Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#4423
  1   2   3
Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Ақымақ қасқыр”

Ма Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстырп, мазмұндай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: өріс,қалың ши,саулық ,жылы-жұмсақ,бағлан,торқа.

Көрнекіліктер:аңдардың суреттері,оыншық түріндегі қой,ешкі,қасқыр.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Жылулық шеңбер: Балалар бір-біріне жылы тілектер айтады.

Өткен сабақты қайталау.

Сұрақтар қойып, өткен материалды қайталап ,еске түсіру.

Дидактикалық ойын: “Төлдерін тап”

Мақсаты:Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы түсініктерін тиянақтау.

Алдарындағы суреттен үй жануарлары мен төлдерін сызық арқылы қосып көрсету.

Дидактикалық ойын: “Қасқырдан құтқар”.

Мақсаты: Тіл байлықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың назарын үстел үстіндегі ойыншықтарға аударады.Әр үй жануарын қасқырдан құтқару үшін ол туралы өлең,жұмбақ,жаылтпаш айту керек.

2.Жаңа тақырып.

-Бүгін біз үй жануарлары мен қасқыр туралы ертегі тыңдаймыз.

“Ақымақ қасқыр” ертегіні оқып беру.(қазақ халық ертегісі)

Өрісте жайылып жүрген көп қойдың ішінен бір арық саулық қой жалғыз бөлініп қала беріпті.Қалың шидің арасынан бір қасқыр шыға келіп:


  • Е,жерік асым,қайдан жүрсің?Іздегенде ,мұндай кездіре

алмас едім,бұйырған дәмге сөз жоқ!Енді сені жеймін,-дейді.

Қой:


  • Жейтін болсаң ажалым жеткен еен.Бірақ,өзің де мал

танығыш едің ғой,қарыны қампиған,бұты тыртыған ,аузында бір тісі,іліп алар еті жоқ,тұла бойы шандыр мені қайтесің.Мені босат,қоралы қойға қайтайын,қозымды саған әкеліп тартайын.Жылы-жұмсақты сен жемегенде ,кім жейді?-дейді.

Жылы-жұмсақ деген сөз қасқырды қызықтырады.Қойды босатып қоя береді.

Қасқыр жұтынып қойдың бағланын күтеді.Қой да ,бағлан да жоқ.Қасқыр түңіледі. “Қой баласы момын ғой,алдауды білмеуші еді.Сірә,оны ешік антұрған азғырған шығар.Барып көрейін”-деп жорта жөнеледі.

Бір белеске шығып,төңірекке қараса,алдында қызылшаны күрт-күрт шайнап,бір ешкі жүр екен.Көп қой да,қойшы да алста екен.Іздегенім сен едің!-деп ,қасқыр ешкіні бас салады. “Жанымды алып қалуға себеп болар ма екен”,-деп ешкіні мынаны айтады:

-Атаң да,анаң да жақсы еді.Қой тұрғанда ,олар ешкіні жемеуші еді.Мен қарпайым ешкі емеспін,тойда билеп,торқа киген ешкімін!-деп судыратады.

-Ешкі билейді дегенді естіген емеспін.Ондай өнерің болса ,көрсте,ддйі қасқыр.

Ешкі:

-Ендеше көз аудармай, аяғыма қара да тұр, мен бір билеп көрсетейін,-дейді де, ешкі олай-бұлай секіре-секіре,жалт беріп, көп қойдың арасына кіріп кетеді.



Сол арада қойшы да келіп,ешкі аман құтылады.

“Өріс”, “қалың ши”, “саулық”, “жылы-жұмсақ” , “бағлан”, “торқа” сөздерінң мағынасын түсіндіру.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қою:

-Ертегіде қандай үй жануарлары иуралы айтылады?

-Арық саулық қасқырдан қалай құтылады?

-Ешкі қасқырдан қалай құтылды?

3.Дидактикалық ойын: “Ол қандай?”

Мақсаты: Қажет сөздерді пайдалаынп,сипаттауға үйрету.

Тәрбиеші ойыншық қойды, ешкіні,қасқырды үстел үстіне қояды.әр бала өз қалауы бойынша бір ойыншықты қолына алып ,сипаттайды.

Ойыншықтарды пайдаланып отырып, ертегі мазмұнын түсіндіру.

4.Сергіту сәті: Қасқыр ойынын ойнату.

5.Рөлдік-сюжеттік ойын:

Мақсаты: Ертегіні саханалауға жаттықтыру.

6. Дидактикалық ойын: “Егер,онда”

Мақсаты: Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Бірінші сөйлемді бастап айту,сосын балалар аяқтау керек.

Мысалы:

-Егер қой қасқырды алдамаса..............



-Егер ешкі қасқырды алдамаса.............

