12-кейс
«Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақалалары»
Мақсаты мен міндеттері:
Білім алушылардың Н.Ә.Назарбаевтың мақалалары туралы білімдерін тереңдету;
Қазақстандық патриотизмге, бейбітшілікке, ұлттық келісімге, белсенді азаматтық ұстанымға, көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу;
Білім алушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру және логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: зияткерлік ойын
Сабаққа дейін оқушыларды үш топқа бөлеміз.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
I КЕЗЕҢ (8 МИНУТ)
Мұғалімнің кіріспе сөзінде сабақтың мақсатымен таныстырады. Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуында Н. Ә. Назарбаевтың атқарған рөлі туралы қысқаша анықтама береді.
Ойынның ережесі. 4 бағдарламалық мақаласы бойынша сұрақтар ұсынылады – «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», ҚР халқына жолдауы, «Ұлы даланың жеті қыры». Күрделілігі бойынша тапсырмалар бес деңгейге беріледі (10 балл, 20 балл, 30 балл, 50 балл, 70 балл), барлығы 20 сұрақ. Кестеде санаттар мен ұпайлар көрсетілген. Сұрақ әр командаға кезекпен қойылады. Қатысушылар ұпайларды өздері таңдайды. Оқушыларға сұрақтарды талқылауға 30 секунд беріледі. Әрбір дұрыс жауап үшін команда ұпай алады. Қазылар алқасы ұпайлардың есебін жүргізеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңеді.
IІ КЕЗЕҢ (30 МИН)
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Бүгін бізде ерекше күн. Біз «Өз ойыным» зияткерлік сайысын өткіземіз. Оларды қызықты да, танымды кезеңдер күтіп тұр. Барлық тапсырмаларға дұрыс жауап берген команда жеңеді. Командаларды таныстыру (капитандар ұсынады).
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы команда
Ақпараттық-математикалық бағыттағы команда
Жаратылыстану-экономикалық бағыттағы команда
1 ТУР
Достарыңызбен бөлісу: |