Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Білім көздері: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы



Дата11.01.2017
өлшемі47,75 Kb.
#6743
Күні: 22.12.2015ж
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Білім көздері: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

Мақсаты: 
1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру. 
2. Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.

3. Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.

Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір — біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту.
Көрнекілік:Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері.
Пәнаралық қатынас: математика, музыка, тіл дамыту, сурет, балалар көркем әдебиеті.


ҰОІӘнің кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Сезімді ояту.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң балалар.

Қайырлы таң қонақтар.


Балалар бір-біріне және қонаоқтарға сәлем береді.

Ұйымдас

тыру кезеңі



Тәрбиеші өлең оқиды.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Қыс айларын білесіңдер ме?


Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Ауа райы қандай болады?
¬Қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады?
Қар қандай болады?
Слайд шоу
Қыс мезгіліндегі суреттерді көрсету.
Балалар мына суреттерде қандай мезгіл бейнеленген?
Қысқы орман суреті,шанамен сырғанап жатқан балалар,коньки теуіп жүрген балалар, қар күреп жатқан адамдар суреттерін көрсету.
Ал, енді мына суретке қарайықшы, қыс мезгіліндегі қызықты ойындар көрінісі бейнеленген. Осыған қарап сөйлемдер құрастырайық.
Жарайсыңдар, балалар!

Қыста қандай мерекелер бар?


Қыс туралы өлеңдер білеміз бе ,қане кім айтады?

-Иә балалар қыс айларында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні және жаңа жыл мерекесі бар.


Слайдтан суреттер көрсету, қыс пен жаз мезгілін салыстырады.
Балалар суреттен жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?
Ал мынау қай мезгіл?
Осы екі жыл мезгілін салыстырып көрейікші
Жарайсыңдар балалар!
ІІ. Қане бәріміз жұмбақ шешеміз бе? Осы жұмбақтарды шешу арқылы, белгілі бір суретті құрастырамыз.
1. Тікен- тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (Шырша)
2. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.(Аққала).

Қане балалар бұл ненің суреті?

Топтық жұмыс: «Аққала» тобы ағаштың бұтағына қардың суретін салады. «Шырша» тобы шыршаны безендіреді. Шыршаға ойыншықтарды іліп, сыйлықтарды орналастырады.

Сергіту сәті
Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп, денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз,

Шаңғыны да тебеміз.

Әрлі-берлі жол салып,

Қар лақтырып ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан,

Спортшы болмай қоймаймыз.

- Дидактикалық ойын.«Артығын тап» ойыны:
Тақтаға ілінген суреттердің ішінен артық суретті алып қалған суреттерді атайды. «Дыбысын ажырат» балаларға табиғаттың әр түрлі дыбыстары беріледі. Балалр оны тыңдап ненің дыбысы екенін ажыратады.


Балалар тәрбиешінің тақпағын тыңдап, сұраққа жауап береді.

Жауабы. Қыс.

Үш ай болады. Желтоқсан , қаңтар, ақпан.

Қар жауады. Жер беті аппақ болады.

Сұрақтарға жауап береді. Қыс мегіліндегі ойындар жайлы айтады. Сөйлем құрайды.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі.

16-желтоқсан әнін айтады.


Жаз бен қыс суретін салыстырады.

Жұмбақты шешіп, тақтаға ілінген суреттерді дұрыстап орналастырады.

Суреттерді атайды.


Артық суретті табады.

Сергіту сәтін қимылмен жасайды.


Қорытын

дылау


Балалар, біз қай жыл мезгілі туралы айттық?
Қыста ауа райы қандай болады?
¬ Адамдар қалай киінеді?
¬ қандай мейрамдар бар?
Қыста қандай ойындар ойналады?

Балаларды мақтап, мадақтап, сабақты аяқтаймын.



Балалар сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.

Білуі тиіс: жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қыстағы ойналатын ойындардың пайдасы жайлы біледі.

Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсінеді.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құрай білу.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет