Дидактикалық ойын:
«Сөз айт, тез айт»
Жұмыс дәптердегі № 4 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Оқу қызметі ұнады ма?
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: сөздердің ұзын,қысқалығын ажырата білу.
көрнекі – құралдар:Әріп қималары,жұмыс дәптері.
Билингвальды компонент: ұзын-длинный,қысқа-короткий,ана-мама.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын,түсіндірме.
Д/О: «Сөз айт,тез айт»
5+
Алматы кітап
Қазан
1
|
Менің отбасым
|
Сөздер мен дыбыстар
|
Сөздің дыбыстан құралатыны,дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру,«т» дыбысымен және әрпімен таныстыру,ойларын дамыту, ұқып- тылыққа тәрбиелеу.
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, есікті қағады. Қоңырауды сылдырлатады, қағазды умаждап, не естігендерін сұрайды.
Негізгі кезең
Сөздік жұмысын жүргізу.
Қоңырау – темірден жасалған, үн шығаратын құрал.
– Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер.
– Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?
– Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: «А-а» десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады.
«Әліпби сыры» өлеңін мәнерлеп оқып береді:
Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші?
«А» деген ол –
Аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол –
Әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол –
Балалар ғой әдемі,
Біздің елде
Үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей,
Сондықтан да расында,
Тұрады олар
Әліпбидің басында!
Педагог балаларға өлең мазмұнын түсіндіреді.
Өлеңді қайталатып айтқызу арқылы, жаттап алуды ұсынады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |