Байланысты: 2021сентябрь Тарих, Педагогика Филфак Силлабус-2020-Руханият (1) (1)
Қазақ әдебиеті кафедрасы Тақырыбы: Фольклордың бастау бұлағы мен халықтық тағылымы. Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі тақырыбы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Фольклордыңтанымдық, эстетикалық және утилитарлық (қолданбалы) қызметі.
Қазақ фольклорының поэтикасы мен тарихилық сипаты.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр.
Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.
Әдістемелік нұсқау: Венн диаграммасы.
Күтілетін нәтиже. Студент жасай алады:
оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру;
салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау, белгілеу;
өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен);
ойлау логикасын дамыту;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу
дикие
2-қадам: дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытуға ортақ қасиеттерді жазамыз.
3–қадам: ерекшеліктерін топта салыстыру.
4- қадам: салыстыру нәтижесіне презентация жасау.
Тақырыбы: Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында айтылған ой-тұжырымдардың құндылығы.
Тақырыбы: ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият. Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері.
Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық нысанасы.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары, өлең құрылысы, сөз өрнегі.
Абайдың қара сөздері.
Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері.
Әдістемелік нұсқау: «Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» (сурет бойынша) әдісі.
Күтілетін нәтиже. Студент жасай алады:
әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;
жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;
өз болжамының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуіне рефлексия жасайды;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: оқытушы мәтіннен бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады. 2-қадамдары: «а»нұсқасы: «миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және мәтінде бұл терминдер қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі. «б»нұсқасы: оқушыларға топта немесе жеке берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жазу ұсынылады.
3-қадам: берілген мәтінмен танысу барысында «өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» салыстыру. 4-қадам: студенттер берілген тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен үйлесімсіздікті талдау.
Тақырыбы: Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі. Қ.Жұбановтың қоғамдық-ағартушылық қызметі мен ғибратты ғұмыры.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары: А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы.
Ә.Бөкейхановтың публицистикаларындағы ұлттық руханият мәселесі.
«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты еңбегіндегі «ар ілімі» идеясы.
Қ.Жұбановтың өмірі мен қызметі.
Профессор Қ.Жұбанов – сан қырлы талант иесі.
Жұбановтану мұрасының зерттелуі мен зерделенуі.
Жұбановтар әулеті.
Әдістемелік нұсқау:Ұйымдастыру бөлімі. Топтарға бөлу. «Алты қалпақ» әдісі.
Күтілетін нәтиже. Студент жасай алады:
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай білу;
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай білу;
ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасай білу;
Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған телпегін «өлшеп көріп» берілген проблема бойынша өз көзқарастарын айтады:
«Ақ телпек» à СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді);
«Сары телпек» à СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады);
«Қара телпек» à СӘТСІЗДІК (оқып жатқан проблеманың сәтсіз тұстарын айтады);
«Көк телпек» à АНАЛИТИКАЛЫҚ (талдау жасайды, топтар не үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді);
«Жасыл телпек» à ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («ақылға сыйымсыз» идеялар мен болжамдар айтады );
«Қызыл телпек» à СЕЗІМТАЛ (топ оқиғаны оқу барысында, бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).
2-қадам: әр топтың жасаған жұмысы барысында телпек түріне байланысты атқарған қызметі бойынша презентацияға дайындық.
3-қадам: топтардың жұмыстары бойынша презентация.
Тақырыбы: М.Әуезов және жалпыадамзаттық құндылықтар. Аймақтық әдебиеттанудың идеологиялық маңызы мен бағыт-бағдары.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары: М.Әуезовтің шығармашылық өнегесі мен адамдық бейнесі.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық-даналық тұлғасы.
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар.
Қазақ фольклорындағы Ақтөбе топырағы ізі.
Ақтөбе аймағындағы ақын-жырау поэзиясы үлгілері (ХY-ХІХ ғғ).
ХХ ғасырдағы Ақтөбе аймағының қаламгерлері.
Әдістемелік нұсқау: «Сатылау»( ранжирование) әдісі. Күтілетін нәтиже Студент жасай алады:
Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: «Миға шабуыл» - әр оқушыға проблеманы жеке ұсыну. 2 -қадам: ұсынылған проблеманы маңыздылық деңгейіне қарай әр оқушыға жеке сатылай беру. 3-қадам: нұсқаларын топта салыстыру. 4 -қадам: әрқайсысы өз көзқарасы бойынша дәлелдер келтіру. 5-қадам: ыңғайлы нұсқаны таңдау.