Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

 
Белсенді оқу 
Белсенді оқудың білім беру саласында әртүрлі атаулары көп, дегенмен 
эмпирикалық оқу, тәжірибелік оқу немесе «оқыту» деп аталса да, ол үстелде отырып, 
жай ғана педагогті тыңдап отырған оқушыны емес, оқу үдерісіне белсенді қатысатын 
оқушыларды сипаттайды. Олар жалпы оқып-үйрену тәжірибесін қалыптастыру үшін
көру, иіс сезу, дыбыстау және жанасу сияқты көптеген сезімдерді пайдаланады. 
Балалар идеяларды іздестіруге белсенді қатысып, өз бетінше тәжірибе жинақтаған 
кезде білімді жақсы меңгереді. Белсенді оқу балалардың тиімді және есте қалатындай 
оқуына көмектесумен қатар, өзі оқитын топты қызықты және тартымды ортаға 
айналдыруға да ықпал етеді. Ол оқушыларға өз білімін пайдалана білуге, пәннің 
мазмұнын тереңірек түсінуге көмектесу арқылы алған білімі мен ойлауын терең кіріктіре 
отырып, дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқытуды қызықты, шығармашылықпен және бірегей әрекеттермен оқыту тәсілін 
тапқан өз тобындағы балалардың тәртібі бойынша қиындықтар көрмейді, өйткені 
олардың мұқтаждықтарын қанағаттандыра алады. 
Белсенді оқитын балалар өзіне сенімді, оқуды жақсы көреді, қарым-қатынас 
дағдылары жақсырақ дамиды және олар ақпаратты есте жақсы сақтайды.


Ойын арқылы оқу

«
Ойын»
 
балалардың назарын аудару, көңілін аулау, қызықтыру үшін жүзеге 
асырылатын таңдау бойынша іске асыруға болатын әртүрлі іс-әрекет түрлерін қамтиды.

Ең кішкентай балалар, тіпті сәбилер де ойнауға бейім болады, олар дыбыстар мен 
қарапайым әрекеттерді қызығушылықпен зерделейді, сондай-ақ өздерін қызықтыратын 
заттарды зерттеуге қызығушылық танытады. 

Ойын физикалық тұрғыдан өмірлік маңызы бар негізгі қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін аса қажетті болып табылмайды. Алайда ойын балалардың дамуы 
барысында оқытудың кең ауқымын қамти отырып, олардың эмоционалдық әл-ахуалын 
демеп отырады деп есептеледі.
Ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде қолдану балалардың танымдық 
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. 
Ойын арқылы оқыту технологиясының негізгі элементтері: 
- ойынның алдына нақты оқу мақсаты қойылады; 
- нақты педагогикалық нәтижеге қол жеткізіледі; 
- оқу қызметі ойын тәртібіне бағынады; 
- оқу материалдары ойын құралдары болып табылады. 
Ұжымдасқан қызмет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері 
балаларға басқалардың пікірімен санасуды, ойын нәтижесін болжауды, өз бетінше 
белгілі бір іс-әрекеттерді жоспарлауды, мақсатқа жету жолдарын айқындауды үйретеді.
Тәрбиелеу мен оқытуға арналған ойындарды да үш топқа бөліп қарастыруға 
болады:

педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын; 
- құрылымдалған ойын; 
- еркін ойын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет