Білім беру бағдарламасы тыңдаушыларының портфолиоларын жиынтық бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережелері 1



Pdf көрінісі
бет4/64
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#79373
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Жиынтық бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу ережелері

оқу-әдістемелік кешен – 
Курстар бағдарламасы бойынша
тыңдаушылардың оқу материалдары; 
21)
алынып тасталды;
21-1) 
әдістемелік-жүйелік кешен
– 
ДББҰ тәжірибесін Қазақстан 
Республикасының білім беру ұйымдарына тарату үшін әдістемелік ресурстар 
мен өзге де материалдарды қамтитын және орта білім беру мазмұнын 
жаңарту шеңберінде пайдаланушыларға көмек көрсету үшін электрондық 
алаң ретінде қызмет ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың 
ұйымдастырушылық реттелген жиынтығы.
2. БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
5.
Оқыту орталығы:
1)
Курстар басталғанға дейін бес күн ішінде ПӨО-н төмендегілермен
қамтамасыз етеді: 
-
оқу-әдістемелік кешен; 
-
оқыту орындары, оқу тілі және тыңдаушылар саны көрсетілген 
курстарды өткізу кестесі; 
2)
Курстың бірінші аптасының үшінші күні ЖСН, оқыту орындары,
бағдарламасы, оқу тілі көрсетілген тыңдаушылар тізімдерін ПӨО-на 
жібереді;
3)
тыңдаушылардың әр түрлі себептерге байланысты Курстардан
шыққандығы туралы олардың шыққан күні ПӨО-ға хат жіберу арқылы 
хабарлайды. 
6.
ПӨО:
1)
тыңдаушылардың портфолиосын бағалау проформаларын жасайды;
2)
Бағалау рәсімдерін ұйымдастырады және өткізеді;
3)
тыңдаушыларды бағалау тізімдемесін тіркейді;
4)
ПӨО директорының немесе оның міндетін атқарушының
бұйрығымен ПӨО-ның қызметкерлері арасынан эксперттерді және жауапты 
менеджерді тағайындайды. 
7.
Тыңдаушылар Курстардағы оқудың қорытындысы бойынша
Бағалауға екі бөлімнен тұратын портфолионы жинақтайды: 



1)
«А» бөлімі - бөлім/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары; 
2) «
В» бөлімі - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
8.
Оқудың соңғы күні сағат 18:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша)
тыңдаушылар портфолиоларының электронды нұсқасын ПӨО порталына 
жүктейді: cpi.nis.edu.kz. 
9.
Бағалау Курстар аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн ішінде ПӨО
эксперттері арқылы қашықтықтан жүргізіледі. 
10.
Осы Ережелердің 1 Қосымшасында көрсетілген бағалаудың 18
компоненті бойынша тыңдаушылар портфолиосының бөлімдеріндегі 
тапсырмалардың бағалауы келесі бағалау шәкілі бойынша іске асырылады: 
1)
тапсырмалары бағалау компонентіне сәйкес келеді – 2 балл;
2)
бір/екі тапсырмасы бағалау компонентіне сәйкес келмейді – 1 балл;
3)
тапсырмалары ұсынылмаған/тапсырмалары бағалау компонентіне
сәйкес келмейді – 0 балл; 
4)
А бөлімінің және/немесе В бөлімінің тапсырмаларында плагиат
анықталды – 0 балл. 
Эксперттердің тыңдаушылар портфолиосын бағалауы кезінде: 
1)
«есептелді» деген шешімі бағалаудың әр компонеттері бойынша
баллдарды қойғанда және портфолионың бөлімдері бойынша максималды 36 
баллдың 20-дан төмен емес баллын жинаған жағдайда қабылданады;
2) «
есептелмеді» деген шешімі бағалаудың компонеттері бойынша 20-
дан төмен балл жинағанда немесе бағалаудың бір компоненті бойынша 0 
балл қойғанда қабылданады;
3)
«есептелмеді» деген шешімі плагиат анықталып, 0 балл қойғанда
қабылданады. 
11.
Плагиат фактілері бойынша тыңдаушының портфолиосын тексеру
келесі реттілікпен жүргізіледі: 
1 кезең - эксперт тыңдаушының портфолиосын плагиатқа онлайн 
сервистерді пайдалана отырып тексереді. Тыңдаушы портфолиосының мәтіні 
бірегейлікке және көшірме мәтін қолданысына тексеріледі. Интернетте 
портфолио мәтініне ұқсас немесе бірдей фрагменттерді тапқан кезде 
антиплагиат бағдарламасы осы үзінділерді сары түспен белгілейді және 
жалпы тексерісті аяқтағаннан кейін плагиат көздеріне сілтеме көрсетеді. 
2 кезең - антиплагиат бағдарламасымен тексергеннен кейін, эксперт 
портфолио мәтінін бірегейлікке тексерудің салыстырмалы талдауын өзі 
жасайды. 
Қандай да бір дереккөзден алынған, бірақ сілтемелермен дұрыс 
рәсімделген ақпарат плагиат ретінде қабылданбайды. 
Эксперт бағалаудың критерийлері мен компоненттері бойынша плагиат 
анықталған жағдайда, плагиат анықталуының дәлелдері көрсетілген 
салыстырмалы кестесі бар негіздемені рәсімдейді. 
12.
Тренерлер:
1)
Курстардың екінші аптасының бірінші күні бекітілген топқа



портфолионы бағалау бойынша тыңдаушыларға нұсқаулық жүргізу уақытын 
эксперттермен келіседі;
2)
эксперттерден 
корпоративті 
электронды 
поштасы 
арқылы
тыңдаушылардың ПӨО порталында жеке кабинетке кіруі үшін логин және 
паролі бар тізімді алады;
3)
тыңдаушыларға логиндері мен паролдерін береді;
4)
Курстардың екінші аптасының төртінші және бесінші күндері осы
Ережелердің 1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша портфолионы бағалау 
проформасын қолдана отырып, бекітілген топтың тыңдаушыларымен бірге 
тыңдаушылар портфолиосының бағалауын ұйымдастырады және жүргізеді; 
5)
ПӨО порталына бекітілген топ тыңдаушылары портфолиосының
жүктелуін тексереді және қадағалайды, ПӨО порталына тыңдаушылар 
портфолиосын жүктеген кезде техникалық ақаулар орын алған жағдайда, 
экспертке хабарлайды. 
13.
ПӨО жауапты менеджері:
1)
Оқыту орталығынан осы Ережелердің 5 тармағының 2)
тармақшасында белгіленген мерзім бойынша ЖСН, оқыту орындары, 
бағдарламасы, оқу тілі көрсетілген тыңдаушылар тізімдерін талап етеді; 
2)
Оқыту орталығы берген тыңдаушылардың тізіміне сәйкес ПӨО
порталында тренерлерге топ тыңдаушыларын бекітеді; 
3)
Курстардағы оқыту бағдарламасына сәйкес ПӨО порталында
эксперттерге тренерлерді бекітеді; 
4)
әр тыңдаушының ПӨО порталына портфолиосын жүктеуі үшін
логиндермен қамтамасыз етеді; 
5)
Курстардың екінші аптасының бірінші күні әр эксперттің жеке
корпоративті электронды поштасына тыңдаушылардың ПӨО порталына кіруі 
үшін паролдерін және логиндері көрсетілген тыңдаушылар тізімдерін 
жібереді; 
6)
Осы Ережелердің 2 Қосымшасына сәйкес форма бойынша ПӨО
порталына жүктелген портфолиолар негізінде тыңдаушыларды тіркейді; 
7)
эксперттерден
cba_course@cpi.nis.edu.kz 
электронды поштасына doc
және PDF форматында портфолионы бағалау проформасын, doc және PDF 
форматында портфолионы бағалау парағын қабылдайды;
8)
эксперттерден бағалау нәтижелерін қабылдайды, Курстар легі
бойынша бағалау базасына эксперттердің қойған баллдары мен шығарған 
шешімдерін енгізеді; 
9)
тыңдаушылардың портфолиосын бағалау бойынша деректер базасын
жүргізеді; 
10)
«есептелмеді» деп бағаланған тыңдаушылар портфолиосын
бағалау нәтижелері модерациясының рәсімі бойынша жұмысты 
ұйымдастырады; 
11)
осы Ережелердің 3 Қосымшасына сәйкес форма бойынша бағалау
тізімдемесіне модерацияны ескере отырып, бағалау нәтижелерін енгізеді; 
12)
сертификаттауға ұсынылған/ұсынылмаған тыңдаушылар тізімін



дайындайды; 
13)
Оқыту орталығына сертификаттауға ұсынылған/ұсынылмаған
тыңдаушылардың тізімін және «есептелмеді» шешімі бойынша 
негіздемелерді ресми хат арқылы жолдайды; 
14)
ПӨО порталында сертификаттауға ұсынылған тыңдаушылардың
тізімін жариялайды; 
15)
алынып тасталды.
14.
Эксперттер:
1)
Курстардың екінші аптасының бірінші күні тыңдаушыларға
нұсқаулық жүргізеді: 

портфолионы бағалау проформасы бойынша бағалау критерийлері 
мен компоненттерін түсіндіреді;

ПӨО-ның порталымен және осы Ережелердің 4 Қосымшасына сәйкес 
форма бойынша тыңдаушы портфолиосын рәсімдеу мен ПӨО порталына 
жүктеу талаптарымен таныстырады; 

тренерлердің электронды пошталарына тыңдаушылардың ПӨО 
порталындағы жеке кабинеттеріне кіруі үшін логин және бірыңғай паролі бар 
тыңдаушылар тізімін жібереді. Паролді кейін әрбір тыңдаушы өзі өзгерте 
алады. 
2)
бағалаудың бірінші аптасында:

портфолионы Осы Ережелердің 10 тармағында көрсетілген 
критерийлерге, компоненттерге және бағалау шәкіліне сәйкес бағалайды; 

тыңдаушылар портфолиосын плагиатқа осы Ережелердің 11 
тармағында көрсетілген тәртіп бойынша тексереді. Плагиат анықталған 
жағдайда, «есептелмеді» шешімін қабылдайды және осы Ережелердің 5 
Қосымшасына сәйкес форма бойынша тыңдаушылар портфолиосында 
плагиаттың 
анықталғандығының 
негіздемесін 
плагиат 
бойынша 
дәлелдемелері келтірілген салыстырмалы кестесімен рәсімдейді; 
-
бекітілген топтардың тыңдаушылары портфолиосын бағалау 
бойынша «есептелді»/«есептелмеді» шешімін қабылдайды, 20-дан төмен 
балл жинағанда немесе бағалаудың бір компоненті бойынша 0 балл қойғанда, 
осы Ереженің 5-1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша негіздемені 
толтырады; 
-
портфолионы бағалау проформасына баллдарды қояды; 

осы Ережелердің 6 Қосымшасына сәйкес форма бойынша 
портфолионы бағалау парағын толтырады; 
3)
бағалаудың бірінші аптасының бесінші күні сағат 18.00-де дейін
эксперттер 
корпоративті 
электронды 
пошталарынан 
ПӨО-ның 
cba_course@cpi.nis.edu.kz мекен-жайы бойынша электронды поштасына doc 
және PDF форматында портфолионы бағалау проформаларын, doc және PDF 
форматында портфолионы бағалау парағын жібереді; 
4)
бағалаудың екінші аптасының бесінші күні қағаз нұсқасында
портфолионы бағалау проформаларының, тыңдаушылардың портфолиосын 
бағалау парағының, модерация есебімен портфолионы бағалау 



проформаларының, плагиат бойынша негіздемелердің, (өтініш түскен 
жағдайда) қайта бағалауға жазған тыңдаушы өтінішінің түпнұсқасын ПӨО-ға 
пошта қызметі арқылы жібереді; 
5)
әр бір лектің бағалау нәтижелері бойынша, тыңдаушылардың
жазбаша келісімімен портфолиоларын жүйелік-әдістемелік кешенде 
орналастыру үшін әр бір компоненті бойынша 2 балл алған тыңдаушылар 
портфолиосын іріктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет