Білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Шымкент 2019 ж


дәріс. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау



бет25/28
Дата29.03.2022
өлшемі493,91 Kb.
#137188
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
реферат

28 дәріс. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.

Дәріс жоспары:





  1. Метрологиялық сарапталынатын конструкторлық құжаттар

  2. Метрологиялық өңделінетін конструкторлық құжатар

Ұсынысты әдістемелік бақылау

  1. Техникалық тапсырманың (ТТ) метрологиялық бақылау

  2. Жұмыстық сызбасындағы метрологиялық бақылау

  3. Техникалық сызбаны метрологиялық бақылау

  4. Бекітілген шаманың жұмыс сызбасын метрологиялық бақылау

Конструкторлық құжаттарды зерттеу кезінде МС жүргізуші маман қай өнеркәсіп үшін құжат жасалған болса және онда талап етілген дәлдіктің көрсетілгендей сол өнеркәсіпте болуы туралы қорытынды жасауы шарт.


Егер дайындық жұмыстары жаңа өндіріс орындарын салу кезінде жүргілсе, онда эксперт бұрынғы техникалық өлшеу құралдарын қолдануға болатындығынан хабардар болуы керек немесе жаңа арнайы құралдар жасауы тиіс.
Ал, егер МС жұмыс істеп тұрған өндірісте жүргізілсе, онда эксперт осы өндіріс орнындағы қолда бар өлшем құралдарына жетекшілік етеді, ал егер олар болмаса, онда оларды табу керек.
МС құжаттарды жасап болғаннан кейін жүргізіледі, өйткені кемшілік болған жағдайда оны тузеу өте қиын.
Алайда, мұндай жұмыстар құжат жасаушы оны орындаушыға тапсырған сәтте болуы мүмкін. Басқаша айтсақ, МС жүргізу кезіндедайындаушы талап етілген дәлдік осы өндірістегі бар өлшеу құралдарымен бекітілетіндігіне сенімді болу керек.
Қолдағы бар технологиялық құрал-жабдықтың көмегімен талап етілген дәлдіктің қамтамасыз етілуіне сенімді болу үшін технологиялық қызмет орындары анологиялық экспертиза жүргізуі тиіс.
Құжаттарды жасау кезінде бірмезгілде жасалынатын өнім бойынша мамандар және метрологиялық өлшеу мамандары қатысады. Олар осы құжаттар дайындалып жатқан өндірісте өлшеу үшін қандай параметрлер және құжаттар қандай дәлдік нормасын тағайындауды бірігіп шешеді.
Жұмыс сызбасын салу процесінде детальдың әртүрлі элементтерінің эксплуатациалық қасиеттерін әртүрлі параметрлермен және мәндермен нормалауға болады.Құжат жасау процесінде МӨ бұл параметрлердің тиімді шешімін табуға мумкіндік береді.
Өнімді дайындаушы құжат жасаушымен әкімшілік тұрғыдан байланыспаған жағдайда құжаттарды қабылдауда оның көрсетілген талап етілген дәлдіктері өлшеу кезіндегі сапаға сай келетіндігіне сенімді болу үшін МС қажет.
Кейде нормативті құжаттарда бекітілген метрологиялық ережелер нормалардың сақталуын тексеруді түсіндіретін «метрологиялық бақылау» термині қолданылады.Бұл ұғымның астарында өндіріске арналған құжаттарды дайындау жұмысы жатыр. Мұндай жұмыстар нормативті құжаттарды жасауда әлі де болса жеткіліксіз, метрологиялық бақылау МС жұмысының орнына немесе сонымен бірмезгілде жүргізілуге болады. Егер кәсіпорында өлшеу құралдарының стандартты жинағы болса, онда бұл стандарттардың сақталуын тексеру жұмысын норма бақылаушы жүргізуге болады және маман-метролог экспертті шақырмауға болады.
Конструкторлық құжаттардың МӨ (МС) бөлімдерін қарауда өндірісті дайындау жұмысының бүкіл кешені жасалуда басты негізгі құжат сызба болып табылады. Метрологиялық қамтамасыз етуде барлық өндірісті дайындауда басты этап сызба болып есептеледі, өйткені қалған барлық жұмыстар, оның ішінде технологиялық процестер де сызбаға қатысты жасалады.
МӨ құжаттарды жасаудың барлық этапында жүргізілуі тиіс, бұл жұмыстарды мынадай 3 этапқа бөлуге болады:

  • техникалық тапсырманың дайындалуы мен жасалуы;

  • техникалық қосымша немесе сызбаның жасалуы;

  • жұмыс құжаттарын жасау.

Мұндай этаптарға бөлу келісімшарттың аяқталуына сәйкес орындалған жұмыстың ақысын төлеу үшін орындаушы мен тапсырыс берушілердің арасында қолдануға ыңғайлы , өйткені бұл этаптар белгілі бір жұмыс түрінің аяқталғандығын білдіреді.
Енді біз МӨ(МС) мәселелерін материалдық нақты мазмұнына қатысты өлшеу құралдарын, метрологиялық қамтамасыз етудің өзге де мәселелеріне қатысты көптеген материалдарды бір жерге шоғырлануын құжаттарда көрсету мәселелерін қарастырамыз.
Міндетті МӨ (МС) өлшеу құралдарын дайындау үшін құжаттарды жасау этапында келесі құжаттар қатысуы тиіс:
- жасап шығаруға арыз;
- техникалық тапсырма;
- объектінің талап етілген дәлдігі көрсетілген нормативті құжат немесе өлшеу құралдары үшін өнімнің немесе детальдың жұмыстық сызбасы.
МӨ (МС) техникалық сызбасының этапында техникалық тапсырмаға сәйкес талаптардың таратылуы туралы ұсыныс қатысуы тиіс. Егер техникалық сызба құжат жасаудың кезеңі ретінде қарастырылмаса, онда МӨ (МС) қатысқан жұмыс сызбасына өткізілуі тиіс.
Жұмыс құжаттарын өңдеу кезеңінде жасалады:

  • өлшем әдістемесімен ескерілген, тағайындалған шама сызбасы;

  • техникалық шарт;

  • аттестация немесе өлшеу құралының типін бекіту үшін сынау әдістемесі мен бағдарламасы;

  • тексеру және басқа эксплуатациялық құжаттардың әдістемесі.

Конструкторлық құжаттардың МӨ (МС) мақсаты, құжаттарда көрсетілген талап етілген дәлдіктің бақылауға жарамдылығын қамтамасыз ету болып табылады.


Бақылауға жарамдылығы деп, нақты өндіріс шарттарында рұқсат етілген қателікпен нормаланған параметрлердің өлшеу мүмкіндігі. Егер маман – метролог қандай да бір құжатта оң нәтижемен МЭ жүргізсе, онда ол осы құжатта көрсетілген талап етілген дәлдіктің нақты өндіріс орнында орындалатындығы туралы қорытынды жазады.
MӨ (МС) жүргізудің қажеттілігі детальдарға, өнімдер мен ілмектерге қойылатын дәлдік көрсеткіштерінің талап етілуінің мөлшері үнемі ұлғаюымен, құжат өңдеушілердің көбісі білмейтін, бірақ оны маман – метролог, өлшем жөніндегі маман білуі тиіс жаңа параметрлер мен өлшеу құралдарының пайда болуымен байланысты.
Міне осы білімдер құжаттарды өңдеу барысында қолданылуы тиіс. МӨ (МС) жүргізу барысында қарастырылатын құжаттың түріне байланысты спецификалық есептер шешілуі қажет:
а) Ұсыныстың әдістемелік талдануы (сарапталынуы)
Жұмыс жүргізудің мақсаты ұсыныста көрсетілген талаптарға сәйкес өлшеу құралдарын жасаудың орындылығы мен бекіту мүмкіндігі болып табылады.
МӨ (МС) кезінде ұсыныс келесі түрде талданады:

  • келтірілген талаптардың мәндес болуы, ал егер мәндес болмаса оларды анықтау қажет;

  • өлшенетін обьекті параметрінің беқылауға жарамдылық бағасы, егер арнайы өлшеу құралын жасау қажет болса,бекітілген өлшеу құралдары үшін талаптардың қандай шамада және тура екенін келтірілген дәлдік пен талап арқылы параметрлерді өлшеп табу;

  • дәлдікті талап етуді қамтамсыз ететін және бұл шартта өлшеу құралдарын қолданудың шынайы мүмкіндігін қамтамасыз ету нәтижесінде жасалынған өлшеу құралдарымен өлшеу жүргізуді шартта көрсетілген талаптарға сәйкес алдын – ала бағалау;

  • жасалынған өлшеу құралдарымен ұсынылған әдістермен, құралдармен және шарттармен тексеру жүргізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін алдын-ала бағалау.

Егер қандай да бір жағдайға байланысты кері нәтиже алынса,онда МӨ(МС)
жүргізуші маман тапсырыс берушінің және өлшеу құралдарының жасалуын
да анықтау керек.
б) Техникалық тапсырманың (ТТ) метрологиалық талқылануы (сараптамасы)
жұмыс жүргізудің мақсаты өндірісті құралдармен,шарттармен,әдістермен және өлшеу
әдістемесімен және тәжірибелік жұмыстарды қамтамасыз етуді алдын-ала бағалау және
тексеру шарттарымен,құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігі,өлшеу құралдары мен оның
белгіленуіне техникалық талаптар қоюды анықтау болып табылады.
МӨ(МС) кезінде техникалық тапсырмада келесідей анализ жүргізіледі:

  • терминологияның дұрыстығы, шамалардың аталуы мен белгіленуі,сондай-ақ

келтірілген талаптардың бірыңғайлығына көңіл бөлу қажет;

  • метрологиалық сипаттаманың орнықты және жеткіліктілігі;

  • өлшеу құралдарына ұсынылған барлық талаптардың өзара үйлесуі;

  • бекітілген талаптардың нормативті құжаттағы міндетті талаптарға сәйкестігі

(мысалы,стандарттарда);

  • тәжірибелік зерттеу үшін қажетті өлшеу құралдарын жасау немесе мүліктену,

жаңа өлшеу құралдарымен өлшеу әдістерін жасау қажеттігі туындайды;
-көрсетілген шарттардың артықтығы немесе толықтығы өлшеу құралдарымен тексерледі,сақталынады және қолданылады.
в) нормативті құжатта немесе оны алмастыратын өлшеу обьектісінің жұмыстық сызбасындағы метрологиалық талқылау (экспертиза).
Бұл құжатта өзгеріс ендіруге болатын болса МӨ жүргізіледі, ал егер өзгеріс ендірілмеитін болса онда МС жүргізіледі. МС теріс нәтиже берсе, өлшеу құралдарын жасаудың дұрыстығн қаита тексеру қажет.
Жұмыс жүргізу мақсаты, бекітілген талаптарға сай өлшеудің қажетті дәлдікпен жүргізілу мүмкіндігін анықтау өлшеу обьектісінде МӨ (МС) жүргізілгендігі туралы құжатта келесі мәселелер қаралады.
-белгілену мен терминалогияның дұрыстығы,
-форма ауытқуы және орналасуы, кедірбұдырлығы және т.б. талаптардың өлшем дәлдігіне қойылған талаппен өзара үйлесуінің дұрыстығы.
г) Техникалық сызбаны метрологиялық талқылау (экспертиза)
Жұмыс жүргізудегі мақсат таңдалған өлшеу схемасы және жұмысқа қабілеттілік, бекітілген мөлшер мен өлшеу құралдарына қойылған талаптардың жеткілікті болуы.
Техникалық сызбада ӨТ (МС) жүргізу кезінде келесі анализдер жасалады:
-алдыңғы жүргізілген МӨ(МС) жұмыстарының ұсыныстарының орындалуы, терминалогияның дұрыстығы,
-өлшеу схемасының жұмысқа жарамдылығын тексеру,
-өлшенетін параметірлердің рұқсат етілген мәндері және ұрықсат етілген өлшеу ақаулары, жасалатын прибордың шектік ақауы және бекітілген мөлшер ақауларымен баиланысты тексеру:
-бекітілген шамалардың аттестациялау әдістемесінің ақиқаттығы;
-өлшеу құралдарын эксплуатациялау кезінде талап етілген өлшем шарттарын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Егер техникалық сызбаның құрамында «метрологиялық сипаттама» қатысатын болса, онда бұл құжат МС (МӨ) шектелуі мүмкін.
д) Бекітілген шаманың жұмыс сызбасын метрологиалық талқылау (сараптау)
Жұмыс жүргізудегі мақсат өлшеу объектісіне байланысты.Констаталық бағалау,
талап етілген дәлдіктің қажеттігі мен толықтығы және бақылауға жарамдылығын бағалау.
Бекітілген шаманың сызбасы МӨ(МС) келесідей болып талданады:

  • МӨ(МС)жүргізілгенде терминалогиаға қатысты және бірыңғай түсініктеме ұсыныстарының орындалуы;

  • базаның біркелкілік принципінің сақталуы;

  • өлшеу объектісінің параметрімен қаттылық ,масса,материал,(конфигурация) кескін үйлесімі , өлшемі және тағы басқа сәйкестігі;

  • Бекітілген шама параметрінде ақаулардың болуына дәлсіздіктің әсері;

  • Форманың ауытқуы , орналасуының ауытқуы , кедір-бұдырлығы және тағы басқа талаптардың рұқсат етлген өлшем мәндерімен өэара үйлесуі;

  • Жұмыс өлшемдерінің бақылауға жарамдылығы;

  • Талап етілген дәлдік нормаланған параметр шамасының бақылыуға жарамдылығы.

д) Техникалық шарттарды (ТШ) метрологиялық өңдеу (сараптау)
Жұмыс жүргізудегі мақсат метрологялық сипаттамаға ұсынылған дәйекті талаптарды және толымдылығын бекіту бұл талаптарды эксплуатациялық жағдайда қамтамасыз ету мүмкіндігі , өлшеу жүргізу әдістемесінің дұрыстығын, нақтылығын техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Бекітілген шама параметірінде ақаулардың болуына дәлсіздіктің әсері форманың ауытқуы орналасуының ауытқуы, кедір - будырлығы және т.б. талаптардың рұқсат етілген өлшем мәндерімен өз ара үйлесуі;

  • жұмыс өлшемдерінің бақылауға жарамдылығы;

  • талап етілген дәлдік нормаланған параметр шамасының бақылауға жарамдылығы;

Е) Тех никалық шарттарды (ТШ) метрологиялық талқылау (сараптау)
Жұмыс жүргізудегі мақсат мет-қ сипаттамаға ұсынылған дәйекті талаптардың және толымдылығын бекіту бұл талаптарды эксплутациялық жағдайда қамтамасыз ету мүмкіндігі, өлшеу жүргізу әдістемесінің дұрыстығын нақтылығын, тех- а қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Техникалық шарттарда МӨ(МС) кезінде келесідей талдаулар жасалады:

  • Өлшеу құралдарының белгіленуі мен қатар өлшеу диапазонының нормалануына назар аудару қажет, көрсету диапозонына, бөліну бағасына; өлшеу құралдарының ақаулығы және оның төмендеуінің тех-лық сипаттамамен сәйкестігі;

  • өлшеу құралдарының стандартта міндетті талаптарына метрологиялық сипаттаманың сәйкестігі,

  • Эксплуатациялық шарттарға талаптардың толықтығы және дұрыстығы, негізгі әсер етуші шамалар, жиынынбекітудің дұрыстығы (температура, ылғалдылық, вибрация, атмосфералық, қысым және т.б. ), жеткіліктігі және талаптардың дұрыстығы мен осы шамалардың нормадан ауытқуы, өлшеу шартарына қойылған талаптардың толықтығы мен дұрыстығы;

  • қалыпты жағдайда және өлшеу құралыныың функцияналдық элементтердің ауысу жағдайында қойылған дәлдік талаптарының жеткіліктілігі мен дәйектілігі ;

  • ТШ көрсетілген тексеру талаптарының әдістерінің шынайылығымен жеткіліктілігі;

  • Осы әдістеменің экономикалық бағасымен және өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өлшеу құралдарын тексеру әдісінің анықтылығы мен толықтығы;

  • Жұмыс қауіпсіздіғін көрсетудің дұрыстығы.

Ж) сынау әдістемесі немесе методикалық аттестация және бағдарламаларды методикалық талқылау (экспертиза )
Жұмыс жүргізудегі мақсат өлшеу әдістерінің шанайылығы және осы құжаттарды іске асыру мүмкіндігі болып табылады. Сынау әдістемесімен бағдарламаларды МТ (МЭ) кезінде келесідей талдау жүргізіледі:
- техникалық шарттарда берілген барлық сипаттардың тексерілгендерін ендіру нәтижесінде бағдарламаның толықтығы;
- өлшеу құралдарының типтерін бекітуде қойылатын талаптардың құжаттпен сәкестігі ;
- өлшеу құралдарын ТШ арқылы талдау мәліметтерін тексеру
З) эксплуатациялық құжаттарды методикалық талқылау (сараптамасы )
Жұмыс жүргізудегі мақсат өлшеу құралдарын эксплуатациялау жүргізетін бөлімдерінің толықтығы, калиберлеу бойынша мәліметтердің толықтығы және көрсетілген калибрлеу әдістерінің жасалу мүмкіндігі. Эксплуатациялық құжаттарды МТ (МЭ) кезінде келесідей талқылаулар жүргізіледі:

  • өлшеу құралдарына эксплуатация жүргізетін бөлімдерінің толықтығы, өлшеу нәтижелерін дайындау кезінде алгоритмді қолданудың толықтығы және дұрыстығы, құжаттың бұл бөлімі ТШ бөлімімен сәкес келуі тиіс;

  • эксплуатация кезінде өлшеу құралдарын калиберлеу бөлімінің толықтығы, эксплуатация жүргізу кезінде өзгеруі мумкін барлық сипаттамаларды бақылау;

стандартты шама көмегімен және құралдар немесе арнайы өлшеу құралдары мен кешенді түрде байланысқан эталондармен құрылғылар арқылы калибрлеу әдістерінің жасалу мүмкіндігін бекіту.

Бақылау сұрақтары:


Метрологиялық сарапталынатын конструкторлық құжатар
Метрологиялық өңделінетін конструкторлық құжатар
Ұсынысты әдістемелік бақылау
Техникалық тапсырманың (ТТ) метрологиялық бақылау
Жұмыстық сызбасындағы метрологиялық бақылау
Техникалық сызбаны метрологиялық бақылау
Бекітілген шаманың жұмыс сызбасын метрологиялық бақылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет