Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
Ашық тапсырмалар 
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер 
келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық 
тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше 
сөздерден (қысқа жауап) толық дәлелді пайымдауларға (толық жауап) дейін болуы мүмкін.
Қысқа жауапты
қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір 
сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты 
жауап беруі қажет. 
Толық жауапты
қажет ететін тапсырмаларды бірнеше кезеңден тұратын түрлі 
сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындау 
қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады. 
Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген 
сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі 
аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел түрінде келтіру, мәселені шешудің 
жолдарын ұсыну және т.б. дағдыларды меңгеруі тексеріледі. 
Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар: 

Тапсырмада немесе сұрақта анық және дәл тұжырымдауды қолданыңыз.

Сұрақтарды ақпараттық және сұраулы мәндегі сұрақтар деп бөліңіз.

Оқушының жас ерекшелігін, мәдениетін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, 
яғни тапсырмалар оқушыға түсінікті, қолжетімді берілуі қажет.

Жауап үлгісін тиянақтаңыз, нұсқалардың барлық мүмкіндігін есепке алыңыз, 
берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолданыңыз.

Жауаптың әр бөлігіне жинақталған балды қалай бөлу қажеттігін көрсетіңіз 
(«Оқушылардың жұмысын бағалау үдерісі» бөлімін мұқият қараңыз). 

Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптесіңізді 
қатыстырыңыз. Қажет болған жағдайда түзетіңіз, құрастырылған тапсырмаға 
өзгерістер енгізіңіз.


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет