Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет39/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқу бағдарламасы 
оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен 
дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың 
тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген құжат. 
Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім беру 
стандартының талаптары негізінде әзірленеді 
Оқу мақсаттары 
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, 
түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді 
қалыптастыратын тұжырым 
Ортақ тақырып 
нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер 
аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын 
мазмұны бірыңғай ортақ компонент 
Педагогикалық 
өлшеулер 
білім алушылардың оқу жетістігін өлшеу және бағалау әдістері мен 
құралдарын әзірлеп, қолданумен шұғылданатын педагогика саласы 
Реттілікті анықтау 
тапсырмасы 
көрсетілген әрекеттер мен амалдардың, оқиғалардың дұрыс реттелген 
тізбегін анықтауға берілген тапсырма 
Рефлексия 
қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-
өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі 
Рубрика 
бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері 
деңгейлерін сипаттау тәсілі 
Салыстыру және 
сәйкестендіру 
тапсырмасы 
берілген екі жиынның (тізімнің) сәйкес элементтерін анықтап, 
көрсетуге берілген тапсырма 
Скаффолдинг 
(көпіршелер тұрғызу), мұғалімнің білім алушының жақын арадағы 
даму аймағында жұмыс істеуіне және оның өз бетінше орындай 
алмайтын тапсырмаларды орындауына интерактивті қолдау көрсетуі. 
Тапсырманың 
кілті 
тапсырманың дұрыс жауабы 
Тест валидтілігі 
(ағыл. 
validity of test
), тапсырманың бағаланатын нысанды дәл 
өлшейтінін көрсететін жарамдылығының маңызды белгісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет