Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
6
ларына сындарлы жауап беруге ұмтылады. Мектеп тренерлері талқы жүргізуге
және топта
орындалатын тапсырмаларға барлық тыңдаушылардың қатысуын қолдап, ынталандырып оты-
рады. Сыныптағы және шағын топтардағы бірлескен жұмыс ережесі оқу үдерісінің басын-
да белгіленеді. Ол ережені барлық тыңдаушылардың қатысуымен құрған дұрыс, алайда онда
төмендегі тармақтар міндетті түрде қамтылуы тиіс:
•
әр тыңдаушыға пікір білдіруге мүмкіндік беру;
•
басқаларды тыңдау;
•
сұрақ қойғанда, адамның жеке қасиеттеріне тіл тигізбеу.
Мектеп тренерлері үздіксіз кәсіби білім алудың маңызын және оның өздерінің және
басқалардың оқу мен тәжірибелік жұмысын қалай дамыта және жақсарта алатынын
түйсінеді.
Мектеп тренерлері Бағдарлама мұғалімдердің тәжірибелік жұмысына да, зерттеу жүргізу
дағдыларына да, оқушылардың білім алу үдерісіне де оң әсер ететіне үлкен үміт артады. Бұны
олардың өз сабақтарын энтузиазммен өткізуінен және олардың мұғалімдердің кәсіби өсуінің
келешегіне сеніммен қарайтынынан көруге болады. Олар тыңдаушылардың меңгерген біліміне
қарай әр
сабақтың тиісті бағасын беріп, алдағы сабақтарын жетілдіру жолдарын іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: