Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық білім беру бағдарламаларына арналған Пән циклы атауы және коды



бет25/69
Дата11.05.2022
өлшемі246,54 Kb.
#141918
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
2021сентябрь Тарих, Педагогика Филфак Силлабус-2020-Руханият (1) (1)

4. Тақырыбы: Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайнар көздері
Сағат саны: 2
Тақырыптың жоспары:
1. «Дәстүрлі тәрбие» түсінігінің мәні мен мазмұны.
2. Қазақтардың дәстүрлі тәрбие мәдениеті және оның ерекшеліктері.
3. Қазақ ойшылдарының дәстүрлі тәрбие мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.
4. Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайнар көздері:салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, өнер, дін.
5. Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.
6. Қазақ отбасы тәрбиесінің дамуына жаһандану үдерісінің ықпалы.


Дәріс тезисі: Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған,
топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім. Ол – халық құндылығының көрсеткіші. Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес. Дәстүр - тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшеліне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Ал жол-жоралар, ырымдар - әдет-ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі малмен, көшіп-қонумен байланысты туып-дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар әкелуі, т.б.ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дәлелдейді. Сөйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы іспетті болса, екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге, өмірге икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен байланысты наным-сенімдер көптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде немесе қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбыранып мал сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала көрмеген ата-аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып, ақтық байлауы, т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар. Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар. Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттары және әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Халықтық педагогика ата-баба мұрасына негізделген. Халықтың ықпалы неғұрлым басым болса, соғұрлым оның мәдениеті жоғары болады. Педагогикалық мәдениет – бұл балалар тәрбиесімен тікелей байланысты рухани және материалдық мәдениет саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет