Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Үш жолдас» (әңгіме). Мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі357,31 Kb.
#6054
Оқу іс әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы Мерзімі: Топ : «Балдырған» Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Үш жолдас» (әңгіме). Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. Достық қатынасты бағалай білуге баулу. Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.

Билингвалдық компоненті: үш-три, жолдас-друзя.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы-

Достығымыз жарасқан.

Бір-біріне қуаныш сыйлайды.



Ұйымдастыру іздестіру

Кіріспе әңгіме:(суретпен жұмыс)

-Балалар,суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Кәне,осы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

-Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Достық дегеніміз-екі адамның арасындағы сыйластық. Ендеше, балалар, бір-біріңе адал,қамқор,тату дос болуларың керек.

Қазіргі оқылатын әңгіме: «Үш жолдас» деп аталады.

Хрестоматиядан «Үш жолдас» әңгімесін оқу.Әңгіме желісін,мазмұнын айту.

Балалардың жауабы.


Достар тату болу керек.

Тыңдайды.








Сергіту сәті:

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін, жақсысын

Досымызға сыйлайық.
Сұрақ –жауап.

-Әңгіме не жайында болды?

-Шынайы дос қандай болу керек?

«Достық» туралы мақал-мәтелдер айту.


Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.



Өлең мазмұнына сай қыймылдар жасайды.

Дос туралы

Адал, шыншыл.

Балалар педагогпен бірге қайталайды.


Рефлексиялық түзетушілік

«Менің досым» ойынымен аяқтау.

Допты лақтырып, қағып алған балаға педагог досының атын,білетін болса, достық туралы мақал-мәтел айтқызады.


Ойын ойналады.





Күтілетін нәтиже: Біледі: шығарманың мазмұнын.

Игереді: достық қатынасты бағалай білуді.

Меңгереді: адал дос болуды, досты сыйлауды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет