүйенің шекараларын анықтап, таңдау.

    4. Материалдық балансқа берілген есепті шығару үшін негізді анықтап алу.

    5. Қоспа компоненттері бойынша материалдық және толық балансты көрсететін математикалық теңдеуді жазу.

    6. Қосылыстар мен/ немесе ағын шығынын анықтау үшін материалдық баланс теңдеуін құрып, шешу


Модуль 8. Газдың негізгі заңдары
Оқудың нәтижесі:

Тұйық жүйедегі идеал газға арналған Бойль-Мариотт және Гей-Люссактың заңдарының, біріктірілген және ерекше заңдарын (Characteristic Gas Law) қолдануға есептер шығару.


Модуль тапсырмалары:

    1. Идеал және нақты газ арасындағы ерекшеліктерді айқындау.

    2. Тұйық жүйедегі идеал газға Бойль-Мариотт заңын қолдану.

    3. Тұйық жүйедегі идеал газға Гей-Люссак заңын қолдану.

    4. Тұйық жүйедегі идеал газға біріктірілген және ерекше заңдарды қолдану.

    5. Идеал газдың газдық тұрақтысын анықтау және ерекше газ заңын тұйық жүйедегі идеал газға қолдану


Модуль 9. Идеал газ заңдары
Оқудың нәтижесі:

Газдардың сығылу мен ұлғаю заңдарын түсіндіру және осы заңдарға есептеулер жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Газдың ұлғаюы мен сығылуына берілген есептерді шығаруда Бойля-Мариотт және Гей-Люссак заңдарын тұжырымдап, қолдану.

    2. Газдың ұлғаюы мен сығылуына берілген есептерді шығаруда идеал газ заңдарын, газдық тұрақтыны анықтап, қолдану.

    3. Газдың изотермиялық, адиабаталық және политропикалық ұлғаюы мен сығылуын түсіндіру және әр түрлі ұлғаюлар үшін есептер шығару.


Модуль 10. Гидраттарды басқару
Оқудың нәтижесі:

Гидраттардың құрылу шарттары, гидраттық құрылымды болдырмау және жою әдістері. Гидраттарды және олардың негізгі қасиеттерін сипаттау.



Модуль тапсырмалары:

    1. Гидраттарды сипаттау.

    2. Гидраттардың қасиеттерін анықтау.

    3. Гидраттардың құрылуына әсер ететін факторлар мен гидраттардың туғызатын қиындықтары.

    4. Гидраттардың құрылу шарттары, гидраттық құрылымды болдырмау және жою әдістері.

    5. Гидраттық құрылымды болдырмау әдістерін баяндау.

    6. Гидраттардың жоюдың негізгі әдістерін түсіндіру.


Модуль 11. Көмірсутектерді технологиялық өңдеу – молекулалық сүзгімен өңдеу
Оқудың нәтижесі:

Қажетсіз компоненттерді жою мақсатында көмірсутектер ағынын өңдеуде молекулалық сүзгіні қолдану және сүзгіні жасау.


Модуль тапсырмалары:

11.1 Көмірсутек ағынындағы ерекше компоненттерді таңдаулы түрде жою үшін молекулалық сүзгіні қолдану әдістері.



    1. Стандарттық молекулалық сүзгілерде қолданылатын элементтер.

11.3Стандарттық молекулалық сүзгілердің кемшіліктері мен артықшылықтарын салыстырып, түсіндіру.

11.4 Молекулалық сүзгімен жұмыс істеу кезеңдерін баяндау.


Модуль 12. Дегидрация – анықтамасы, сынақ өткізу
Оқудың нәтижесі:

Сусыздандыру қондырғысын сипаттайтын терминдер. Осы қондырғыларда өткізілетін сынақтарды баяндау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Табиғи газдағы судың пайда болуы және сусыздандырудың қажеттілігі.

    2. Заводтар мен кен орындарында газды сусыздандыру амалдары.

    3. Газды дұрыс сусыздандырмағанда пайда болатын мәселелер.

    4. Газды сусыздандырудың пәрменділігін анықтау үшін жасалып жатқан әр түрлі сынақтар.


Модуль 13. Дегидрация – химиялық заттар, сұйық жұтқыштар
Оқудың нәтижесі:

Газбен қамтамасыз ету жүйесі ағынында артық су әсерінен істен шығатын қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын химикаттар мен сұйық жұтқыштар жайлы айту.



Модуль тапсырмалары:

    1. Газ ағынында ылғал шамасын басқару немесе азайту үшін қолданылатын әрекеттер.

    2. Газ ағынынан әр түрлі сұйық жұтқыштарды қолдану арқылы су шамасын азайту тәсілін баяндау.

    3. Гликольдік жұтқыш жүйенің блок-сызбасын қолдана отырып, газдық және сұйықтық жұтқыштарды газ ағынынан бақылау.


Модуль 14. Дегидрация – қондырғылары мен олардың жұмыс принципі
Оқудың нәтижесі:

Гликоль мен дегидрация жүйесінде қолданылатын механизмдер мен процестерді көрсету. Бұл процес кезінде газ ағынынан қатты жұтқыштар су мен өзге заттарды қалай қармап алатынын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

    1. Гликольмен дегидрциялауда қолданылатын қондырғы.

    2. Гликольмен дегидрциялауда қолданылатын қондырғының қалыпты жұмыс режимі.

    3. Гликольмен дегидрциялауда қолданылатын қондырғы жұмысында кездесетін бұзылулар және оларды түзету амалдары.


Модуль 15. Дегидрация – қатты жұтқыштар
Оқудың нәтижесі:

Газ ағынын су мен өзге материалдардан тазарту үшін қолданылатын қатты жұтқыштардың жұмысы.


Модуль тапсырмалары:

    1. Қатты жұтқыштар жүйесіне қойылатын техникалық талаптар.

    2. Қатты жұтқыштар жүйесін пайдалану кезінде жүретін процедуралар.

    3. Блок-сызбаны қолданып, газ ағынындағы қарапайым циклдер мен регенерация циклін бақылау.

    4. Дистиллятордың негізгі компоненттерінің классификациясы.


Модуль 16. Мұнайды бастапқы дайындауға кіріспе
Оқудың нәтижесі:

Мұнайды бастапқы дайындаудың, мұнайды өңдеу жүйесінің және өңдеудің пәрменділігін анықтау үшін жүргізілетін сынақтардың негізгі принциптері.


Модуль тапсырмалары:

    1. Мұнайды өңдеуге әсер ететін факторлар.

    2. Мұнайдың меншікті салмағының азаюының негізгі ережелерін түсіндіру.

    3. Мұнайды өңдеуде қолданылатын химикаттар мен өңдеуді химиялық принциптерін түсіндіру.

    4. Өңдеу жүйесінің компоненттері.


Модуль 17.Эмульсиялар
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет