Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01511 «География Тарих» Пән циклы атауы және коды



бет2/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,91 Mb.
#82261
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы

1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
«География Тарих» мамандығы бойынша «Жалпы жертану» пәніне арналған әртүрлі профилдегі географ мамандарды дайындауға арналған ең негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер жалпы планетарлық табиғи кешен болып табылатын географиялық қабық туралы ұғынады. Географиялық қабықтың құрылысымен, оның уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарымен кеңінен танысатын болады. Географиялық қабық өзінің даму барысы нақтала заңдылықтарымен түсіндірілетін бірегей де дербес кешен ретінде қарала тұрса да ол әртүрлі құрам бөліктердің, яғни атмосфервның, гидросфераның, литосфераның сол сияқты тірі заттардың бір бірімен байланыста және бір-біріне бағынышты түрде өрбитіндігін ұғынумен орайласады. Географиялық қабықтың территориялық жіктелуі жайлы мәліметтер де нақты осы курс ауқымында ашылып көрсетіледі. Бұл курспен танысу өзара байланысты және бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе рөлін атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады және жетілдіре түседі.
Бұл курс 15 дәріс, 30 практикалық сабақ, 25 ОСӨЖ тақырыптары, 80СӨЖ тапсырмаларынан, қорытынды бақылау-емтиханынан тұрады. Семестр барысында 2 ағымдық және 2 аралық бақылау қабылданады. 2 аралық бақылаудада осы нәтижелер қарастырылады. Ағымдық бақылау зертханалық жұмыстарды, ОСӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындауларымен және дәріске қатысымы мен белсенділігі арқылы анықталады.
(пән туралы қысқаша сипаттамада пәннің қысқаша мазмұны немесе негізгі мәселелері туралы 50 сөзден кем емес мәлімет көрсетіледі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет