Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет14/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді борлып жүрейік.
Негізгі кезең
– Кәне, балалар, енді біз өткен дыбыстарды еске түсіріп, қайталайық.
– Бұлардың бәрі де – дыбыстар.
– Мен қазір бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабының бірінші дыбысы бүгінгі танысатын жаңа дыбыс.
Жұмбақ:
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
– Дұрыс айтасыңдар. Он саусақ сөзінде ең бірінші «О» дыбысы тұр. Кәне, бірге «О» деп қайталайық.
«О» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: «О» дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп, тілдің ұшы астыңғы тістен алыстап, арт жағы көтеріледі.
– «О» – дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз
– Енді «О» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.
– Енді осы сөздерді буынға бөліңдер, неше буыннан құралған екен.
– Енді өздерің айтқан «орақ», «орындық» сөздерін қатыстырып, сөйлем құраңдар.
– Міне, балалар, ұзақ және қысқа сөздерді қатыстырып бір сөйлем құрап тұрсыңдар.
– Екеуі де қандай дыбыстан басталады екен?
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
М.Әлімбаев
– Балалар, сендер өздерің айтқан сөздерді буынға бөле аласыңдар. Дыбыс буыннан, буын сөзден тұрады. Мен бір сөз айтсам, сендер жалғастыра аласыңдар.
Мысалы: сау-..., қол-... т.б. сөздер.
Билингвалды компоненттерді қайталатады .
– Дауысты бір дыбыс жеке бір буынды құрайды. Дауысты дыбыстар айтылғанда кеудемізден еш кедергісіз еркін шығады. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз.. Осы дауысты дыбыстардың бәрі де жеке бір буынды құрайды.
Мысалы, «о-рақ» сөзін буынға бөліп дыбыстық талдау жасайық.
– «Орақ» сөзі неше буыннан тұрады?
– Бұл сөзде неше дыбыс бар?
Қалған сөздерге педагогтің көмегімен дыбыстық талдау жасау.
«Телефон» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: Балалар, бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы айтылған сөзді басқа балаға жеткізеді. Егер соңындағы бала, сөзді шатастырып алса, «айыбын» төлейді.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №13 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет