Фотонды заттың микробөлшектерімен (атоммен, молекуламен)сәулелендіру сыртқы электромагниттік өріспен шақырыла (индукциялана)алады. Мұндағы фотонның еріксіз (индукцияланған) сәулеленуініңықтималдығы, ішінде осындай фотондардың N-ы бұрыннан бар жүйедегіберілген жиіліктер, бағыттар мен полярлану N-ге пропорционал болып шықтыжәне еріксіз емес (өзбетімен) сәулелену ықтималдығынан N есе артық.Фотондардың сәулеленуінде елеулі ерекшеліктер бар. Біріншіден, сыртқымонохроматты өріс әсерінен сәулеленген жарық квантының жиілігі сыртқы өрісжиілігімен дәл сай келеді. Екіншіден, сәулеленген фотонның таралуы менполярлану бағыты сәулеленуімен шақырылатын электромагниттік өріс таралуымен полярлануы бағытымен сай келеді. Сонымен, жалпы сыртқы өріс әсеріндеболатын жекеленген элементарлық сәуле таратқыштар сәулеленуі когеренттіболады. Жарық кванттарының еріксіз сәулеленуінің бұл ерекшеліктерілазерлердің белсенді ортасына тән сипаттар және қуатты монохроматтысәулеленуді күшейту және қалыптастыру үшін тиімді қолданылады.