Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Сенімділікті анықтау әдістемесі



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сенімділікті анықтау әдістемесі
Әдіс 
Процесс 
Тестілеу/ 
қайта 
тестілеу 
Белгілі бір тест немесе дәл сол тестінің балама нұсқасы бір топтағы оқушыларға 
әртүрлі уақытта қолданылады. Содан соң екі нәтиженің жиынтығы сенімділік 
коэффициентін есептеу үшін салыстырылады. Бұл әдіс бағалау нәтижелерінің 
уақытқа қатысты немесе сол тестінің балама нұсқалары арасындағы үйлесімділік 
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Ішкі 
үйлесімділік 
 
Түрлі тапсырмалар немесе бөлімдер бойынша бағалау нәтижелерінің қаншалықты 
жақсы және қаншалықты байланысты екендігі салыстырылады. Ол үшін әртүрлі 
әдістерді қолдануға болады, мысалы, тест тапсырмаларын екі бөлікке бөліп, әр 
бөліктегі нәтижелерді салыстыратын қақ бөлу әдісі (сплитхаф әдісі – тең бөлу). 
Осы түрдегі сенімділік коэффициентін анықтаудың күрделі статистикалық әдістері 
де бар. Мысалы, тест тапсырмаларына арналған оқулықтарда сенімділік 
коэффициентіне қатысты Кронбахтың альфа коэффициентін, Кудер Ричардсонның 
20 немесе 21-формулаларын қолдану туралы мысалдар қарастырылады. 
Бағалаушы-
лар 
арасындағы 
дәйектілік
 
Түрлі бағалаушылардың нәтижелерін келісім деңгейін анықтаумен салыстыруға 
болады. Бұл әдіс екі немесе одан да көп бағалаушылардың бірдей тапсырманы 
орындауы қаншалықты жүйелі екенін көрсету үшін қолданылады. 
Біліктілікті бағалау мазмұнында қолданылғанда бұл бірқалыптылық әдісі деп 
аталады.


33 
Сыныптағы бағалаудың сенімділігі 
Мұғалімдердің өздері құрастыратын тестілеу не бағалау тапсырмаларының сенімділік 
коэффициентін есептеуге немесе өлшеудегі стандартты қателіктерге сипаттама беруге 
уақытын бөлуі екіталай. Алайда бұл сенімділік мәселесі сыныптағы бағалауға қатысы жоқ 
дегенді білдірмейді, оқушыларды бағалауға қатысты шешімдер мен тұжырымдардың сенімді 
бағалау нәтижелеріне негізделуі аса маңызды болып табылады. Сонымен мұғалім өзінің 
сыныптағы бағалауының сенімді екендігіне қалай көз жеткізе алады? Джеффри Смиттің 
(2003) пікірінше, сыныптағы бағалауға сенімділіктің балама (альтернативті) анықтамасы 
көбірек келеді деп тұжырымдайды. Ол «ақпараттың жеткіліктілігі» идеясын ұсынады. 
Смиттің пікірі бойынша, сыныптағы бағалаудың нақтылығы туралы пайымдау: «Бағалау осы 
оқуға қатысты әр оқушының үлгерім деңгейін айқындау үшін қажетті ақпараттарды ұсына 
ала ма?» деген мәселе төңірегінде құрылуы тиіс (Смит, 2003).
Тейлор және Нолан (1996) да осы көзқарасты қолдайды. Олардың айтуынша, 
«бағалаудың кең ауқымдылығы ұзақ мерзімді бағалау мақсатына қызмет ете алады – 
ақпараттар мен нақтылық дәлелдерінің дереккөздері неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым 
сенімді шешім қабылдауға болады».
Мұндай анықтама ақпараттың қанша көлемі жеткілікті болатыны туралы сұрақты 
туындатады. «Жеткілікті ақпарат» пен мүлдем ұзаққа созылатын (ұзақ мерзімді) бағалау 
арасында айырмашылық бар. Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай емес, ақырында мұның 
барлығы кәсіби пайымдауға саяды. Дегенмен осы сұраққа қатысты Энн Дэвис бірқатар 
ұсыныстар берген (2000). Ол мұғалімдер триангуляция тұжырымдамасын сыныптағы 
бағалаудың сенімділігі мен негізділігін арттыру тәсілі ретінде қолданады деп санайды.
Триангуляция кез келген шешім қабылдаудың негізі ретінде бағалау дәлелдемелерінің 
үш түрлі дереккөзін қолдануды қамтиды. Энн Дэвистің тұжырымдауы бойынша, бұл салалар 
– оқушылардың оқуын, олардың көрсеткен нәтижесін (оның ішінде тест нәтижелерін), 
сондай-ақ олардың әңгімелесуін бақылау. Мұғалімдер осы дереккөздердің әрқайсысының 
дәлелдерін қарастырған және жинақтаған жағдайда, тек бір салаға немесе нәтижеге 
сүйенгеннен гөрі оқушылардың ілгерілеуі туралы сенімді және анағұрлым толыққанды 
шешім шығара алады. Сенімділікке қатысты проблема, шын мәнінде, бағалау барысында 
кездейсоқ нұсқалар орын алуы ықтималдығына байланысты. Бұл оқушыларды бағалау 
барысында, әсіресе бағалау нәтижелері жекелеген оқушыларға қатысты және/ немесе олар 
қатысатын оқу бағдарламаларына қатысты шешім қабылдау үшін қолданылатын кезде 
ескерілуі тиіс.
Ескертпе: сенімсіз нәтижелер оқушылардың үлгерімі туралы негізделген дәйекті шешім 
қабылдауға мүмкіндік бермейтінін есте ұстау маңызды. Дегенмен бағалау нәтижелерінің 
сенімді болуы да біздің оқу мазмұнын дұрыс бағалайтынымызды білдіре бермейді. Демек, 
бағалаудың сенімділігі аса қажетті, бірақ бағалаудың валидтілігін білдіру үшін жеткіліксіз 
шарт болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет