Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Бұрғылау бағдарламасы
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог
Астана 2012ж.
Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама2012ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
бет
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
194
|
2.
|
Курстың мазмұны
|
195
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
198
|
4.
|
Оқыту ресурстары
|
198
|
5.
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
198
|
6.
|
Курсты бағалау жүйесі
|
198
|
Түсіндірме жазба
Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)
«Бұрғылау бағдарламасы» пәні студенттерді бұрғылауды жоспарлау, бұрғылау жобасын басқару және бағдарламасы, бағдарламаны құрастыру, күнделікті есептер мен шығындық бақылау тәріздес ұғымдармен таныстырады.
Модульдердің жалпы саны: 8
Сағат саны: 60
Кредиттер саны: 3.0.
«Бұрғылау бағдарламасы» пәнінің бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде оқытудың жаңа техногияларын (кредиттік, модульдік және т.б.), электрондық оқулықтарды, аудио және видео материалдарды, көрнекілік құралдарын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
Өндірістік практика оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар нақты өндіріске сәйкес жабдықталған оқу орнының шеберханаларында жүргізіледі.
«Бұрғылау технологиясының тереңдетілген курсы І» пәнімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
Курстың мазмұны
Модуль 1. Ұңғыма діңгегіндегі төмендеген гидростатикалық қысымда бұрғылау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Депрессиядағы бұрғылау процесін (ДБП) сипаттау.
Модуль тапсырмалары:
1.1 «Депрессиядағы бұрғылау процесі (ДБП)» терминіне анықтама беру.
1.2 «Депрессиядағы бұрғылау процесі» мүмкін жайларды сипаттау.
1.3 Депрессиядағы бұрғылау процесіне қажетті жабдықтар.
1.4 ДБП жұмыс принципін сипаттау.
1.5 Қажетті есептеулерді орындау.
1.6 ДБП қауіпсіздігіне төнген қатерді көрсету.
Модуль 2. Шегендік бұрғылаумен танысу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Шегендік бұрғылау процесін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары:
2.1 «Шегендік бұрғылау» терминіне анықтама беру.
2.2 Шегендік бұрғылау мүмкін болатын жайттарды сипаттау.
2.3 Шегендік бұрғылауға қажетті жабдықтарды сипаттау.
2.4 Шегендік бұрғылаудың жұмыс істеу принципін түсіндіру.
Модуль 3. Иілгіш құбырларда забойлық қозғалтқышпен бұрғылау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Иілгіш құбырларда забойлық қозғалтқышпен бұрғылаудың жұмыс принципін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары:
3.1 «Иілгіш құбырларда забойлық қозғалтқышпен бұрғылау» терминін түсіндіру.
3.2 Иілгіш құбырларда забойлық қозғалтқышпен бұрғылау тәсілінің қолдану мүмкіндіктерін сипаттау.
3.3 Иілгіш құбырларда забойлық қозғалтқышпен бұрғылауға қажетті жабдықтарды сипаттау.
3.4 Иілгіш құбырларда забойлық қозғалтқышпен бұрғылау жұмысының принципін баяндау.
Модуль 4. Ұңғымаларды жою реті
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Ұңғымаларды жоюдың қабылданған ретін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары:
4.1.«Ұңғыманы жою» терминіне анықтама беру.
4.2. Ұңғыманы жою жолдарын сипаттау.
4.3. Ұңғыманы жоюға қажетті жабдықтарды сипаттау.
4.4. Ұңғыманы жою принцпитерін сипаттау.
4.4. Ұңғыманы жоюға қатысты нормативті-құқықтық құжаттарды көрсет.
4.5.Ұңғыманы жою кезіндегі қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларды көрсету.
Модуль 5 . Жаңа технологиялар
Оқытудың нәтижесі:
Жаңа технологияларды сипаттау.
Модуль тапсырмалары:
5.1 Жаңа технологиялар жайлы айту.
5.2 Жаңа технологиялардың қолдану жолдарын сипаттау.
5.3 Жаңа технологияға қажетті жабдықтар.
5.4 Жаңа технологияның принциптерін сипаттау.
Модуль 6. Жоспарлау тобы
Оқытудың нәтижесі:
Бұрғылау бағдарламасын жасау.
Модуль тапсырмалары:
6.1 Раскустовканы дайындау.
6.2 Жалдауға алынған бұрғылау телімдерін белгілеу.
6.3 Өрт сөндіретін апаттық-құтқару қызметін және апаттың алдын алу жұмыстарын көрсету.
6.4 Бұрғылау жоспарын дайындау.
6.5 Жоспардың өндірістік стандарттар мен ережелерге сай екендігін көрсету және тексеру.
6.6 Жергілікті жерде орнатылған ережелерге дайындалған жоспардың сай болуын қамтамасыз ету.
6.7 Пайда болған техникалық қиыншылықтарды - мәселелерді шешудің әдістері мен стратегияларына сұрақ қою арқылы шешу.
6.8 Жобалар үшін нормативтік талаптар мен олардың салдарларын анықтау.
6.9Жоба бойынша жұмыстың заң шығару және нормативтік құжаттарға сәйкестігін көрсету және тексеру.
6.10Модельдеу және зерттеу әдістерін қолдану арқылы альтернативті шешімдерді құрау және сараптау.
6.11 Жобаның бюджеттік сметасын дайындау.
6.12 Жобалық ұсыныстар дайындау.
6.13 Жобаны іске асыру үшін мамандардан тұратын қызметкерлер тобын құру. Онда әр адамның міндеттері, құқықтары, жауапкершіліктері және өкілеттіктері анық айқындалған болуы керек.
6.14 Техникалық ақпарат көздеріне рұқсат алу және оларды зерделеу.
6.15 Жоба бойынша жұмыстың орындалу өлшемін, бағалау әдісін құру. Жоба үшін альтернативті шешімдерді сараптау.
6.16 Жоспарлау бөліміне салалық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану.
Модуль 7. Жоба құру
Оқытудың нәтижесі:
Бұрғылау бағдарламасының жоспарын құру.
Модуль тапсырмалары:
7.1 Қауіпсіздігіне төнетін қауіптерді көрсету.
7.2 Жұмыстарды атқарудың қауіпсіз әдістерін қолдану.
7.3 Бекітілген шығын формасын дайындау.
7.4 Лицензия алуға мәлімдеме даярлау.
7.5 Ұңғыма макетін жасауда салалық бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану.
7.6 Жобаның өндірістік стандартқа сәйкестігін тексеріп, көрсету.
7.7 Проблемаларды шешудің стратегиялары мен әдістері арқылы кездесетін техникалық қиыншылықтарды шешу.
Модуль 8. Жобаны басқару
Оқытудың нәтижесі:
Бұрғылау жобасын басқару.
Модуль тапсырмалары:
8.1 Бюджетті тексеру және басқару, сәйкессіздіктерді сараптау.
8.2 Салалық бағдарламалық қамтамасыз етуді ұңғыманы басқару үшін қолдану.
8.3 Мемлекеттiк қадағалау органдарының сұрау салуы бойынша құжаттаманы және есептеу нәтижелерiн дайындау.
8.4 Өндірістік стандарттар мен ережелерге сәйкестігін тексеру және көрсету.
8.5 Жобаның қоршаған ортаға әсері, еңбек гигиенасы және техника қауiпсiздiгiн есепке ала отырып, қызметiн келiсу.
8.6 Келісілген бюджеттен шығынды асырмау үшін бақылау әлістерін қолдану.
8.7 Жұмыстың барысы мен жағдайы жайлы есеп дайындау.
8.8 Теориялық практикалық және қолданбалы зерттеулер үшін қолданылатын барлық әдебиеттердің тізімі берілген, талапқа сай безендірілген техникалық есеп дайындау.
Оқыту әдістері:
- Аудиториядағы талқылау
- Бағалау
- Өзіндік жұмыс
- Зертханалық жұмыс
Оқыту ресурстары:
Ғылыми зерттеуде қолданылатын программаланбаған есептеу құрылғысы
Бұрғылау зертхана (Ф216)
Компьютерлік зертхана
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
5.1. Ұңғыманы бұрғылау мен жоспарлаудың қолданбалы оқу құралы,
ISBN№: 0-87814-696-2
5.2. Теріс дифференциалдық қысымда бұрғылауға қажетті газ көлеміне
қойылатын талаптар, ISBN№: 0-87814-802-7
5.3. Мұнай ұңғымасын бұрғылаудың технологиясы бойынша кеңейтілген
нұсқау (SPE Textbook)
5.4. Бұрғылау, өндіру және ұңғыманы сөндірудің есептеулері мен
формулалары; ISBN№:0-75067-452-0
5.5. Бұрғылау деректері бойынша нұсқау, ISBN№: 2-7108-0756-4
5.6. Орнықтырылған ұңғыма мен дебиттің тіркелуін бағалау,
ISBN№: 0-87814-456-X
5.7. Техникалық емес тілдегі каротаждық жұмыстар, ISBN№: 0-87814-825-6
ГИС диаграммасы, ISBN№: 0-87814-566-4
5.8. Каротаждық диаграммалардың теориясы, өлшеулері және дешифровкасы,
ISBN№: 1-55563-056-1
5.9. Забойды газбен немесе ауамен үрлеу әдісімен бұрғылаудың оқу құралы,
ISBN№: 0-07-039312-5
5.10.Бұрғылаудың қолданбалы технологиясы (SPE Textbook Series, Vol. 2,
ISBN№: 1-55563-001-4, www.SPE.org
Курстың бағалау жүйесі
Аудиториядағы тапсырмалар
|
10 %
|
Ауызша немесе жазбаша сұрауы
|
20 %
|
Аралық бақылау
|
25 %
|
Қорытынды емтихан
|
45 %
|
Барлығы
|
100 %
|
Бағалау шкаласы
Пайыздық баға
|
Әріптік баға
|
Балдық баға
|
90-100
|
A+
|
4.0
|
85-89
|
A
|
4.0
|
80-84
|
A-
|
3.7
|
77-79
|
B+
|
3.3
|
73-76
|
B
|
3.0
|
70-72
|
B-
|
2.7
|
67-69
|
C+
|
2.3
|
63-66
|
C
|
2.0
|
60-62
|
C-
|
1.7
|
55-59
|
D+
|
1.3
|
50-54
|
D
|
1.0
Ең төменгі өту балы
|
0-49
|
F
|
0.0
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Мұнай жобаларының экономикалық есебі
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог
Астана 2012ж.
Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама2012ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
бет
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
204
|
2.
|
Курстың мазмұны
|
205
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
212
|
4.
|
Оқыту ресурстары
|
212
|
5.
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
212
|
6.
|
Курсты бағалау жүйесі
|
213
|
Түсіндірме жазба
Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).
«Мұнай жобаларының экономикалық есебі» пәні мұнай-газ өндіруші өнеркәсіптегі жобаларды барлау және өңдеу принцип пен процесстерін, жобаның алдын ала тексеруін, өсу экономиканы, өндіру көлем болжауын, толық экономикалық есептеу және маркетингті қамтиды
Модульдердің жалпы саны: 4.
Сағат саны: 75.
Кредиттер саны: 3,0
«Мұнай жобаларының экономикалық есебі» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, сыныптағы талқылауын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
«Мұнай газ секторында ЭЕМ қолдану», «Кен орынын өңдеу технологияларының негіздері», «Мұнай мен газды ұңғыма арқылы өндіру» пәндерімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Мұнай өндiру өнеркәсібіндегі экономикалық есептеулер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Мұнай өндiру өнеркәсiбіндегi жобаның экономикалық көрсеткiштерінің маңыздылығы және оның алдағы уақытта өнеркәсіптің дамуына ықпалын түсiндiру.
Модуль тапсырмалары:
Мұнай жобаларының қабылдануы үшiн қойылатын талаптарды түсiндiру.
1.2 Капитал жеткіліксіз болған жағдайда мұнай жобаларын бағалаудың қажеттілігін түсіндіру.
Модуль 2. Сый ақыны есептеу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Қарапайым қарыздар мен инвестициялар үшін бастапқы және соңғы сальдоны, жылдық пайыздарды есептеу.
Модуль тапсырмалары:
2.1 Қарапайым пайыздар әдісімен қарыз бен инвестиция үшін бастапқы/соңғы сальдоны, жылдық сый ақыны есептеу.
2.2 Күрделі пайыздар әдісімен қарыз бен инвестиция үшін бастапқы/соңғы сальдоны, жылдық сый ақыны есептеу.
2.3 Қаржылар қозғалысының диаграммасын құру.
Модуль 3. Капиталдау және дисконттау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Күрделi пайыздардың теңдеуiн қолданып, келешек және ағымдағы құнды есептеу.
Модуль тапсырмалары:
3.1 Күрделі пайыздар теңдеуі арқылы қазіргі инвестициялаудың келешек кұнын есептеу
3.2 Дисконттау мөлшерлемесінің теңдеуі арқылы келешек инвестициялаудың қазіргі кұнын есептеу.
3.3 Келешек және дисконтталған құнды анықтау үшін қазіргі/келешек (Present/Future) және келешек/қазіргі (Future/Present) жағдайлар диаграммаларын қолдану.
3.4 Күрделі пайыздар теңдеуі арқылы инвестицияның мерзімін есептеу.
3.5 Қарапайым инвестиция үшін күрделі пайыздар мөлшерін есептеу.
Модуль 4. Қаржының уақытша құны
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Мұнай өндірудегі қарапайым инвестициялық жобалар бойынша «Қаржының уақытша құны» принципін қолданып, ұсыныстар беру.
Модуль тапсырмалары:
4.1 «Қаржының уақытша құны» принципін түсіндіру.
4.2 Қарапайым инвестициялық жобалар жиындары үшін экономикалық теңдікті есептеу.
4.3 Қарапайым инвестициялық жобаларды қабылдау үшін ұсыныстарды тұжырымдау.
Модуль 5. Тең үлесті төлеулердің реті
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Мұнай өндіру өнеркәсібінде инвестициялар мен қарапайым қарыздар үшін жылдық және айлық төлемдерді есептеу, тең үлесті төлемдер реті үшін теңдеуді қолдану.
Модуль тапсырмалары:
Орта мерзiмдi қарыз үшiн жылдық немесе айлық төлеулерді есептеу.
Орта мерзімді инвестиция үшiн жылдық немесе айлық төлеулерді есептеу.
Берілген сыйақы бағамымен инвестицияның мерзiмiн есептеу.
Қазіргі немесе болашақтағы қарыздың немесе инвестицияның бағасын есептеу.
5.5 Тең үлесті теңдеуді қолданып, капиталды және қолдану (эксплуатациялық) шығындардың жылдық эквивалентін есептеу.
5.6 Тең үлесті теңдеуді қолданып, қарапайым жоба бірлігінің өзіндік құнын есептеу.
Модуль 6. Жобаның алдын ала тексерілуі
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Қарапайым жобаларға арналған экономикалық параметрлерін есептеу және жобаның қабылдануына ұсыныстар беру.
Модуль тапсырмалары:
6.1 Қарапайым жобаларға жұмсалған қаржының қайту мерзiмiн есептеу.
6.2 Берілген дисконт мөлшермесімен қарапайым жобаларға жұмсалған қаржының қайту дисконтты мерзiмiн есептеу.
6.3 Қарапайым жобаның келешектегі бағасын есептеу.
Қарапайым жобаның қазіргі уақыттағы бағасын есептеу
6.5 Қарапайым және күрделі инвестициялық жобалардың дисконты мөлшермесімен салыстырғанда таза келтiрiлген құн көрсеткiшiнің (NPV) сызбасын құру.
6.6 Қарапайым және күрделі инвестициялық жобалардың рентабельдік нормаларын график түрінде анықтау.
Жобаны қабылдауға ұсыну.
Модуль 7. Өсу жобасының сараптамасы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Жобаның дамуының әр түрлі сценарийлері бойынша қаражат ағындарынның өсуі мен жобаның таза келтірілген құнын есептеп, жобаны іске асырудың жоспарын қабылдауға ұсыныс беру.
Модуль тапсырмалары:
7.1 Жобаның дамуының әр түрлі сценарийлері бойынша таза келтірілген құнын (NPV) және рентабельдіктің ішкі нормасын (IRR) қаражат ағындарын есептеу
7.2 Жобаның дамуының әр түрлі сценарийлері үшін таза келтірілген құнын және қаражат ағындарының өсуін есептеу.
Дамудың әр түрлі сценарийлері үшін рентабельдіктің ішкі нормасының өсуін есептеу.
Дамудың әр түрлі сценарийлері үшін дисконттау мөлшерлемесімен салыстырғанда таза келтірілген құнның мәліметтерін талдау.
Дисконттау мөлшерлемесіне байланысты «Ең жақсы даму сценарийінің» өзгеруін түсіндіру.
Берілген корпоративті дисконттау мөлшермесі бойынша нақтылы сценарийді қабылдауға ұсыну
Модуль 8. Сезімдіктің сараптамасы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Жобаның бақылаушы айнымалыларын анықтау, сезімдіктің сараптамасын жүргізу және жобаны қабылдауға ұсыну.
Модуль тапсырмалары:
8.1 Жобаның бақылаушы айнымалыларын анықтау.
8.2 Сезімдіктің толық сараптамасын орындау және әр түрлі сезімдіктердің таза келтірілген құнын есептеу.
8.3 Сезімдіктің сараптамасының нәтижесі бойынша сезімдік диаграммасын (спайдер-диаграмма) құру.
8.4 Сезімдік диаграммасын (спайдер-диаграмма) құру, ең сезімтал және сезімтал емес айнымалыларды анықтап, қабылдау шегін табу.
8.5 Сезімдіктің шектері бойынша жобаны қабылдау немесе қабылдамау жайлы ұсыныс құру.
8.6 Сезімдіктің қарапайым сараптамасын жасап, әр түрлі сезімдіктер үшін таза келтірілген бағаны есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |