Мұғалім
тәжірибесіндегі зерттеу
30
МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ
Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге
қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін
кәсіби тұрғыдан ой толғауға
қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін зерттеп, оны өзгертуге дайын маман ретінде та-
ныту үшін қажет.
Кәсіби даму бағдарламасының өн бойында мұғалімдер Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі
зерттеу тәсілдерімен танысады. Олар бұл зерттеу түрлерін өз тәжірибелік қызметінде қолданып,
оның нәтижелеріне талдау жасай алатынын көрсетулері керек. Нәтижесінде мұғалімдер
Сабақты зерттеу үдерісінің
қалай өтіп, қандай нәтиже бергені туралы рефлексиялық есеп
және іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінің барысы туралы сараптамалық есеп жазады. Мұғалімнің
Бағдарламаны табысты игерудің төмендегі үш критерийіне сәйкестік
деңгейін анықтауда
олардың оқудың соңында жазатын рефлексиялық және сараптамалық есептері айрықша мәнге
ие болады:
1.
Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
2.
Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламада ұсынылған зерттеу түрлерін
қолдану.
3.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: