Білім беру мекемелері басшыларына !!! Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Нұр шашқан – Наурыз»



бет2/4
Дата31.01.2018
өлшемі470,06 Kb.
#36660
1   2   3   4


Байланыс телефондары: 90-59-19, 21-10-03 Куатканова М. (менеджер)

Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры


ҚҒӘО директорының орынбасары Тажимишев А. А.
03.03. 2011 жыл

Мектеп басшыларына!
Пригород орта мектебінде 5 наурыз күні сағат 10-да қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Сарманованың «Ұлағаты мол ғұмыр» тақырыбында қалалық шығармашылық кеші өтеді. Соған барлық қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері (қазақ, орыс) шақырылады.

Тіркелу: сағат 9.30. Басталуы 10.00

Бару жолы: Орталық Сауда үйі «Астана», ж/д вокзал аялдамасынан Пригород селосының № 29 автобусы жүреді (20 минут сайын).
Әдіскер А. Тамашева

Д И Р Е К Т О Р А М Ш К О Л !
В связи с проведением марафон-эстафеты «Расцвет села – расцвет Казахстана» КГП «Тазалык» просит директоров школ закончить работу по подготовке документов (РНН и СИК) на каждого школьника (до 8 марта 2011 года). Далее до 15 марта 2011 года следует закончить работу по следующим направлениям:

      1. Принять заявление от одного из родителей дающее согласие на работу ребенка (по приложению №1).

      2. Принять завление от учащихся (по приложению №1).

      3. Собрать копии документов на каждого учащегося (РНН, СИК, уд. личности или свид. о рождении, приписное свидетельство, уд. личности одного из родителей)

      4. Копия медицинской справки планового медосмотра учащихся.

      5. Заполнить трудовой договор с КГП «Тазалык» (на каждого учащегося).

Данные документы должны быть сданы в КГП «Тазалык» до 15 марта 2011 года. В случае невыполнения или несвоевременного выполнения данного требования, КГП «Тазалык» будет обращаться с рапортом к зам. акиму города.

Тажимишев А. А.

3. 03. 2011 ж.

Мектеп басшыларына!
«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасарының 2011 жылғы 22 ақпандағы № 904 хаты негізінде «Балалар көзқарасындағы Қазақстан экологиясы» тақырыбында (бірінші аудандық, қалалық кезең) сайыс өткізуді ұсынады.

Конкурс келесі шығармашылық туындылар бойынша өткізіледі:

мақала, зерттеу жұмыстары, сурет, фото, бейнеклип, бейне фильм, өлең, әңгіме, сәулет жұмыстары, сондай-ақ мектеп оқушыларының қоршаған ортаны қорғау саласында атқарған істері.

Әрбір номинацияға үш санат бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің дипломдары ұсынылады (I,

II, III деңгейлі):

Бастауыш сыныптар (1-4);

Орта сыныптар (5-9);

Жоғары сыныптар (10-11).

Конкурс дипломанттарын іріктеу үшін қызығушылық, танытқан мемлекеттік органдар, эколог-ғалымдар, жоғары оқу орындары ұстаздары және қоғамдық бірлестіктері есебінен комиссия құруды және конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар жұмыстарын «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-на ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін тапсыруларыңыз сұралады.

Ескерту: әр бағыттан үш санат бойынша (бастауыш, орта, жоғары сыныптар) бір жұмыстан тапсырылады.

ҚҒӘО әдіскері: А.Садықова

Шығыс №2-409 14.02.2011 жыл.

Білім бөлімдерінің бастықтарына

Облыстық мектеп-интернат директорларына

Білім басқармасы Білім және ғылым министрлігінің 27.01.2011 жылғы №02-3/76 хатының негізінде оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту барысында сабақ өткзуге бағдар беретін әдістемелік нұсқауды жолдайды. Аталған әдістемелік нұсқау көбейтіліп, орыс және аралас тілді мектептерде қазақ тілін оқытатын барлық мұғалімдер қамтамасыз етілсін. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарын www.nao.kz сайтында орналасқан тілдерді деңгейлеп меңгертудің еуропалық стандарты негізінде әзірленген орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің типтік білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етуді тапсырады.

Жалғанады қосымша: БҒМ хаты және әдістемелік нұсқау.


Басқарма бастығының орынбасары Д. Исмағамбетова

Ж.Исатаева, т. 560461

Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т.,

Даулетбекова Ж.Т., Рахметова Р.С.

Рауандина А.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін деңгейлік меңгерту барысында е-mail, интернет, электрондық пошта т.б. тақырыптар бойынша сабақ өткізуге бағдар беретін


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оқытушылардың қолындағы оқулықтарды, оқулық ішіндегі бар мәтін, тапсырма, жаттығуларды пайдалана отырып, аталмыш тақырыптар бойынша сабақ өткізуге, жұмыс жүргізуге болады. Мұндай сабақ өткізудің үлгісі осы әдістемелік нұсқауда ұсынылды.

Электронды пошта, интернет жүйесі т.б. арқылы өткізілетін сабақтың мақсаты – өмірлік жағдаяттар(ситуациялар) жасау арқылы оқушыларды түрлі құралдарды (ұялы телефон, электонды пошта, интернет жүйесі, компьютер т.б.) пайдалана білуге дағдыландыра отырып, бір-бірімен қашықтан тілдік қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге, пікір алмасуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау
7-сынып
Оқу-еңбек аясы
Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? – 6 сағат.
Тілдік бөлім: Интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы.

Лексика: Интернетке кіру, интернет сайттары, ақпарат табу, қызық мәлімет, қызықты ойындар, хат алмасу, танысу, достармен хабарласу, қазақша сайттар, кодтары, электронды пошта жасау, көшіру, жұмыс үстеліне ауыстыру, көшіріп әкелу, қайта қалпына келтіру, өшіру.

Айтылым.

Жаңа сабақты бастағанда оқушыларды тақырыптың ішіне ендіру мақсатында өтілетін тақырып бойынша «Ой шақыру» тәсілімен сұрақтар беріледі. Сұрақтар жалпы сыныпқа айтылады.

1. Сен интернет қолданасың ба?

2. Интернетті қайда (үйде/сабақта) қолданасың?

3. Сен интернеттен не іздейсің?

4. Интернет оқушы үшін пайдалы ма?

5. Интернетпен жұмыс істесең қанша сағат жұмыс істейсің?

6. Интернетпен жұмыс істеген қымбат па?

7. Интернеттің қандай пайдасы бар?

8. Интернеттің қандай зияны бар?




  • Ұсынылған сұрақтар бойынша топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады. Сұрақтарға жауап беру барысында қиындық туындаса, мұғалім ол сұрақты жеңілдетіп қайта сұрауы керек. Мысалы, «интернет зиянды ма?» сұрағына оқушы жауап бере алмаса, «интернет кітап оқуға кедергі келтіре ме?» немесе «интернетті қолданып кітап оқығын келе ме?» деп, «интернетпен жұмыс істеген қымбат па?» сұрағын «интернет қызметіне айына қанша теңге төлейді?» деп өзгертуге болады.

  • Осы сұрақтарға топпен жауап беру барысында жұмысты түрлендіріп ұсынуға болады: сұрақтар ішіндегі жаңа сөздердің кейбіреуін тақтаға не карточкаға жазып жұмыс істетеді. Мысалы тапсырма түрлері:

1-карточка: Қолдану сөзін жікте. Мен қолданамын. Сен ... . сіз ... . Ол ... .
2-карточка: Қолдану сөзін көпше түрде жікте. Біз қолданамыз. Сендер ... . Сіздер ... . Олар ... .
3-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: Мен интернеттен нан іздеймін. Мен интернеттен ақпарат іздеймін.

Сол секілді зиянды, пайдалы, кедергі сөздерімен өз ойын айтады.



  • Ой шақыру сұрақтарымен жұмыс кем дегенде 7-10 минут уақыт орындалады. Өйткені осы сұрақтағы ақпараттар мәтін ішінде болуы тиіс. Әр мұғалім осы сұрақтарды басшылыққа алып мәтін құрауына болады.



Оқылым. Мәтін.

Менің ата-анам үйге интернет желісін қосты. Ай сайын интернет қызметін төлеп тұрамыз. Интернет қымбат.

Мен интернетті жиі қолданамын. Интернеттің пайдасы көп. Интернеттен өзіме қажет көп ақпарат табамын. Ақпараттарды сабаққа дайындалғанда пайдаланамын. Онда оқушыларға арналған сайттар: Энциклопедиялар, анықтамалар, географиялық карталар, тарихи деректер жинақталған интеллектуалдық сайттар бар. Интернеттен өзімді қызықтыратын кез-келген тақырыпты табамын.

Кейде интернеттен қызықты онлайн-ақпараттарды оқимын, кино көремін. Интернетте көп отырмаймын. Ата-анам рұқсат етпейді. Денсаулыққа зиян келтіреді. Интернетте жұмыс істегенде 40 минут отырамын.
1. Мәтін бойынша тапсырма.

1. Әр оқушыға мәтінді ішінен 1 рет оқу ұсынылады.

2. Осы кезде мұғалім тақтаға оқушылардың мәтінді түсінгендерін тексеретін сөйлемдер жазады. Мысалы: Интернеттің пайдасы көп. Интернет өте зиянды. Оқушы осы сұрақтарға нақты жауап берсе, мәтінді дұрыс түсінгені.

2. Лексикалық не грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар ұсынылады.

1. Мәтіннен интернетке қатысты сөздерді тап.

2. Мәтіннен пайдалы деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

3. Қазақ және орыс тілдеріне ортақ сөздерді тап.


3. Диалогтік сөйлесім. Жазылым.

Мұғалім оқушыларға сұқбаттасу мақсатында 5 сұрақ жаз деп тапсырма береді. Бұл сұрақтар ой шақырудағы сұрақтарға ұқсас болуы керек.



  • Мұғалім әр оқушыны тексереді.

  • Қазақ мәдениеті арқылы сұқбаттасуды үйретеді. Мысалы,

  • Сәлеметсіз бе, апай/ағай, атай/әжей!

  • Сізге 1-2 сұрақ қоюға бола ма?

  • ... .... .

  • Рахмет, ата!


4. Диалогтік сөйлесім. Жұптық жұмыс. Тілдесім.

Қатар отырған оқушыларға сұрақ-жауап әдісі арқылы бір-бірінен «сен интернетті қолданасың ба?», «сен интернетті қайда (үйде, мектепте, интернет клубта) қолданасың?» деген сұрақтар арқылы диалогтық сөйлеуге мумкіндік туады.


5. Рөлдік ойын. Тілдесім.

Қатысушылар: интернет-клуб операторы және оқушы.



Тапсырма. Оқушыға: клубка келіп, әдеп нормасын сақтай отырып, оператордан интернетке 30 минут отыру қанша тұратынын және балаларға арналған қандай сайттар бар екенін сұра. Операторға: оқушыға интернет қызметінің ақысын айт. Оқушыға қандай ақпарат қажет екенін сұра.
Сұрақтар:

1) Интернетке 30 минут отыру қанша теңге тұрады?

2) Балаларға арналған сайт бар ма?

3) Қазақ тілінде қандай сайт бар?
Нәтиже: Жұмысты орындау барысында оқушылардың өздерінің проблемаларын шешуде қазақ тілін пайдалану біліктері қалыптасып, әлеуметтік рөлдерді меңгеру дағдылары дамиды.
6. Жағдаяттық тапсырма. Тілдесім.

Қатысушылар: оқушы және интернет-сервис қызметкері. Олар телефон арқылы байланысады.


Тапсырма.

Оқушыға: Үйіңе интернет қызметін орнату керек. Ауладан «интернет қызметін» қосамын деген хабарландыруды алып кел. Байланыс телефонына қоңырау шалып, қазақ мәдениетіне тән әдеп нормасын сақтай отырып интернет орнату ақысы қанша екенін сұра. Өз үйіңе орнатуын өтін. Қай уақытта келетінін сұрап біл.

Сервис қызметкеріне: интернет орнатудың қанша тұратынын және оқушының үйіне қай уақытта келтініңді айт.

Сұрақтар:

1) Үйге интернет орнату қанша теңге тұрады?

2) Модемның бағасы осы ақшаға кіре ме?

3) Модем қанша тұрады?

4) Маған интернет орнатасыз ба?

5) Қай кезде келесіз?
Нәтиже: Жұмысты орындау барысында оқушылардың өздерінің проблемаларын шешуде қазақ тілінде телефон арқылы сөйлесу біліктері қалыптасып, әлеуметтік рөлдерді меңгеру дағдылары дамиды.


  • Топтағы балалардың бәрі бір-бірімен тілдеседі, пікір алмасады, диалогтік сөйлеуді жүзеге асырады, , рөлдерде ойнайды, жағдаяттық тапсырмаларды орындайды. Ең соңында мұғаліммен сөйлеседі.



7. Монологтік сөйлесім. Жазылым. Әр оқушы өз сұқбаты туралы мұғалімге айтады, үлгермесе, өз сұқбаты туралы жазады. Мұғалім әр оқушымен қатар отырып, жеке-жеке тексереді.
«Интернет. Интернет маған не үшін керек?» тақырыбының келесі сабағында мұғалім айтылым, жазылым әрекеттерімен қатар тыңдалым әрекетіне мән беруі керек. Ол үшін қысқа мәтіндерді тыңдау (интернеттің пайдасы, зияны) ұсынылады. Тыңдалым әрекетінің мақсаты – естіген ақпаратты түсіну.

  • Тыңдаған мәтінмен жұмыс жасалмайды. Мәтінді жазып беру керек. Әңгімені, ақпаратты түсінгенін тексеру үшін дұрыс/бұрыс сөйлемдер не тест тапсырмалары беріледі. Осындай жаттығулар арқылы оқушылардың тыңдап түсіну қабілетін арттыру көзделеді. Міндетті түрде уақыт берілуі тиіс. Мәтінді оқушы жарты минут не 1 минут қана тыңдауы керек.

  • Үй жұмысы дәптерінде (оқулықтың бөлігі) осы бағыттағы жаттығулар берілуі керек. Жұмыс дәптерін оқулық шыққанға дейін мұғалімдердің өздері дайындауларына тура келеді.

1. Үйге тапсырма. Шығармашылыққа бағытталған тапсырма. Үйде/сыныпта интернетке кіріп, қазақ тілінде Қазақстан туралы ақпарат табыңдар.

2. Интернетке кіргенде/жұмыс істегенде қандай терминдердің қызметін көрдің, соларды жазып кел. Сыныпта сол терминдерді қазақ тіліне аударасың. Бұл жұмысқа мұғалім көмектеседі.


Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімінде оқушылар бір-бірімен интернеттегі өздері білетін және қазақ тіліндегі сайттар туралы пікірлеседі.

Әдістемелік нұсқау
8-сынып

Оқу-еңбек аясы
Сабақтың тақырыбы: е-пошта – 20/12 сағат
Тілдік бөлім: Қимыл есімдері. Қимыл-сын үстеулері

Лексика: электронды пошта, ақпарат алу, тез, жылдам жеткізу, бірден жіберу, уақыт үнемдеу, қолайлы, тиімді, е-поштаны тіркеу, тегін ашу, жасырын нөмір, поштамен ақпарат жіберу, хатты алғаны туралы мәлімет алу, пошта арқылы достасу, 10 Мб-дейін ақпарат қабылдау немесе жіберу.

Айтылым. Ой шақыру сұрақтары арқылы тақырыпқа ену:

  1. Е-пошта дегеніміз не?

  2. Сенің е-поштаң бар ма?

  3. Е-поштаның тиімділігі неде?

  4. Е-поштамен сөйлесетін достарың көп пе?

  5. Олардың е-поштасында қандай ақпараттар бар?

  6. Е-поштамен қандай жұмыстар атқаруға болады?

  7. Е-пошта арқылы сыйлықтар жіберуге бола ма?

  8. Е-поштадағы фото суреттерді бағалайсыз ба?

  9. Әр фотаға түсініктеме жаза аласыз ба?

  10. Е-поштадағы өзің туралы сауалнаманы қазақша толтыра аласыз ба?

  11. Е-поштамен хабарласып тұратын достарың қанша?

  12. Е-пошта арқылы сөйлесетін шетелдік достарың бар ма?

  13. Видио хабарламаны қолданасыз ба? Оның тиімділігі неде?

  14. Е-поштаның тарихы туралы не білесіз?

«Миға шабуыл» тәсілімен жоғарыдағы сұрақтарға жауап алу көзделеді.

Мұғалім сұрақтарды жеке оқушыға немесе топқа қоюына болады. Кейбір сұрақтарға жауап беру қиындық тудырса, сұрақты жеңілдетіп қоюға болады.

Мұғалім алдын ала дайындаған үлестірме қағаз арқылы әр түрлі жұмыстар орындатуға болады. Мысалы. Қимыл-сын үстеулерін қатыстырып сөз тіркесін, сөйлем құрату, оларды басқа сөздермен ауыстырып қолдану, дұрыс не бұрыс сөйлемдерді тапқызу.



Оқылым. Мәтін арқылы тақырыпты меңгерту (Үлгі. Мәтінді мұғалім сынып оқушыларының білім деңгейіне байланысты жеңілдетіп не қиындатуына болады).

Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Массачусет технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том Ван Влек CTSS операциялық жүйеге негізделген MAIL бағдарламасын ойлап тапты. Бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютеріне орнатылған болатын. .Ең басында қарапайым ғана қызмет атқаратын бұл бағдарлама қазір үлкен қолданысқа ие болды. Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді.


  1. Мәтін бойынша жұмыс. Оқушылардың мәтінді дұрыс түсінгенін

тексеру үшін мәтінді іштерінен оқу тапсырылады. Мұғалім олардың мәтінді түсінгендерін тексеру үшін тапсырмалар орындатуына болады.




Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1

Электронды пошта тарихы 1975 жылдан басталады.







2

Е-поштаны қолдану тиімді.








3

....









2. Лексикалық не грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар ұсынылады.

  1. Мәтіннен термин сөздерді табыңыз.

  2. Мәтіннен қимыл-сын үстеулерін табыңыз.

  3. Тез сөзінің синонимдік қатарын түзеңіз.

  4. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады сөйлеміндегі тез

сөзінің орынына басқа сөз қойып жазыңыз.


  1. Диалогтік сөйлесім. Жазылым.

    • Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар жазғызу.

    • Топтық жұмыс. Сұрақтарды пайдалана отырып, сұқбат құрау.



  2. Жазылым. Жеке орындалатын жұмыс.

  3. Е-поштаны ашу үшін төмендегі сауалнаманы толтырыңыз:

Аты:

Фамилиясы:

Туған жылы, күні, айы:

Жынысы:

Қаласы:

Е-поштаның аты:

Паролі:

Ұялы телефон №:

Құпия сұрақ:

Жауабы:

Қосымша е-пошта:
5. Диалог. Тілдесім. Жұптық жұмыс.

Қатысушылар: оқушылар.

Тапсырма. Бір-біріңнен е-пошта ашуға көмек сұраңдар. Пошта ашу кезінде орындайтын іс-әрекеттеріңізді рет-ретімен айтыңдар.

Сұрақтар:

  1. Сен е-пошта аша ласың ба?

  2. Маған е-пошта ашуға көмек бересің бе?


Тапсырма: Досыңыз туралы бес сөйлем жазыңыз.

Тапсырма. Туған қалаңыз туралы қысқаша баяндаңыз.


  1. Диалогтік сөйлесім. Рөлдік ойын.

Қатысушылар. Мұғалім және оқушы (мұғалімнің рөлінде оқушы).

Тапсырма. Мұғалімге: Е-пошта арқылы ақпарат хатты жіберуді өтініңіз

Оқушыға: өтінішті қабылдап, қандай ақпарат жіберу керек екендігін сұра.
Сұрақтар:.

  1. Дарын, сен Е-пошта жібере білесің бе?

  2. Маған хат жіберуге көмек берші.


Нәтиже: қазақ мәдениетіне сай үлкен адаммен сөйлесу әдебі

қалыптасады. Оқушылардың өз проблемаларын шешуде бір-бірімен өзара қазақ тілінде сөйлесу дағдысы дамиды.


7.Жағдаяттық тапсырмалар.

  1. Жағдаят. Досыңыз е-пошта ашуды білмейді. Досыңызға Е-пошта

ашуға көмектесіңіз. Қажетті ақпараттарды сұрап, сауалнаманы толтырыңыз.


  1. Жағдаят. Мұғалім Е-пошта арқылы ақпарат хатты жіберуіңізді

өтінді. Қандай әрекеттерді орындайтыныңызды айтып көріңіз.


  1. Жағдаят. Досыңыз е-поштасына өзінің жаңа фото суреттерін

салыпты. Суретті сын есімдерді қатыстыра отырып, сипаттауға тырысыңыз.
4-Жағдаят. Мерекеге қарсы досыңыз е-пошта арқылы сізге сыйлық жіберді. Қалай қуанғаныңызды қимыл-сын үстеулерін пайдалана отырып, айтыңыз.
Е-поштамен істелетін әрекеттерді рөлдік ойындар, топтық немесе жұптық жұмыстар арқылы орындатуға болады.

Тыңдалым әрекетін жүзеге асыру үшін қысқа ақпаратты тыңдатып, қысқаша мәтін жазғызып, е-пошта арқылы қалай жібересіз? деген тәрізді тапсырмаларды орындатуға болады.


Мәдениаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша мерекеге арналған қысқа мәтіндер жазғызып, пошта арқылы жібертуге, қысқа өлеңдерді оқытып, мазмұнын баяндатуға болады.

Қазақ халқының ұлттық этикетіне сай қысқа хат жазғызуға, амандық сұрастыруға жетелеу қажет.

«Алтын сандық» айдары бойынша басқа ұлт өкілдерінің бір-бірімен хабар алмасуындағы ерекшеліктер туралы өздеріне ақпарат жинатуға немесе қазақша мақал-мәтелдер, жұмбақ жинатуға болады. Мысалы: Қашық жердің сәлемін, Тез-ақ алып келемін (телеграмма).Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді (хат).

Оқушылар өздерінің жинаған материалдарын портфолиоға сала береді. Тоқсан соңында әр оқушының жинаған материалдары сарапқа салынады.



Әдістемелік нұсқау
11-сынып
Оқу-еңбек аясы
Сабақтың тақырыбы: Қалта телефоны – 6 сағат.
Тілдік материалдар.

Грамматика: Қазақ тіліндегі калька сөздер.

Фонетика: Неологизмдердің емлесі.

Лексика: байланыс аясы, жаңа толқын, ұялы телефон, халықаралық байланыс желілері, қызмет құны, таралу аясы, өзара қатынас, сөйлесу уақыты, жоғары сапа, үздіксіз жетілдіру, жүйелі даму, қарқынды даму, телефон сымы, тұтқалардың жаңа түрлері, сатып алу/жіберу, айырбастау, жаңаға алмастыру, нөмірін жазып алу, орталыққа хабарласу, тапсырыс түсіру, байланысты жылдамдату, қызметке ақы төлеу, суретке түсіру, дыбысын жазып алу, бейнекамера, бейнетаспаға түсіру, фотокамера, сабақта өшіріп қою, қалта телефонының пайдасы мен зияны, радияциялық кері әсері, денсаулыққа қауіпті, ретсіз мазалау, кездейсоқ қоңыраулар, музыка тыңдаудың шектен тыс әсері.

Айтылым.

Жаңа сабақты бастағанда оқушыларды тақырыптың ішіне ендіру мақсатында өтілетін тақырып бойынша «Ой шақыру»тәсілімен сұрақтар беріледі. Сұрақтар жалпы сыныпқа айтылады.


1. Сен ұялы телефонды пайдаланасың ба?

2. Саған ұялы телефонның қандай пайдасы бар?

3. Ұялы телефонды қай кездері пайдаланасың?

4. Ұялы телефонның қызмет құны қанша?

5.Ұялы телефонға бірлікті қалай саласың?

7. Ұялы телефонның қандай зияны бар?


  • Ұсынылған сұрақтар бойынша топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Сұрақтарға жауап беру барысында қиындық туындаса, мұғалім ол сұрақты жеңілдетіп қайта сұрауы керек. Мысалы, «ұялы телефонның қызмет құны қанша?» сұрағына оқушы жауап бере алмаса, «ұялы телефонмен сөйлесудің 1 минуты қанша теңге?» немесе «1 бірлік қанша теңге?» деп өзгертуге болады.

  • Осы сұрақтарға топпен жауап беру барысында кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар ұсынуға болады: сұрақтар ішіндегі жаңа сөздердің кейбіреуін тақтаға не карточкаға жазып жұмыс істетеді. Ұсынуға болатын тапсырма түрлері:

1-карточка: Берілген сөздерден сөйлем құра: ұялы телефонды, жиі, мен, пайдаланамын; хабарласамын, арқылы, ұялы телефон, достарыммен.
2-карточка: Берілген сөздерден сөйлем құра: сабақ уақытында, пайдаланбаймын, ұялы телефонды; сөндіріп қоямын, сабақ уақытында, ұялы телефонды.
3-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: Саламын ұялы телефонға бірлік. Ұялы телефонға бірлік саламын. Тұрады 500 теңге 500 бірлік. 500 бірлік 500 теңге тұрады.
4-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: 1000 теңге 1000 бірлік тұрады. 1000 бірлік 1000 теңге тұрады.
Каталог: objwl -> 2011
objwl -> Мектеп, балабақша басшыларына! 21. 09. 2015 ж. Қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваның 11
2011 -> Мектеп директорларына!
2011 -> Городской тур «Зерде» пройдет 18 октября 2011 года на базе сш №19. Регистрация 00, начало 30
2011 -> Жыл Мектептердің қоғамдық инспекторларына! Сізден 2011 жылдың қыркүйек айына байланысты келесі формадағы есеп тапсыруыңыз сұралады
2011 -> Бекітемі н қҒӘО директоры Ж. Ж. Мухамбетова 2011 жыл
2011 -> Оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша есеп
2011 -> Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша «Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары
2011 -> Семинаре по государственном закупам гу«Отдел образования города Актобе»
2011 -> 1, 6, 13, 24, 29, 33, 40, 50, 51 мектеп директорларына ! Қазақстан квн одағының ұйымдастыруымен 2010-2011 оқу жылында өткен «Мектеп квн лигасына»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет