Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.12.2017 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орта білім беру ұйымы (атауы, мекен-жайы) ______________________________________ ______________________________________
Орта білім беру ұйымының директоры _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
(орта білім беру ұйымытің мөрі)
"__" _________ 200__жыл
Ескерту: Білім алушылардың қозғалысын есепке алу және бақылау мақсатында білім алушылардың келуін есепке алу кітабы (бұдан әрі – Кітап) барлық орта білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Кітапты іс-қағаздарды жүргізуге жауапты адам толтырады. Кітапқа директордың қолы және білім беру ұйымының мөрі қойылады, беттері нөмірленеді, тігіледі, бекітіледі.
Білім алушылардың кеткені туралы шығару талоны жаңа орта білім беру ұйымына келуі туралы шығару талонды алу мақсатында типіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымына көрсету үшін кәмелетке толмағандарға олардың оқыған жерінен беріледі.
Білім алушылардың келгені туралы есептен шығару талонын кәмелетке толмағандарға типіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оның оқыған жері орта білім беру ұйымына көрсетуі және кетуі туралы есептен шығару талонын көрсеткеннен кейін жеке іс-қағазын алуы үшін оның келген жеріндегі орта білім беру ұйымы береді.
Орта білім беру ұйымының іс-қағазында осы ұйымға шекарасы нақты белгіленген шағын ауданның, шағын аудан картасының бекітілуі туралы аудан, қала, ауыл, ауыл округі әкімі шешімінің көшірмесі болады
Кітап орта білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда электронды түрде толтырылады, оның қағаз нұсқасын толтыру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген