басталуы
|
аяқталуы
|
1
|
Практика жетекшісімен жеке жоспар құру,практика өту қағидаларымен және күнделік жүргізумен танысу.
|
02.05.2023
|
02.05.2023
|
|
2
|
Бас оқу корпусының кітапханасында,оқу залында жұмыс істеу
|
03.05.2023
|
03.05.2023
|
|
3
|
№9 Оқу бөлімінің кітапханасының кітап қорымен таныстық
|
04.05.2023
|
04.05.2023
|
|
4
|
Қарағанды қаласының, унививерситетінің мұражай көрмелеріне бару.
|
05.05.2023
|
05.05.2023
|
|
5
|
№9 корпус электронды ресурстар кабинетімен танысу
|
10.02.2023
|
10.05.2023
|
|
6
|
Қарағанды қалалық орталық кітапханасымен танысу
|
11.05.2023
|
11.05.2023
|
|
7
|
American corner атты шетел тілін машықтандыру бөлімінде болдық
|
12.05.2023
|
12.05.2023
|
|
8
|
Сабақ барысына арнайы қысқа мерзімді жоспар құру
|
15.05.2023
|
15.05.2023
|
|
9
|
Сабақ барысына арналған қысқа мерзімді жоспар бойынша сабаққа арналған ойындар құру
|
16.05.2023
|
16.05.2023
|
|
Күні мен айы
|
Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны
|
Жетекшінің қолы
|
02.05.2023
|
Мен мамырдың 2-і күні практика жетекшіміз Махаббат Айдынованың өткізуімен болған таныстырылу жиналысына қатыстым. Жиналыста алдағы 2 аптадағы практика жұмыстарымен танысып,өзіме керек ақпараттарды жазып алдым.Кәсіби күнделікті жасау жолдарын нақтылып алып,жеке практика жұмыс жоспарын құрдым.
|
|
03.05.2023
|
Оқу практикасының келесі тапсырмасына сәйкес оқу орнымыздың бас ғимаратындағы кітапханамен таныстым.Кітапханашылар кітапхананың тарихымен таныстырып, ондағы туындылар тарихымен де бөлісті. Кітапхананың кітап қорларын көрдік және электронды тұрғыда сайт жұмысы түсіндірілді.
|
|
04.05.2023
|
Өзіміздің оқу корпусымыздағы, яғни №9 корпустағы кітапханамен толық тааныстырылым жүргізілді.Онда факультет тарихымен, кітап қорларын таныстырды.Онда оқу бағдарламасында қолданылатын кітаптар тізімімен танысып, оқу бағдарламасында керек болатын кітаптарды оқыдым. Онымен қоса кітапханадағы басқада жанрдағы кітаптарды да оқып шықтым.Электронды сайтқа кіріп, оның жүйесімен толық таныстым.
|
|
05.05.20223
|
Оқу орнымыздың бас корпусында орналасқан университетіміздің мұражайымен таныстым.
Біздің университетіміздің құрылу мен даму тарихының осы күнге дейінгі оқиғалармен таныстырды.Университет факультеттерімен қоса ректорлармен де таныстым.Онда оқу орнымызға түрлі отандық оқу орындарымен қоса шетелдік университеттердің тарту еткен силықтарын өз көзіммен көріп,тарихымен таныстым.Осы уақытқа дейін қолданылған тарихи құрылғыларды да көрдім.Университет түлектерінің ең үздік дипломдық жұмыстарымен де таныстым.Мұражайға барудан өте керемет әсер алдым және университетіміз жайлы көптеген тың мәлімет алдым.
|
|
10.05.2023
|
Бүгін оқу орнымыздың электрондық қоры жинақталған кабинетте болдық.Онда оқу орнымыздың жаңа заманға сай жабдықталғаны мен барлық кітаптарды оңай қалай қолдануын білдік.Онда жетекшімен арнайы кеңес ала отырып шетел тілін үйретудегі түрлі әдістер жайындағы кітаппен таныстым. Мамандығымыз-бен өте байланысты әрі пайдалы кітаппен танысқаным үшін қуаныштымын.
|
|
11.05.2023
|
Бүгін Қарағанды облысының орталық кітапханасына бардық.Және кітап қорымен таныстым.Кітапханашылар кітапхана тарихы мен қоса қала тарихымен де бөлісті.Ол жерде түрлі керемет сурет инсталяцияларымен қоса тарихи сурет тақтасын да көрдім.Кітапхана қорында бар әйгілі әрі құнды,сирек кездесетін ұлттық және шетел туындыларынмен таныстым.
|
|
12.05.2023
|
Кезекті практикалық тапсырма бойынша American corner шетел тілін шетел азаматтарымен дамыту үйірмесіне қатыстым.Бұл үйірме орталық қалалық кітапханада орналасқан.Мұнда біз пікірталастар жасап ой алмастық.Оқиғалар мен қызықты мәліметтер айттық.Тек ағылшын тілінде емес сонымен қоса түрікше де аздап немісше де ой алмаса алғаныма қуаныштымын.
|
|
15.05.2023
|
Сабақ өту үшін қысқа мерзімді жоспар құрдым.
|
|
16.05.2023
|
Сабақ барысынаа қажетті көрнекіліктер мен ойындар құрастырып бастарын біріктірдім.
|
|
17.05.2023
|
Барлық жасалған материалдарды саралап, бір жүйеге келтірдім.
|
|
18.05.2023
|
Кезекті тапсырма бойынша оқушыларды қазіргі таңда белең алған заң бұзушылықпен таныстыру мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты сынып сағатына материалдар дайындадым. Онда бұл мәселенің өзектілігі мен қоғамға деген зияндарын талдап, жас ұрпақты одан алшақ болуға шақырдым.
|
|
19.05.2023
|
Оқу-үйрену практикамыздың бұл күні балаларға арнайы ағылшын тілін үйренуге тез машықтандыратын керемет ойын құрастырумен өтті. Әдістемелік кітапқа сүйене отырып тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарап, арнайы карточкалы тест сұрақтарын құрастырдым. Бұл әдіс тек балалардың емес ересектерге де қызықты әрі тиімді әдіс.
|
|
22.05.2023-25.05.2023
|
Бұл тапсырма бойынша №9 оқу корпусымыздың электронды ресурстар кабинетінде танысқан « Шетел тілін оқыту әдістемесі » кітабына толықтай тталдау жасадым. Бұл кітап мамандығымызға арнайылап жасалған таптырмас құралдардың бірі екеніне көзім жетті. Кітаптан алған тың мәліметтерді болашақта оқу-үйрету саласында кеңінен қолданамын деп үміттенемін.
|
|
26.05.2023
|
Барлық кәсіби практика кезінде жиналған материалдарды жинақтап бір жүйеге келтірдім.
|
|