Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Топырақтың (жердің) меншікті электрлік кедергісі



бет39/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Топырақтың (жердің) меншікті электрлік кедергісі

Топырақтың коррозиялық активтілігі жердің меншікті электрлік кедергі көрсеткішімен сипатталады.


Жердің меншікті электрлік кедергісі деп көлденең қимасының ауданы 1м және ұзындығы 1м (ρ, Ом·м2) шартты топырақтық өткізгіште электр тоғының өтуіне кедергісін түсінеміз.
Жердің меншікті электрлік кедергісі оның ылғалдылығына және жерлік электролиттегі суда ерігіш тұздар құрамына тәуелді. Жердің меншікті электрлік кедергісі кең ширекте өзгере алады (оннан мыңдаған Ом метрге дейін).
Коррозияның қауіптілігі мен топырақтың меншікті электрлік кедергісі арасында тура тәуелділік болады: ρ қаншалықты кіші болса, коррозияның мүмкіндігі соншалықты болады.
6.2 суретте топырақтың меншікті электрлік кедергісінің ылғалдылыққа тәуелділігі көрсетілген.

6.2 сурет - Топырақтың меншікті электрлік кедергісінің (ρ, Ом*м) ылғалдылыққа


(W, % ) тәуелділігі көрсетілген.

Графиктен көріп отырғанымыздай, топырақтың меншікті электрлік кедергісі ылғалдылықтың жерге толық қанығуы жоғарылағанда төмендейді, ал содан кейін өзгермейді.


Сонымен бірге меншікті электрлік кедергіге суда ерігіш тұздардың концентрациясы да әсер етеді (6.3 сурет). Тұздардың аз концентрациясы аймағында олардың тіпті кішігірім өзгерулері нәтижесінде топырақтың электрлік кедергісін өзгеріске ұшыратады.


6.3 сурет - Топырақтың меншікті электрлік кедергісінің (ρ, Ом*м) топырақтық электролиттегі


тұз шоғырлануына тәуелділігі

Суда ерігіш тұздардың кішкене құрамының өзінде топырақтың кедергісі төмендейді.


Сонымен қатар, төмен ρ қатты тұздалған үлкен ылғал құрамы бар топырақтарға тән, ρ үлкен болса – өте құрғақ топырақтар үшін.
Көміртекті болатқа қатынасы бойынша олардың меншікті электрлік кедергісіне байланысты топырақтың коррозиялық белсенділігі.

Коррозиялық белсенділік, Ом*м


төмен.................................100 жоғары


орташа...............................20-дан жоғары 100-ге дейін
асқын.................................10-нан жоғары 20-ға дейін
жоғары.............................. 5-тен жоғары 10-ға дейін
өте асқын.......................... 5 ке дейін.

Металл бетінде пайда болған потенциал айырмаларының табиғатына байланысты барлық коррозиялық элементтер микро- және макрокоррозиялық болып бөлінеді.


Топырақтың омдық кедергісін анықтау үшін түрлі аспаптар мен әдістері қолданылады. Ең кеңінен тараған тәсілі құбырөткізгіштерді орналастыру тереңдіктерінде электродтарды жер бетінен 0,20 м қашықтықта және аралары 2 м түзумен орнатудағы меншікті электрлік кедергіні анықтау мүмкіндігін беретін төрт электродты әдісі.
Меншікті электрлік кедергіні анықтау аспаптары ретінде МС-08 типтік потенциометр қолданылады.
Өлшеулер нәтижелерін графиктер түрінде бейнелейді (6.4-сурет). Мұндай графиктер мысалы 6.4-суретте берілген, мұнда қашықтығы 4 км жол бойының ең агресивті аймағы болып меншікті кедергісі 180 Ом·м 8 аймақ екенін көруге болады. Өлшеулер адымы 50 – 100 м тең етіп қабылданады.

6.4 сурет - Құбырөткізгіш жол бойы топырақтарының меншікті


кедергісінің графигі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет