Білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Шымкент 2019 ж



бет19/28
Дата29.03.2022
өлшемі493,91 Kb.
#137188
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
реферат

Кезектен тыс салыстырып тексеру
Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралын пайдалануда (сақтауда) салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.
Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
-салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;
-өлшем құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;
-салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның зақымдануын, сондай –ақ, өлшем құралдарының бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеруден өткенін, олардың сақталуын растайтын құжаттың жоғалу кезінде;
-сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем құралын консервациялау немесе өлшем құралдары бар бұйымдарға қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзімі ішінде өлшем құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;
-өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бұйымдар жинағын қайта консервациялау барысында;
-өлшем құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы өткеннен ұзақ сақтауға берген жағдайда;
-өлшем құралдарын салыстырып тексеру аралық интервалының жартылай ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген өлшем құралын тұтынушыға жіберген жағдайда.
Ескерту –сақтау және тасымалдау шараларынан кейін қоймадан алынған өлшеу құралын қолданысқа енгізбей тұрып салыстырып тексеруден өткізуге кеңес беріледі.
Инспекциялық салыстырып тексеру
Мемлекеттік қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізген кезде олардың жарамдылығын, дұрыстығын, қабылданған салыстырып тексерудің аралық интервал дәлдігін және өлшем құралын пайдаланудың дұрыстығын бекітуде инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.
Инспекциялық салыстырып тексерудің нәтижесі актіде еркін түрде келтіріледі.
Ескерту –егер инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылау шеңберінде жүргізілсе, онда салыстырып тексерудің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша актіде көрсетіледі.
Инспекциялық салыстырып тексеру өлшем құралдары иегері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Сараптық салыстырып тексеру
Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың мәселесіне келіспеушіліктер туындаған жағдайларда жүргізеді.
Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың дұрыстығына, өлшем құралдарының қлодануға жарамдылығына және өлшем құралдарын пайдаланудың дұрыстығына келіспеушілік туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі талабы(арызы), жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру шарасына өтініш берушілер, сондай –ақ мүдделі талаптардың өкілдері қатыса алады.
Сараптық салыстырып тексеру нәтижелері бойынша үш дана қорытынды құжат жасалады, оны мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесінің басшысы немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі бекітеді. Қорытындының бір данасы сараптық салыстырып тексеру жүргізген мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметінде сақталуы тиіс, екінші данасы –өтініш берушіге жолданады, үшінші данасы –өлшем құралын сараптық салыстырып тексеруге ұсынған тұлғаға беріледі.
Ескерту –мемлекеттік органдардың талаптары (өтініш) бойынша жүргізілген сараптық салыстырып тексеру кезінде қорытынды осы органдардың талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптық салыстырып тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.
соттың және құқық қорғау органдарының талабы (өтініші) бойынша сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру үшін төлем жүргізетін тараптысараптық салыстырып тексеруге өтініш берген орган белгілейді.

Калибрлеуден мемлекетттік метрологиялық қадағалауға және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары өтеді.


Өлшеу құралдарын калибрлеу ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес аттестатталған заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен белгіленген тәртіпте жүргізілідеі.
Калибрлеу зертханаларында:
- сапаны басқару процедуралары болуы тиіс;
-калибрлеудің барлық типтеріндегі өлшеу белгісіздігін бағалау процедуралары болуы және қолдануы тиіс;
- калибрлеу және өлшеу нәтижелерінің бірізділігін қамтамасыз ету;
- өлшем құралдарын және өлшеу нәтижелерін салыстыруға қатысу.
Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде мынадай міндеттер іске асырылады:
- кадибрленетін өлшем құралдарына талаптар орнатылады (метрологиялық сипаттамаларға);
- калибрлеу құралдары және әдістері белгіленеді;
- калибрленетін өлшем құралдарының Қазқстан Республикасының мемлкеттік эталондарына байланысты іске асырылады;
- калибрлеу нәтиделері бойынша өлшем құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылданады.
Өндірістен шығару екзіндегі калибрленген өлшем құралдарын қолдануға және жай-күйіне жауапкершілік дайындауға жүктеледі, пайдалану кезінде – осы өлшем құралдарын пайдаланушыларға жүктеледі.
Калибрлеуге жататын өлшем құралдар тізімі сәйкес оларды қолдану саласындағы өлшем құралдарын пайдаланушылармен немесе ұйым-дайындаушылармен анықталады.
Өлшем құралдары калибрлегу заңды тұлғалар бөлімшелерінен метрологиялық қызмеьпен калибрлеу кестесімен белгіленген мерзімде қабылданады. Калиьрлеу кестесі заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен әзірленеді, өлшем құралдарының иелерімен және пайдаланушыларымен келісіледі және заңды тұлғаның басшысымен бекітіледі.
Басқа заңды және жеке тұлғаларға жататын өлшем құралдары калибрлеуге, калибрлеу жұмыстарын жүргізуге келісім шартта көрсетілген мерзімде қабылданады.
Өлшем құралдарын калибрлеу аралығының интервалы метрологиялық сипаттамалар, қолдану саласы, өлшем құралдарын пайдалану мерзімі шарттарының тұрақтылығына байланысты өлшем құралдарын пайдаланушыларының келісімі бойынша калибрлеу зертханасымен белгіленеді.
Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде шеттен келген заңды және жеке тұлғалар үшін өлшем құралдарын келесі калибрлеу мерзімі осы калибрлеуді орындайтын калибрлеу зертханаларымен белгіленеді.
Калибрлеу туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем құралдары пайдаланушының қарауы бойынша қайтара калибрлеуден өткізуге болады.
Калибрлеу зертханаларындағы өлшем құралдарын калибрлеуді сәйкес курстарды бітіргені туралы құжаттармен расталған кәсіби дайындығы бар тұлғалармен жүргізіледі.
Өлшем құралдарын калибрлеу Бірліктерінің халықаралық жүйесіндегі шама бірліктерін жаңғыртатын эталондарға теңдес байланысқан мемлекеттік эталондардың жоқ кезінде немесе шама бірліктерінің шама бірліктерінің мемлкеттік эталондарына теңдес байланысқан калибрлеу құралдарын пайдаланумен және калибрлеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.
Калибрлеу әдістемесі заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен – осы өлшем құралдарына дайындаушылармен немесе пайдаланушылармен немесе олардың тапсырысы бойынша басқа заңды тұлғалардың метрологилық қызметімен әзірленеді. Тапсырыс бойынша дайындалған әдістемелер тапсырыс берушімен келісіледі және әзірлеуді дайындаушы – заңды тұлғаның басшысымен бекітіледі.
Заңды тұдғалардың метрологиялық қызметімен – осы өлшем құралдарын дайындаушымен немесе пайдаланушымен әзірленетін калибрлеу әдістемесі заңды тұлғамен белгіленген басшысымен. Бекітіледі.
Калибрлеу әдістемесінде мынадай ақпараттар болуы тиіс:

  • Теңестіру;

  • Тарату саласы;

  • Калибрлеуге жататын өлшем құралдарын сипаттау;

  • Параметрлер және сандық көрсеткіштер және анықтауға жататын сипаттаулар шегі;

  • Калибрлеу кезінде қолданылатын метрологиялық және техникалық сипаттамаларға қойылатын талаптарды қоса, эталондық, өлшеу және қосымша жабдықтар;

  • Қоршаған ортаға қажетті шарттар және қажетті тұрақтандыру кезеңі;

  • Процедураларды сипаттау, включая: айналым, тасымалдау, өлшем құралдарын сақтау және дайындау, калибреу әдістері, даярлау жұмыстары, дұрыс істеуін тексеру, бақылауды және өлшеу нәтижелерін тіркеу әдісі, қауіпсіздік шаралары;

  • Эталон байланысын сипаттау (қажет болған жағдайда сұлбамен көрсету);

  • Сәйкестікті бекітуде бекітуге/қабыл алмауға арналған өлшем құралдарына критерийлер және/немесе талаптар;

  • Тіркелетін деректер, талдау әдіс және ұсыну пішіні;

  • Өлшем белгісіздігін бағалау процедурасы;

  • Калибрлеуді іске асыратын тұлғаларға талаптар;

  • Калибрлеу нәтижелерін рәсімдеу.

Бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған немесе өлшеуді бірнеше ауқымы бар өлшем құралдырын калибрлеуді толық емес көлемде жүргізу керек, демек тек қана физикалық шамалардың қолданылатынсанына немесе өлшеу ауқымына немесе шектеулі ауқымға.
Бұл жағдайларда өлшем құралдарында қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер болуы тиіс.
Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда калибрлеу хаттамасы рәсімделеді, оған калибрлеуді орындаушы қолын қояды.
Калибрлеу хаттамаларының мазмұны ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Егер калибрлеу нәтижелері бойынша өлшем құралдары қолданысқа жарамды болып табылса, онда өлшем құралдарына 3.2.1 т. Сәйкес калибрлеу белгісі қойылады және ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарынасәйкес калибрлеу туралы сертификат рәсімделеді.
Шеттен келген заңды және жеке тұлғалармен калибрленетін өлшем құралдарына калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.
Калибрлеу нәтижелері бойынша қолданысқа жарамсыз өлшем құралдарын, оларды қайта қалпына келтіру немесе есептен шығару іс-шараларын жүргізу үшін айналымнан алып тастау керек.
Шеттен келеген заңды және жеке тұлғаларға калибрлеуге ұсынылған өлшем құралдарының жарамсыздығы белгіленген жағдайда, тапсырыс беруші міндетті түрде калибрлеу туралы хаттамалар беріледі, оларға орындаушыдан басқа қосымша калибрлеу зертханасының басшысы қол қояды.

Салыстырып тексеру сұлбаларын таралу салаларына байланысты келесі түрлерге бөледі:


- мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары;
- мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары.
-жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары мемлекет-қатымушылармен тура немесе мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары құжатына қарама-қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын дайындау жолымен қолданылады.
Мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кенес белгіленген тәртіпте дайындалады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары Қазақстан Республикасында салыстырып тексерілетін берілген шамадағы өлшем құралдарына таралады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты түрінде рәсімделеді.
Өлшем құралдарына арналған мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбаларын дайындауға орындаушы ретінде занды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін тарта алада.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары меммлекетаралық салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасын белгілейтін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасын белгілетін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасының сызбаларын және сызбаға түсініктеме беретін мәтіндік бөлімнен тұруы қажет.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы заңды тұлғалардың метрологиялық кызметтерімен салыстырып тексерілетін өлшем құралдарына таралады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік немесе мемлекеттік болмаған жағдайда мемлекеттікаралық сол шамаларды өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеу тиіс. Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және мемлекеттікаралық салыстырып тексеру сұлбалары болмаған жағдайда құрыла алады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын заңды тұлғаның нормативтік құжатты ретінде дайындайды және хабарында шама бірлігінің мемлекеттік эталондары бар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келістіріледі.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді іске асыратын занды тұлғалардың метрологиялық қызметтерді дайындайды.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын сызба түрінде рәсімдейды. Сызбаны мәтіндік бөліммен толықтыруға болады.

Бақылау сұрақтары:


1.Тексеру схемаларының түрлері
2.Мемлекекттік тексеру схемалары
3.Жергілікті тексеру схемалары
4.Бастапқы салыстырып тексеру
5.Сараптық салыстырып тексеру
6.Инспекциялық салыстырып тексеру
7.Кезектен тыс салыстырып тексеру
8.Мерзімдік салыстырып тексеру
9.Калибрлеу қажеттілігі
10.Калибрленуге жататын өлшеу құралдары
11.Калибрлеу нәтижесін тану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет