Практикалық сабақтар
№5 практикалық сабақ
Тақырыбы: Атмосфера. Күн радиациясы. Ауа температурасы.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
: Атмосфера құрылысының ерекшеліктерін анықтау, жер шарында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
1. Атмосфераның құрамы мен құрылысымен танысу.
2. Күн радиациясы, олардың түрлері және таралу себептерін анықтау.
3. Ауа температурасының әркелкі таралуына талдау жасау.
1-тапсырма. Атмосфераның құрамы мен құрылысын сызып, танысу.
Әдістемелік нұсқау:
1- Тапсырманы орынау үшін:
Атмосфера қабаттарын сызып, шекарасын анықтау (6-қосымша).
Атмосферадағы ауа қабатының құрамы. Кестемен жұмыс (толтыру, талдау).
2-тапсырма. Атмосфераның құрамындағы газдардың тіршілік үшін маңызын, аьмосфера құрамындаңы газдардың өзгеруән, атмосфераның құрылысы ерекшеліктерін, температураға байланысты ажыратылуын анықтау (4-кесте).
4-кесте
№
|
Газ
|
Көлемдік концентрациясы (%)
|
Маңыздылығы
|
1
2
3
4
|
Азот
Оттек
Аргон
Көмір қышқыл газы
|
78,084
20,9476
0,934
0,0314
|
|
3-тапсырма. Күн радиациясының таралуына сипаттама бере отырып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:
- Жер шарының қандай ендіктерінде жиынтық радиация көлемінің едәуір көп өзгерісі байқалады жіне неліктен?
- Жер бетінде күн радиациясы кқлемінің едәуір көп және аз мөлшнрде болатын аудандарды анықтаңыз (неліктен жиынтық радиацияның көп мөлшері тропиктік ендіктерде байқалады)
Әдістемелік нұсқау:Күн радиациясының сызбасын салу (7-қосымша), жиынтық күн радиациясының картасын талдау жасау.
4-тапсырма. Жер бетіндегі ауа температурасының әркелкі таралуын анықтайтын факторлардың рөлін нақты бір мысалмен көрсетіп, талдау жасаңыз:
А) Ауа температурасының географиялық ендік пен күн радиациясына тәуелділігі;
Б) Құрлық пен мұхиттың жылу режимі (әр тірлі жылу сыйымдылық пен жылу өткізгіштік)
В) Мұхиттардың әсері
Г) Төсеніш қабаттың атмосфера циркуляциясына әсері
Достарыңызбен бөлісу: |