Тақырыбы:7.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мәселелері
Ақыл-ойы артта қалған балалармен медициналық-психологиялық– педагогикалық және түзету шараларын жүргізгу
Дәріс тезисі
Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым–қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл – ой сезімін танып, әрекетімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрлері балалардың оқып- білім алуына, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Ал осындай ақыл- ой сезімі кейбір балада жетілмей, артта қалып қояды. Ақыл – ойы кем балаладың басым көп бөлігін олигофрен- балалар құрайды (грек сөзі oliqos- аз,phren- ой). Психиканың жетілмеуінің негізінде жатқан ми жүйесінің зақымдалуы. Оның себебі негізінен тұқымқуалаушылық, ортаның экологоиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Ақыл – ойы кем балалардың жалпы дамуының ілгері жылжуы үшін оның білім, дағды мен біліктерді меңгеруі үшін, оларды жүйелеп практикалық тұрғыда қолдану үшін арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбие анағұрлым маңызды.
Ақыл- ойы кем балалар – орталық жүйке жүйесі зақымдалған балаларға арналған арнаулы бала – бақшаларда тәрбиелеушілердің негізгі континенті болып табылады. Ақыл – ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту, тіл байлығын дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау және қабылдау қабілеттерін дамытуда ойынды басты іс – әрекет етіп алады. Ақыл – ойы кем мектеп жасына дейінгі балаларды түзету, оқыту, тәрбиелеуге тоқталсақ, бұл жастағы балалардың басты іс – әрекеті ойын болып табылады. Осы кезеңде балалардың адам өмірі, әлеуметтік қарым – қатынасы, мінез- құлықтың адамгершілік қасиеттері туралы түсінікті қалыптасып, қиял, ерік, символикалық функциялары дамиды. Әлеуметтену мен адамзатқа тән ақыл- ой іс әрекетінің тәсілдерін меңгеру үшін рөлдік ойын, сөйлеу, сурет салу, құрастыру іс- әрекет түрлері маңызды болмақ. Бұл кезеңдегі негізгі міндеттер мынандай:
Ойын әрекетін дамыту;
Құрдастарымен қарым- қатынасын дамыту;
Ойын барысымен түзету жұмыстарын жүргізу;
Өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту, гигиенаға тәрбиелеу;
Саусақтарын жазуға дайындау;
Кеңістік, уақыт туралы, қоршаған орта туралы түсініктерін, сөйлеуін қалыптастыру;
Ақыл – ойы кем балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің мәні зор. Мұнда ақыл – ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрігерлік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.
Ақыл – ойы кем балаларды оқытудың негізгі әдісі біріктіру болып табылады. Қазіргі шақта біріктіру зейін орталығы болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы баланың дамуының ерекшеліктерін жалпы білім беру стандартының қалыпты уақыттағы жақын болуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |