Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
«Бекітілді»
Кафедра меңгерушісі
_______ аты-жөні
Кафедра мәжілісінде қаралды
2020 ж. « 06 » 05
№ 10 хаттама
Дәріс сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық
Білім топтары
(ББ шифры және атауы)
Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған
«Педагогикалық шеберліктің негіздері» пәні бойынша
1-дәріс. Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Жоспары:
1.Педагогикалық шеберлік жэне мұғалімнің педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде.
2.Педагог мамандыгындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.
3.Педагогикалык шеберлік компоненттері. Мұгалімнің кәсіби білімнің ерекшеліктері.
4.Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру. К. С. Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйенің принциптері.
5. Көрнекті педагогтар шеберлігі. Мұғалімдер дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негізін қалыптастыру.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік "педагогикалық шеберлік" болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде "шеберлік белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және түлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы
өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни накты бір адамның-
педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасытуралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліқтің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары
А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдардарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: "егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар -өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл-материалмен алдын ала не істейтінінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек"дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында "үлгілі мүғалімнің мерилі" ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл "тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы". Бүл женінде ол: "Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім" дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, "дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі- өнер болып табылады". Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек "мында кел"деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет-әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана" дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-қүлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: "идеалдармен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады" дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын он-сыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков(1968) педагогикалық шеберлік – мүғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесу"деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйесі-кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет болып табылады деген тұжырым жасайды.
А.М.Новиков (2000), педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, олпедагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында.Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармең ауыстыруға болмайтынына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А.Н.Новиков (2000) педагогикалық шеберліктің, мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ашып береді, оқушыға өз мақсатынамұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Педагогикалық шеберлік туралы түсініктерді талдай келе төмендегі пікірлерге мән берейік.
А.Б.Орлов (1988) өз мақаласында "шебер" және "жасаушы" деген түсініктердің оптималды қатысын негізге алады, "шебер" -"жасаушының" құлы болады, ал шеберлік - шығармашылық құралы деп жазады (өзек-тендіру)". Бұл дегеніңіз педагог- тиімді әрі іс-тәжірибеде ақталған әдістерді шебер меңгерген, бірақ оларды өзінің жеке кәсіби жаңалықтарымен байытуға ұмтылмайды, өзінің шығармашылық потенциалын іске асыра алмайды. Дегенмен, педагогикалық шеберлікті қажетті және жеткілікті деңгейде игермесе, кез келген маманға өзінің кәсіби саласында шығармашылығын өмірге келтіру қиын болады.
Иллюстративтік және таратылым материалдар
Негізгі әдебиеттер:1-5
Қосымша әдебиеттер:1-8
Достарыңызбен бөлісу: |