Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет7/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Дидактикалық ойын: «Күн мен түнді» ажырат.
Қорытынды:
Балалар, бүгін қандай дидактикалық ойын түрлерін өттік?
– Ойын сендерге ұнады ма?
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «т» дыбысынан басталатын сөздер айту.
Билингвальды компонент: тоқылдақ – кукушка, түймедағы – ромашка.
Көрнекі – құралдар: жұмыс дәптері,көркем суреттер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, сурет арқылы түсіндірме.
Дидактикалық ойын: «Күн мен түн»
5+
Алматы кітап



3

Үйде және көшедегі қауіпсіздік

«Н» дыбысымен және әріпімен таныстыру

«н»дыбысын дұрыс дыбыстату,«н»әрпімен таныстыру,буындарды оқу дағдысын дамы- ту,балаларды мейірімділікке,имандылыққа тәрбиелеу.

1

Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балалардың назарын өзіне аударады.
– Қолымызды иектің астына қойып сөздер айтайық, қолымыз төмен қарай неше рет түссе, сонша буынға бөлінгені. Мысалы: А-та, а-па, ә-теш, тек-ше-лер, ше-міш-ке.
Балалар, сендер қолдарыңды иектің астына қойып сөздер айтып, буын санын анықтадыңдар.
Негізгі бөлім
Енді тақтадағы
суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар? (Нан).
– Ендеше «нан» деп бірнеше рет қайталайық.
– Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?
– Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз – «Н».
Нанның пайдасы айтылып, «обал», «сауап» сөздеріне түсінік беріледі.
Тыйым сөздер:
Нанды бір қолмен үзбе! Нан уағын тастама!
Жұмбақ шешу:
Өзі үлкен жануар,
Үстінде бір тауы бар.
Шешуі: нар.
Сергіту сәті:
Нан уағын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
«А-на», «нан» сөздерін салыстыра айтқызу арқылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің буынға бөлінбейтінін түсіндіреді.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 7 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын, нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен. Осыны өздеріңнің іні-қарындастарыңа да үйретулерің керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет