Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы 1.Тақырыбы:Тәрбие кеңістігіндегі ұлттық руханиятты зерттеудің ғылыми негіздері Сағат саны: 2 Тақырыптың жоспары: 1. Кіріспе. «Руханият», «ұлттық руханият» ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні.
2. Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуына әсері.
3.Ұлттық руханияттың қоғам дамуымен байланысы мен сабақтастығы.
4. Адам капиталын құрудағы тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұлттық сана.
5. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік.
6. Ұлттық руханият мәселесін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.
Дәріс тезисі: Адамдардыморальдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.