Қиын жағдайға тап болғанда қой мен ешкі сияқты тапқыр болу керек.

7.Қорыту.

Сұрақтар қойып, тақырыпты қортындылау.Балаларды мадақтайды.



Жылы тілектер айтады.

Дидактикалық ойын ойнады.

Ертегіні тыңдайды.

Дидактикалық ойынға қатысады.


Сергіту сәтін жасайды.










Күтілетін нәтиже:

Білу:Ертегі кейіпкерлерін білуі тиіс;

Игеру :Ертегіні рөлге бөлініп сахналауыды игерілуі тиіс;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, мазмұндауды меңгерілуі;


Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Балабақша”

Ма Мақсаты: Тақпақтың мазмұнынымен таныстырп, жаттауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнеккілік: Балабақша мен ауласының,қызмтекерлердің және ойыншықтардың суреттері.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер.

Тәрбиеші балалармен бірге «Бала,бала,баламыз» өлеңін бірігіп айтады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

2.Әңгімелесу

- Балалар, бүгін сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелесеміз.

Біз балабақшада әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық. Тәрбиеші апайымыздын көмегімен ән салап, би билеп, сурет салуға үйрендік. Айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстық . Сондықтан « Балабақша – өз үйіміз»» деп біз айта аламыз.

-Қалай ойлайсыңдар, «Балабақша» деген атау не үшін 

берілген .

  • Балабақшада не үйренесіңдер ?

  • Сендерге балабақша несімен ұнайды ? ( Балалардың жауаптары.)

  • -Балабақшада қандай ойыншықтар бар?

3.Жаңа тақырып.

“Балабақша” өлеңді оқу. /С.Мұхамедиев/

Мысалы: Балдырғанды мәпелер,

Бақшада бар тәтелер.

Қолымыздан жетектеп,

Бізді сонда әкелер.

Өз үйіміз анамыз,

Күнде-күнде барамыз.

Достарменен табысып,

Қуанысып қаламыз.

4.Дидактикалық ойын:Балабақша бізді неге уйретеді ?

Балалар шеңбер бойымен тұрып , бастаушы допты бір балаға лақтырып , <Балабақша бізді неге үйретеді ?> деп сұрақ қояды.

Допты ұстаған бала жауап айтады .

5.Сергіту сәті:

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау .

Біз кішкентай баламыз ,

Өсіп , өніп толамыз .

Күнге қарай талпынып ,

Көпке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз ,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып , бір тұрып ,

Жаттығулар жасаймыз .

6.Тақпақты жаттау. “Мен бастаймын,сеня аяқта”.

Балабақша мені жақсылыққа үйретті .

7.Қорытындылайық

-Балалар , біз балабақшада жақсылыққа , ұйымшылдыққа , сыйластыққа , достыққа , татулыққа үйрендік .

-Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

-Балабақша бөлмелері қалай аталады?

-Аулада тазалық сақтау үшін не істеу керек?

Балаларды мадақтау,бағалау.



Өлең шумағын айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.
Дидактикалық ойынға қатысады.

Сергіту сәтін жасайды.


Тақпақты жаттайды.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегі жайлы білуі;

Игеру: Балабақша туралы тақпақты жататуды игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Күз”

Ма Мақсаты: Тақпақты мәнерлеп жаттауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнеккілік: Күз мезгілінің, көкөністер мен жемістердің суреттері мен муляждары.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Балалар мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болсын,      сабағымыз жақсы өтсін деп тілеймін.          

-Қанекей,ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.

  Жарқырап күнде ашылды,

             Айналаға нұр шашылды.

             Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

             Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз

-Балар көздеріңді жұмыңдар.Жапырақтарды кілемшіге шашып тастау.

-Балалар, кәне көздеріңді ашыңдар.Не көріп тұрсыңдар?

-Ия,дұрыс.Бұл жапырақтар.

-Олардың түсі қандай?

Балалар:сары түсті.


  • Дұрыс, сары түсті жапыырақтар қай кезде түсе бастайды?

Балалар: Күзде түседі.

-Балалар әйнекке қараңдаршы,қазір жылдың қай   мезгілі?  -Ал, балалар мына суретке назар аударайық.

-Суретте не көріп тұрсыңдар?  

-Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

-Күзде қандай өзгерістер болады?

-Жаңбыр жауады,күн суытады,құстар жылы   жаққа ұшып кетеді,жапырақтар түседі.

-Күз мезгілінде нелер піседі?

  -алма, алмұрт, бидай,картоп,қияр т.б.

  -Ал, адамдар қалай киінеді?

2.Жаңа тақырып.Күз өлеңін оқу. /Т.Молдағалиев/

Мысалы: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.

3.Сурет бойынша әңгіме құру.

Мақсаты.Балалардың күз мезгілінің ерекшіліктерін ажыратып, әңгімелеуді үйрету.

4.Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар

                          Алдыңнан самал еседі.

                          Кіп-кішкентай ағаштар

                          Біп-биік болып өседі.

5.Дидактикалық ойын: Көкөністерді ата.

Мақсаты: Көкөніс түрлері жайлы түсініктерін тереңдету.

6.Тақпақты жаттау. “Мен бастаймын,сен аяқта”.

Тәрбиеші:Қыстың жақын қалғанын,

Балалар: Жапырақтар білгендей,-деп тақпақты жалғастырып айтады.

7.Жұмбақтар жасыру.Мысалы:

Жаздай жергетығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

 Құйрығынан суырып,

 Әкелді атам бір күні    «Сәбіз»

 

 Жесең ащы,



 Көзіңнен шығарар жасты. «Пияз»

8.Қорытындылау.

-Балалар,бүгін сабақта біз не жаттадық?

-Не жайлы әңгімелістік?

-Күзде қандай ауа-райы болады?

-Күзде жапырақтар қандай түске боялады?

Бағалау, мадақтау.


Өлең жолдарын айтады.


Сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.

Әңгіме құрайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Жұмбақты шешеді.









Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала жемістер мен көкөністерді білуі тиіс;

Игеру :Тақпақты жаттау тәсілін игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: «Төлдерді тап»

Мақсаты: Әр малдың төлдерімен таныстырып, оларды жаттап алуға баулу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,ой-қозғау, сұрақ-жауап, ойын,

Көрнекілік: үй жануарларының суреті, төлдер суреті,жайлау көрінісі

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

жағымды

жағымсыз

I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия



1.Шаттық шеңбер жасау.

Мысалы: Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

2. Балалармен әңгімелесу.

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

3.Үнтаспаны қосу.

-Балалар,бұл ненің дыбысы естіледі?

-Қандай жануарлардың дыбысын естідіңдер?

-жылқы,сиыр,қой,дейді балалар.

-Олар бізде қандай жануарлар: үй жануарлары ма,әлде жабайы жануарлар?

4. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар ,бүгін біз тіл дамыту сабағында үй жануарлар жайында әңгімелесеміз.

-Үй жануарлардың ішінен біз төрт түлік малға ерекше тоқталамыз.

-Төрт түлік мал дегеніміз, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

-Суретпен жұмыс жасау.Жануарларды атау.

-Жылқы,сыр,қой,ешкі,ит,мысық.

-Төлдерін атау.

-Жылқының баласын-құлыншақ дейміз,

-Сиырдың баласын-бұзау дейміз.

-Қойдың баласын-қозы дейміз.

-Ешкінің баласын –лақ дейміз.

-Иттің баласын-күшік дейміз.

-Мысықтың баласын-мысықпай дейміз.

5. а).Дидактикалық ойын: Үй жануарларды тауып,қоршап сыз.

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары жайында түсініктерін кеңейту.

б).Дидактикалық ойын: Үй жануарлардың төлдерін тауып,қос.Мақсаты:үй жануарлардың төлдерін бір-бірінен ажырата алуды үйрету.

6.Сергіту сәті: Ал,балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созамыз.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазамыз.

Отырамыз,тұрамыз

Бір тынығып аламыз.

7.Жұмбақтар шешу.

Мысалы: а)Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.( Қой).

б) Екі айнасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр).

в)Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып кеткен. (Жылқы).

8.Дидактикалық ойын: Жануарлардың суретін құрастырып жинау.

Мақсаты: Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

9. Төрт түлік малдың пайдасы жайлы әңгімелеу.

-Балалар,осы төрт түлік мал -Халқымыздың байлығы да берекесі де осы малдар боп саналады. Адамға пайдасы өте көп.Балалар осы малдар адамға не береді?

-балалар: сүт,ет,жүн береді.

-Түйенің сүтінен не жасайды?

-балалар: шұбат.

-Жылқының сүтінен не жасайды?

Балалар: қымыз.

-Сиыр,қойдың,ешкінің сүтінен не жасайды?

Балалаар: май, құрт, айран,ірімшік.

-Қойдың,ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?

Балалар: жіп,киім тоқиды,көрпе жасайды.

-Дұрыс айтасыңдар,адамдар да оларға көп қамқорлық жасайды. Оларды бағады, шөп,жем,су береді,көптеген күтім жасайды.Үй жануарлар өздері күн көре алмайды.

10.Төрт түлік мал туралы мақал мәтел айту.

а) Ат-адамның қанаты.

б) Сиырдың сүті тілінде.

в)Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.

11.Қорытындылау. Балалар,бүгін бізде қандай сабақ болды? Сабақта не жайында әңгімелстік Балаларды бағалау,мадақтау.



Өлең шумағын қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді

Үнтаспаны тыңдайды,ненің

дыбысы екенін айтады.

Жаңа тақырыппен танысады.

Төлдерді атайды.
Дидақтикалық ойынға қатысады.
Сергіту сәтін жасайды
Жұмбақтың шешемін табады.

Жануардың бейнесін құрастырып жинайды.

Төрт түлік малдың пайдасы туралы әңгімелейді.

Мақал-мәтелдерді қайталайды.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала үй жануарларды танып білуі тиіс;

Игеру: Төрт түлік малдың төлдерін бір-бірінен ажыратып, атауларын атап игерілуі тиіс;

Меңгеру: Бала төрт түлік малдың пайдасысын меңгерілуі тиіс;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен қасқыр »

Мақсаты: Әр малдың төлдерімен таныстырп, оларды жаттап алуға баулу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,ой-қозғау, сұрақ-жауап, ойын,

Көрнекілік: үй жануарларының суреті, төлдер суреті,жайлау көрінісі

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

жағымды

жағымсыз

I.Мотивация

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер жасау.

Мысалы:


Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Жаңа тақырып хабарлау.

Ертегіні оқып беру.Түлкі мен қасқыр.

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты:

— Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, — дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: — Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! — дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.

Сұрақтар қою:

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қаңдай аңдар дос болды?

-Неліктен қасқыр мен түлкінің араларын ашылды?

-Қасқыр түлкіге не деді?

-Түлкі қасқырға не деп айтты?

3.Дидактикалық ойын: Жабайы аңдарды ата.

Мақсаты: Балаларды жабайы аңдарды ажыратуға үйрету.

4.Сергіту сәті:

Ал,балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары-төмен қарасақ,

Қолымызды созамыз.

Жел сияқты қалықтап,

Белімізді жазамыз.

Отырамыз,тұрамыз

Бір тынығып аламыз

5. Ертегіні мазмұндау. Балалар ертегінің мазмұнын әңгімелейді.

6.Дидактикалық ойын: Қай ертегінің кейіпкері екені тап.

Мақсаты: Балалардың ертегілерді еске түсіру қабілеттерін арттыру.

7.Қорытындылау.Балалар, бүгін сабқата қай ертегімен таныстық? Ертегі кейіпкерлерін атаңдар?-Түлкі мен қасқырдың арасында қандай жағадай болды?

Балаларды Бағалау,мадақтау.


Өлең жолын айтады.

Ертегіні тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Дидактикалық ойын ойнайды.


Сергіту сәтін жасайды.

Ертегіні мазмұндайды.

Дидактиалық ойынға қатысады.







Күтілетін нәтиже: Білу: Жабайы аңдарды танып білуі ;

Игеру: Ертегі кейіпкерлерін атап игерілуі ;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі ;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Әжем”

Ма Мақсаты: Тақпақты мәнерлеп жаттауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнеккілік: Отбасы мүшелерінің суреттері:ата,әже,ана,ата,аға,қарындасы.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер:Санамақ айту.

Мысалы:Бас бармақ-атам үйдің данасы.

Балаң үйрек-әжем ошақ анасы,

Ортан терек-әкем отау панасы,

Шылдыр шүмек-анам шаңырақ ажары,

Кішкентай бөбек –мен бала екеуміз

отбасылық базары.

2.Балалар,бұл санамақ кім туралы айтылды?

-Отбасы деген не?

-Отбасы мүшелері деп кімдерді айтамыз?

-Ия,дұрыс.

3.Жаңа тақырып.Әжем тақпақты оқу.С.Оспанов.

Мысалы: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені,өйткені

Өте жақсы көреді.

Өскенде мен ал,енді,

Аралаймын әлемді,

Сыйлық әкеп әжеме,

Таңғалдырам бар елді,

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді.

3.Сергіту сәті:

Жан-жағына қарады

Қабағын бір түйді де

Шашын жөндеп тарады.

Сағаттың тіліндей оңға бір.

4.Сурет бойынша әңгіме құру.

Мақсаты: Балалардың әңгіме құру дағдыларын жаттықтыру.

5.Тақпақты жаттау. “Мен бастаймын,сен аяқта”.

6.Қорытындылау.Балалар,бүгін сабақта біз қандай тақпақ жаттадық?

-Сендерде әже бар ма?

-Әжеге қандай құрмет көрсету керек?

Балаларды бағалау,мадақтау.





Санамақты айтады.

Сұраққа жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Әжені сыйлай білуі;

Игеру : Үлкендерге деген сүйіспеншілік сезімін игерілуі;

Меңгеру: Тақпақтың мазмұнын меңгерілуі;

Күні _____



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет