Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-19.3.Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау



бет22/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
17-19.3.Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау

ХУІІІ ғ. Аяғының өзінде жыл сайын еселеп жұмсалатын еңбек пен шығынға қарамай өнім жыл сайын азая беретіні байқалған. Осындай бақылаулар негізінде француз экономисі А. Тюрго «Топырақ құнарлығының кеми беруі» заңын ашты, ол алдымен буржуазия экономистері арасында үлкен қолдау тапты.


Осы заң және Мальтус теориясы негізінде халықтың орналасуы тіршілік қажеттіліктерінің өсуінен тез жүріп жатыр, соған байланысты жаппай аштық болатыны және халық санын шектеу қажет екені туралы теориялар бұрын да, қазір де ұсынылып келеді.
В.Р. Вильямс (1949) көрсеткендей, А. Тюрго заңындағы айтылған құбылыс өсімдіктер тіршілігінің бір факторын өзгерткен кезде орын алуы мүмкін екенін агрономиялық көзқарас тұрғысынан дәлелдеді. Ол Гельригель тәжірибесін пайдалана отырып вегетациялық ыдыста РПА өніміне топырақ ылғалдылығының әсер етуін бақылады:
Топырақ ылғалдылығы, толық ылғал сыйымдылығы, % - 1, 5, 10, 20, 30, 40, 60, 80, 100.
Өнім (дц/г сосуд) 1,63,146,190,217,227,197,0.
Толық ылғал сыйымдылығының әрбір 10% өнімнің жоғарылауы 124,43,44,27, 10, 15,98.
Басқаша айтқанда, ауылшаруашылық өндірісі бір деңгейде жүргізілгенде, «топырақтың құнарлылығының кеми беру заңының» әсері байқалады. Бірақ, өсімдіктер тіршілігінің бірнеше факторларына әсер ету кезінде бұл «заң» расталмайды. Оны В.Р. Вильямс М. Вольнидің вегетациялық тәжірибесін пайдалана отырып көр с етті , онда ылғалдылык, коректік элементтерінін мөлшері және жарық түсуі өзгертілді. Тәжірибе негізінде диаграмма жүргізілді (8-сурет); одан байқалатыны тіршіліктің осы үш факторына әсер еткен кезде, өсімдік өнімі барлық кезде өсіп отырады. Демек «топырақ құнарлығының кеми беру заңы» табиғи заң емес, тек ауылшаруашылық өндірісін дұрыс жургізбегендіктің салдары.
Топырақтардың тиімді құнарлылығы топыраққа кешенді және бағытталған әсер кезінде тоқтаусыз жоғарылауы мүмкін.
Д.Н. Прянишниковтың (1940) топырақтардың құнарлылығы және өндірістік пайдаланылуы туралы еңбегінің мәні ауыл шаруашылықта минералдық тыңайтқыштарды қолданудың тәсілдерін құрастыру мен оны пайдалануды насихаттауда болды. Ол өнімділіктің жоғарылауы едәуір мөлшерде тыңайтқыштарды енгізумен байланысты екенін көрсетті. Топырақтардьщ құнарлылығын жоғарылатуға алғашқы кадам ХУНІ ғ. Аяғында – ХІХ ғ. Басында жасалған. Жыл сайынғы өнімді екі еселеу үшін 100 жылдан аса уақыт керек болса, Д.Н. Прянишников зерттеулер нәтижесінде тыңайтқыш қолдану арқылы оған 30 жылда жетуге болатынын дәлелдеді. Тыңайтқыштар ролі мынандай фактімен де дәлелденді: Германия бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде тыңайтқыш шығармағандықтан соғыстың төртінші жылы өнімдері 75 жыл бұрынғы өнімдегідей төмендеп кетті.
Қазіргі кезде Д.Н. Прянишниковтың көзқарастары кеңінен тараған. Ауыл және орман шаруашылықтарын химияландыру астық тұқымдастар өнімділігін, техникалық дақылдардың және орман өнімділігін жоғарылату да маңызды тізбектің бірі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет