3. Тақырыбы: Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы.
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.
2. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы, оның тұлғасын (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) қалыптастырудың негізгі тұжырымдары.
3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие), олардың өзара байланысы.
4. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде.
Дәріс тезисі* Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан - жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.).
Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады. Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам. Даралық - бір адамды басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі. Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі.
Бекіту сұрақтары:
1. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы қандай?
2. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы қандай?
3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар олардың өзара байланысы қандай?
4. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде?
Әдебиет:
Әбенбаев С.,Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2009. – 336б
Бабаев с.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.
Педагогика: Учебник.- Алматы: Print-S. 2005.-364 c.
Ахметова Г.К., т.б. Педагогтка: Оқулық-Алматы: Қазақ университеті,
Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы.- А.:2008.- 448б.
Мұсаева С.А. Жас ерекшелік педагогикасы: оқулық. – Астана: Фолиант, 2010.- 472б.
Достарыңызбен бөлісу: |