Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


«Денсаулық», «Қатынас», «Таным»



Pdf көрінісі
бет10/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», 
«Шығармашылық», «Әлеумет»
білім беру салалары мазмұнын ықпалдастыруды 
қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
«
Денсаулық
» білім беру саласының мақсаты денсаулығы мықты, дене бітімі 
дамыған баланы тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде 
қарауды қалыптастыру болып табылады. 
«Денсаулық» білім беру саласына ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім 
жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесу, тәрбиеленушілердің 
негізгі қимыл түрлерін игеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды, қимыл-қозғалыс 
тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті 
дамыту, түрлі қимылды ойындарды өткізу, спорттық жаттығуларды орындау, спорттық 
ойындардың элементтерімен танысу енгізілген. 
«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны: 
- баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға;
- тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында, төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыруға;
- шығармашылық, танымдық, тілдік қабілеттерді қолдана отырып, негізгі 


қимылдарды жетілдіру арқылы тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс тәжірибесін 
байытуға бағытталған. 
«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі: 
1) дене шынықтыруды (ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге 
арналған бейімделген дене шынықтыру); 
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қамтиды. 
«
Қатынас
» білім беру саласының мақсаты ауызекі сөйлеуді қалыптастыру, 
өмірдегі түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын игеру, оқу мен жазудың 
алғышарттарын қалыптастыру болып табылады. 
«Қатынас» білім беру саласы тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде балалар 
әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі және байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп оқу мен 
мазмұндауды, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, белсенді сөздік қорын байытуды, 
тілдік нормаларды игеруді, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің бірін дамытуды 
қамтиды. 
«Қатынас» білім беру саласының мазмұны коммуникативтік біліктер мен 
дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуді дамытуға, сөздік 
қорды байытуға, балалар әдебиетіне қызығушылықты дамытуға бағытталған. 
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 
1) сөйлеуді дамытуды; 
2) көркем әдебиетті;
3) сауат ашу негіздерін; 
4) қазақ тілін (орыс тілінде оқытатын топтарда), орыс тілін (қазақ тілінде оқытатын 
топтарда) және шет тілдерінің бірін; 
5) драманы; 
6) әліппені қамтиды. 
«
Таным
» білім беру саласының мақсаты мектеп жасына дейінгі баланың жеке 
тұлғасын қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл жасаудағы қажетті танымдық іс-әрекеттің 
қарапайым дағдыларын меңгеруі үшін дамыту болып табылады. 
«Таным» білім беру саласы санау дағдыларын, геометриялық пішіндер туралы 
түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи 
және қалдық материалдар мен конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі 
табиғат заттары мен құбылыстары туралы білімдерді кеңейтуді қамтиды. 
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 
1) сенсориканы (1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбек жасы топтарында), математика 
негіздерін; 
2) құрастыруды; 
3) жаратылыстануды қамтиды. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет